Қыркүйектің аяғында «Шардара СЭС» АҚ энергия өндіруші және энергия таратушы ұйымдардың 2016-2017 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы паспортты алды. Электр энергиясын 9 ай ішіндегі нақты өндіру 258 млн кВтс. құрады, ол белгіленген жоспардан 22 %-ға көп.
Қазіргі кезде №4 гидроагрегат 18 МВт жүктемемен жұмыс істеп тұр. ГЭС СЭС жүктемесінің режимі ҚР АШМ Су ресурстары комитеті реттейтін су босату мөлшеріне байланысты.
«Шардара СЭС» АҚ негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес:
«Шардара СЭС» АҚ–да Технологиялық жабдықтарды жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда, бұл станцияның белгіленген қуатын 26%-ға ұлғайтып,пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігін арттырады. СЭС-ті жаңғырту барлық 4 гидроагрегатты кезең-кезеңмен ауыстыру арқылы электр энергиясын үзіліссіз өндіру арқылы жүзеге асырылуда.
«Шардара СЭС» АҚ Басқарма төрағасы Бақытбек Жаңабаев:
- Біздің жобамыздың Қазақстанның энергия тапшы өңірлерін электр энергиясымен қамтамасыз етудегі маңызы зор. Жаңа технологиялардың арқасында біз су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырамыз»деп атап өтті.
Жобаның бас мердігері – Австрияның турбиналар мен гидроагрегаттар шығару бойынша жарты ғасырдан астам тарихы бар «Andritz Hydro» компаниясы.
Жобаны іске асырудың тиімділігі:
• Шардара СЭС қуатын 100 мВт - дан 126 мВт – ға дейін ұлғайту;
• Жылына қосымша 57 млн. кВтс. электр энергиясын өндіру;
• Станцияның апатты жағдайда тоқтап қалу қаупін азайту;
Күтілетін нәтиже
Станцияның қызмет ету мерзімін ұлғайту, ол 35-40 жылды құрайды;
Белгіленген қуатты 126%-ға дейін ұлғайту;
Энергия тиімділігін 7%-ға арттыру.
«Шардара СЭС»-ті жаңғырту жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 2015-2019 жылдарға арналған №1418 қаулысымен бекітілген Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген. «Шардара СЭС» АҚ жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
«Шардара СЭС» АҚ 1967 жылдың 10 қазанда пайдалануға берілді. Белгіленген қуаты – 100 МВт; агрегаттардың саны – 4 дана; электр энергиясын орташа жылдық өндіруі – 377 млн. кВт. Нарын-Сырдария каскадының құрамында Шардара СЭС-і маңызды су шаруашылық мақсатты жүзеге асырады, ол – суландыру, энергетика, судың жайылуымен күресу. Станцияның орналасқан жері – Сырдария өзенінің орта ағысында.
Шардара СЭС-і жұмыс жасап келе жатқан жылдар ішінде су тасқыны кезінде 1969 жылы электр энергиясын өндіру көлемі шарықтау шегіне жетті – 648,1 млн. кВт/сағ. Бұл рекордтық көрсеткішті 2010 жылғы көрсеткіш алмастырды – Шардара СЭС-і ескі жабдықпен 670,5 млн. кВт/сағ.электр энергиясын өндірді.
***********
Жобаның құны: ҚҚС-ны қоса алғанда 35,5 млрд. теңге. Іске асрыу мерзімі: 2009 - 2017 жылдар. Жұмыстарды аяқтау мерзімі - 2017 жылғы желтоқсан айы. Қаржыландыру сызбасы: меншікті қаражат – 52% және Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) жасалған 2012 жылғы 24 тамыздағы Кредиттік келісім бойынша қарыз қаражаты (48%). Жалғыз акционер - «Самұрық-Энерго» АҚ ЕҚДБ алдында Кредиттік келісім бойынша міндеттердің орындалуының Кепілгері болып табылады.
ЕРС-мердігерді таңдау бойынша халықаралық екі сатылы тендер нәтижелері бойынша, 2013 жылғы желтоқсанда Andritz Hydro-мен ЕРС-келісімшарт жасалды.
Ағымдағы жағдай
ЕРС-мердігер су электр станцияларына жиынтық электр механикалық жүйелер мен қызметтер ұсынушы («Судан ЭЖЖ-ге) халықаралық өнім беруші болып табылады.Компания әлемдік нарықта су энергетикалық объектілер үшін жетекші өнім беруші болып саналады. Бұған қоса, компания жаңа су электр станцияларын салады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған станцияларды қайта құру мен жаңғырту бойынша қызмет көрсетеді. Компания 170жылдан астам уақыт турбина шығарумен айналысып келеді, 30 000-нан астам турбина (400 000 МВт) орнатып; 120 жылдан аса электр станцияларын салумен айналысады, қуаты 800 МВт-ға дейін және одан жоғары жабдықтардың барлық түрлерін жеткізеді.