Шардара СЭС: жоспар ерте орындалды Все права защищены. При использовании материалов sknews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт sknews.kz обязательна. При использовании материалов sknews.kz: - в печатных изданиях или в иных формах на

"Шардара СЭС" АҚ 2019 жылдың басынан бері жоспарланған 301 900 мың кВт сағаттың орнына 403 655 мың кВт сағаттан астам электр энергиясын өндірді. Осылайша су электр станциясы электр энергиясын генерациялаудың жылдық тапсырмасын мерзімінен бұрын орындады.  

Мамандардың сөзінше, қуаты аз, ескірген генераторлардың орнына СЭС-ті жаңғырту бағдарламасы аясында 2019 жылдың бірінші жартысында әрқайсысының қуаты 31,5 МВт болатын екі жаңа су агрегатының (ГА-1 (2019 жылғы 25 ақпанда) және ГА-2 (2019 жылғы 28 сәуірде) пайдалануға берілуі генерациялау жоспарын асыра орындауға мүмкіндік берді деп хабарлайды "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметі. 

"Жаңа екі гидроагрегаттың пайдалануға тапсырылуымен қатар, СЭС-тің жоспарды орындауына себеп болған басты факторлардың қатарында – станцияның негізгі және қосалқы жабдығының апатсыз жұмыс істеуі, сондай-ақ Сырдария өзенінде су көлемінің жеткілікті болуы. 2020 жылы біз Шардара СЭС-ін техникалық жаңғыртуды аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұдан кейін оның қуаты артып, Түркістан облысындағы электр энергиясын сенімді жеткізіп беруші болып қала береді", - дейді "Самұрық-Энерго" АҚ департаментінің директоры Бағлан Исенов.

2020 жылдың бірінші жартысында тағы екі гидроагрегатты құрастыру жоспарланған, осылайша Шардара СЭС-інде жаңғырту бағдарламасы аяқталады. Жобаның жалпы құны 38 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-ке меншікті қаражат есебінен, 68%-ке несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері – австриялық-германиялық "Andritz Hydro GmbX" компаниясы.

Жаңғырту аяқталғаннан кейін, Шардара СЭС-інің қуаты 126 МВт-қа дейін артады. Жаңа жабдық су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұлғайтып, СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырады және апаттылық деңгейін төмендетеді. "Самұрық-Энерго" АҚ сарапшыларының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.

Все права защищены.

При использовании материалов sknews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт sknews.kz обязательна.

При использовании материалов sknews.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.sknews.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта sknews.kz «www.sknews.kz».

2019.11.08
2019.11.08

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng