Дүниежүзілік еңбек қорғау күні энергетика кәсіпорындарында

Дүниежүзілік еңбек қорғау күні энергетика кәсіпорындарында

Бүгін, 28 сәуірде – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасымен 2003 жылдан бері атап өтілетін мереке. Бұл күн сондай-ақ Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні ретінде мәлім. Бүгін, 28 сәуірде – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасымен 2003 жылдан бері атап өтілетін мереке. Бұл күн сондай-ақ Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні ретінде мәлім. 

«Самұрық-Энерго» АҚ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру жолында үнемі жұмыс жүргізуде. Әрбір жұмыскер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету – компанияның және бүкіл электр энергетикалық холдингтің басты мақсаттарының бірі. Өндірістегі қауіпсіздік – бұлжытпай сақтауды талап ететін басты қағидат. Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мамандары оның сақталуын жіті қадағалап отырады.Бұл бағытта атқарылған жұмыстар да баршылық. Есептілік берудің ашықтығы қағидаттары кезең-кезеңімен іске асырылуда: мәселен, қауіпті факторларды тіркеудің электрондық  журналдары енгізілді, жазатайым оқиғаларды жасыру фактілері анықталған жағдайда жұмыскерлердің жауапкершілігі күшейтілді, орын алған оқиғалар үшін жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тартуға мораторий енгізілді, қауіпті жағдайлардың бәрі дерлік тіркеліп, олар бойынша тергеу жүргізіледі және басқа да іс-шаралар атқарылуда.  LOTО ажырату жүйесі және қауіпсіздікті бақылаудың өзге де жүйелері секілді заманауи жабдықтар сатып алынуда. Жоғарыда аталған іс-шаралардың мақсаты – ауыр салдарға соқтыратын оқиғаларға (апаттарға, көп адамдардың қатысуымен болған және адам өлімімен байланысты жазатайым оқиғаларға) жол бермеу. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы біліктілікті арттырудың да маңызы артып келеді. Бұл мәселелермен айналысатын бөлімшелердің басшылары қауіпсіздік техникасы бойынша  NEBOSH халықаралық курстарында оқыған, «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындарының бірінші басшылары білімдерін үнемі жетілдіріп отырады. 

Бүгінгі таңда компания қауіпсіздікті кешенді басқарудың жаңа моделін енгізуде. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-ны трансформациялау аясында жүзеге асырылуда және кәсіби тәуекелдерді бағалау негізінде еңбек қорғауды басқару моделіне көшуді көздейді. Жоба бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны 2025 жылға дейінгі кезең ішінде 30%-ке азаймақ және ӨҚЕҚҚО-ны (өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған орта) басқару жүйесін жетілдіру арқасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін 20%-ке артпақ. 

Алайда, қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның  «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» Департаменті атқарып отырған жұмыстың басты бағыттарының бірі – коронавирус инфекциясының (КВИ) алдын алу және таралуына жол бермеу. Басты мақсат – қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингтің энергия өндіретін және көмір қазып шығаратын стратегиялық ұйымдарының штаттық режимде жұмыс істеуін және тұтынушыларға электр энергиясы мен энергетикалық көмір жеткізіп беру жөніндегі міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз етуге көмектесу. 

Жұмыскерлер арасында ауру тарқалуын болдырмау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның құрылымындағы электр энергетикалық компанияларда жедел әрекет ету штабтары жасақталып,  КВИ-дің алдын алу және таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыс жүргізуде. 

Бұл іс-шаралар аясында станцияларда кешенді жұмыстар атқарылуда, солардың қатарында – персоналды тасуға арналған транспорт құралдарын, сондай-ақ жұмыс орындары мен үй-жайларды санитарлық тазалау, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың бәріне тыйым салу, жұмыскерлерді  күшейтілген медициналық тексеру, медициналық бетперделер, қашықтан дене қызуын өлшейтін құралдар және т.б. сатып алу. Кәсіпорындардың барлық цехтары мен бөлімшелеріндегі ақпараттық тақтайшаларда коронавирустың алдын-алу туралы ақпарат орналастырылған.

 2020 жылғы 27 сәуірдегі жағдай бойынша компанияның еншілес ұйымдарының жұмыскерлері арасында індет жұқтырудың 5 оқиғасы расталды («Богатырь Көмір» ЖШС мен «ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ-та 1 адамнан, «ЕГРЭС-1» ЖШС-да 3 жұмыскер. Науқастану жағдайлары бойынша байланыста болған адамдардың барлығы бүгінде анықталып, КВИ жұқтыру деректері расталған кәсіпорындардың бәрі Екібастұз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық станциясымен және қалалық ауруханамен тығыз байланыста жұмыс істеуде,  жұмыс орындары мен персоналды тасуға арналған автобустарда күшейтілген санитарлық тазарту жасалды. Жедел әрекет ету штабтары КВИ-дің алдын алуға және таралуына жол бермеуге қажетті іс-шараларды атқаруда. 

Анықтама: Дүниежүзілік еңбек қорғау күні – жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Бұл сондай-ақ жұмыс орнында мерт болған немесе жарақаттанған жұмысшыларды еске алудың халықаралық күні. Дүниежүзілік еңбек қорғау күнін атап өту идеясы алғаш рет америкалық және канадалық жұмысшылар             1989 жылы атап өткен, жұмыс орнында мерт болған жұмыскерлерді еске алу күнінен   бастау алады.

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді. 

 _____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  

Тел: (7172) 55-30-62;

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2020.04.28
2020.04.28

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng