«Самұрық-Энерго» АҚ ISО 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келуін растады

«Самұрық-Энерго» АҚ Сертификатталған сыртқы аудитінің қорытындылары бойынша Корпоративтік менеджмент жүйесінің (КМЖ) ISО 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келуін растады

«Самұрық-Энерго» АҚ Сертификатталған сыртқы аудитінің қорытындылары бойынша Корпоративтік менеджмент жүйесінің (КМЖ) ISО 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келуін растады

Аудитті TUV Rheinland Precisely Right тәуелсіз сертификатталған орган жүргізді, оның қызмет аясы энергетикалық активтердің корпоративтік басқарылуын сертификаттау болып табылады.

Аудит нәтижелері:

Қоғам өзінің саясаты мен мақсаттарын іске асыру бойынша тиімді жүйе құрды және оны қолдайды. Аудиторлық топ аудит тапсырмаларына сәйкес, Қоғамның менеджмент жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкес келетінін, тиісті түрде қолдайтынын және іске асыратынын растады.

Аудитор Қоғамның Корпоративтік менеджмент жүйесінің ISO 9001:2008-ден ISO 9001:2015-ке сәйкестікке көшу негізінде жаңа сертификаттың берілуін растады.

Аудит нәижелері туралы есепте 2015 жылғы кезең үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметі туралы оң қорытындылары есебінде: «Бірінші Жел Электр Станциясы» ЖШС жел электр станциясын іске қосу, өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерінің азаюы, меритократия қағидатын ендіру және іске асырылған тәуекелдерді есепке алу жүйесін автоматтандыру бар.

Жақсарту үшін аудитор берген ұсыныстар және анықталған мүмкіндіктер менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіруге ықпал етуіне арналған.

ISO 9001 – халықаралық стандарт, оның мақсатты қағидалар жиынтығын белгілеу болып табылады, оларды жеткізуші ұйым Сізге:

  • Сіздің талаптарыңыз бен үміттеріңізге жауап беретін;
  • заңнамалық талаптарға сәйкес келетін өнімді немесе қызметті ұсынады деген сенімді береді.

ISO 9001 талаптары жоғары басшылықтың сапаға ұстанымын, сапаны жоспарлауын, ресурстармен қамтамасыз етуді, персоналды оқыту мен даярлауды, өндіріс пен қызметтерді ұсыну үдерістерін басқаруды, тұтынушылардың қанағаттану деңгейін зерттеуді, түзету шараларын жүргізуді, үнемі жетілдіруді және басқаларды енгізетін кең ауқымды мәселелерді қамтиды.

2016.12.02
2016.12.13

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng