COVID-19 карантині жағдайында энергетиктер қалай жұмыс істегені туралы

Коронавирус індеті қазақстандық энергетиктердің кәсіби шеберлігін және қолда бар жабдықтың тозығы жеткеніне қарамастан, саланың жоғары ұйымшылдық мүмкіндігін көрсетті.

ТЖ режимі кезінде "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Екібастұз энергия кешеніндегі кәсіпорындарда КВИ-дің 11 расталған жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 2 жұмыскер сауығып шықты, 272 адам үй жағдайындағы карантинде. Бұл жерде сөз "Богатырь Көмір" ЖШС, "Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ туралы болып отыр.

Бүгінгі таңда электр энергетикалық холдинг - "Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіруші, жіберуші және бөліп-таратушы компаниялары штаттық режимде жұмыс істеп, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізіп беру және көмір жөнелту жөніндегі өздерінің міндеттемелерін толығымен орындауда. Төтенше жағдай режимі кезінде, 2020 жылғы наурыз - 11 мамыр аралығында "Самұрық-Энерго" АҚ- ның электр станциялары өндірген электр энергиясының көлемі 4 984 109 мың кВтсағатты, сол кезеңде сатылған көмірдің көлемі 9 462 590 тоннаны құрады. ГРЭС-1, ГРЭС-2 және АлЭС тұтынушыларға 1 млн. Гкал. астам көлемде жылу жіберілуін қамтамасыз етті.

Аяқталған төтенше жағдай режимі кезінде де, бүгіндері жалғасып жатқан карантин жағдайында да энергетикалық кәсіпорындарда коронавирус инфекциясы тарқалуына жол бермеу үшін мүмкін болған шаралардың бәрі қолға алынды. Бұл орайда энергетиктер тұтынушыларды электр энергиясымен, жылумен және жылы сумен қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің міндетін толығымен орындау үшін станциялардың штаттық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Енді энергетиктер карантиннен абыроймен өтті деп айтуға болады.

Көмір өндіруші аса ірі кәсіпорын "Богатырь Көмірде" 6500-ден астам адам жұмыс істейді. ТЖ режимі кезінде 251 жұмыскер үй жағдайындағы карантинде болды. Кеншілердің тиянақты жұмыс істеуі арқасында көмірдің өндірілуі мен жөнелтілуі штаттық режимде өтті. Үйде орындай алатын қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге жіберілді. Жұмыс орнына қауіпсіз жеткізу үшін қосымша 16 автобус жұмылдырылды.

Екібастұз ГРЭС-2-де жұмыс процесінің үзілмеүін қамтамасыз ету мақсатында, қатерлі топқа жататын жұмыскерлердің 12,4%- ін үйде оқшаулау үшін оларға демалыс күндері берілді; персонал жетіспегендіктен және уақытша ауыстыратын адам болмағандықтан, станцияның ауысым бастықтары, сондай-ақ электр цехы мен химия цехы жұмыскерлерінің бір бөлігі үш ауысымды жұмысқа (демалыссыз) көшірілді; персонал үнемі қызмет көрсетуге тиіс осал учаскелер мен жабдықтар айқындалды; жедел жөндеуді жоспарлау жиналыстары қашықтық режиміне көшірілді.

Екібастұз ГРЭС-1-де жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылуда, "Санитарлық-эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспары" қолданысқа енгізілді. Бүгіндері 90 жұмыскер карантинде жүр. Персоналдың жетіспеушілігі станция жұмысының қуаттылығы мен жұмыс кестесіне әсер етпеді. Бұл жағдай

технологиялық процеске де әсерін тигізген жоқ. Өндіру көлемі "КЕГОК" АҚ ЖО ҰДО-ның кестелеріне сай қамтамасыз етілуде.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндіруші компаниясы - "Алматы электр станциялары" АҚ-да (АлЭС) жұмыскерлердің бір бөлігі қаланың сыртында тұрады. Олардың біразы бір күннің ішінде қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Тікелей өндіріспен байланысты және жөндеу жұмыстарымен айналысатын, бірақ қаланың сыртында тұратын жұмыскерлер қалада орналастырылды. Компания олардың үй жалдау шығыстарын өтеді. Карантин мерзімінде, жұмыскерлердің өтініші бойынша, компанияның кәсіподағы барлығы болып 200-ден астам жалға берушімен шарт жасасып, қаржы аударды.

 

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

______________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

2020.05.13
2020.05.13

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng