«Самұрық-Энерго» АҚ өзінің шығыстарын қысқартады

«Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылы өзінің шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге қысқартады.  Бұл жерде сөз ағымдағы шығыстарды да, күрделі сипаттағы шығыстарды да оңтайландыру туралы болып отыр. Қысқарту жөніндегі іc-шаралар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Ағымдағы жылғы наурызда Қордың топ-менеджменті мен портфельдік компаниялардың басшылары қалыптасқан  күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, іске асырылған және болуы ықтимал тәуекелдерді назарға алу механизмдерін талқылағаны белгілі. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту.

Операциялық шығыстармен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұлар бойынша оңтайландыру 15,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды.  Мыналар оңтайландырылды:

- Инвестициялық жобалар, сомасы 9,3 млрд. теңге;

- Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар – 2,3 млрд. теңге, әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар – 36 млн. теңге;

- Өзге де күрделі шығыстар 4,2 млрд. теңге мөлшерінде.

Бүгінгі күні Корпоративтік орталықтың 30% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшірілген.

Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы қазіргі кезде штаттық режимде іске асырылуда.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

2020.05.22
2020.05.22

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng