«Самұрық-Энерго» АҚ 4 ірі активін сатылымға шығарды

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы бірдей 4 ірі компаниянын акциясын сатылымға шығарды

«Самұрық-Энерго» АҚ 4 ірі активін сатылымға шығарды

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы бірдей 4 ірі компаниянын акциясын сатылымға шығарды.Олардың іш

інде еліміздің әр өңіріндегі электржелілік, энергетикалық және геологиялық барлау, минералды ресурстарды өндіру және өңдеу компаниялары бар. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының басқарушы директоры мәлімдеді.

«Шығыс Қазақстан өӊірлік энергетикалық компаниясы», «Ақтөбе ТЭЦ», «Маӊғыстау таратушы электр-желілік компаниясы» мен «Тегіс Мұнай» ЖШС бәсекеге қабілетті ортаға берілмек. Тәуелсіз бағалау бойынша 4 компания акциясының бастапқы құны шамамен 40 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры:

Қазіргі таңда 4 актив бойынша сатылым болатыны хабарланды. Нәтижесінде ашық екі кезеңнен тұратын тэндер өткізіледі. Бірінші кезеӊ нәтижесі бойынша «Самрұқ-Энерго» АҚ талаптарына жауап беретін қатысушыларды анықтап, екінші кезеӊдегі конкурстық ұсыныстардыӊ шарттарын айқындайтын боламыз.

Сатылымға шығарылған акцияларды кез-келген компания сатып алуға құқылы. Яғни отандық кәсіпкерлермен қатар шетелдік компаниялар да бәсекеге түсе алады. Ал активтерді сатып алған кәсіпкерлер «Самұрық-Энергоның» талаптарын орындауы шарт.

Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры:

- Сатып алушының электр энергетика саласында жинаған тәжірибесі болуы керек. Тараптың шартына сәйкес, сатып алушы 3 жылдың ішінде компанияның 50%-дан жоғары акциясын сатуына тыйым салады. Яғни активті бірден сатып жібере алмайды. Техникалық жағдайын да қаматамсыз етуі керек. Сонымен қатар 4 компаниядағы 4500-ден астам жұмысшыны белгілі бір дәрежеде қысқартып, жұмыстан шығаруға тыйым салынады.

Энергетикалық активтер 2016-2020 жылдардағы Кешенді жекешелендіру жоспары аясында сатуға шығарылды. Оларды сату еліміздің Экономиканы жаӊғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиямен келісілген.

Әсел Тұмашқызы, Асхат Қарақойшиев, 24.kz

2016.12.06
2016.12.06

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng