«Самұрық-Энерго» АҚ KASE наградасын алды

«Самұрық-Энерго» АҚ 2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының (KASE) «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» дипломына ие болды. Бұл – Қордың белсенді мүшелеріне, листингілік компанияларға және БАҚ өкілдеріне арналған жыл сайынғы іс-шара.

 энерго награждение kase

«Самұрық-Энерго» KASE-нің қаржылық емес секторына жататын листингілік компаниялар арасындағы екі жеңімпаздың тізіміне енді. «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» номинациясының жүлдегерлері Қордың Ақпаратты жариялау жөніндегі ережелерінің талаптарын міндетті түрде, толық және уақтылы сақтауын ескере отырып айқындалды.  Жеңімпаздарды айқындау кезінде сарапшылар, сондай-ақ, ақпаратты уақтылы жарияламағаны үшін ескертулердің және KASE-нің сайтында компанияның негізгі қызметі туралы қосымша жарияланымдардың болмауы секілді фактілерді ескерді. Бұл, өз кезегінде, компанияның Қазақстан Республикасының қор нарығындағы ашықтығын білдіреді.

 ли со управляющий директор самрук энерго

«Компаниямыз инвесторлармен өзара қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі, нарықта неғұрлым ашық болуға ұмтылады, жаһандық және жергілікті қаржы нарықтарындағы күнделікті конъюнктураны мұқият бақылап отырады. KASE-нің дипломына ие болу – «Самұрық-Энергоның» команда болып атқарған жұмысының  тікелей көрінісі, сондай-ақ Қордың порталында ақпаратты орналастыру мәселесінде жүйелі тәсілдерді пайдаланудың нәтижесі. Мәселен, 2019 жылы компанияда Қордың порталында ақпаратты жариялау жөніндегі ішкі регламент жаңадан әзірленіп, бекітілген болатын», - деді марапаттау рәсімінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі Тең-Басқарушы директоры Сергей Ли.  

kase награждение компаний

KASE-нің наградаларын алған компаниялар ақпаратты листингілік талаптарға қосымша ашу жағдайларының сапасы мен саны жағынан көш басында келеді, ал олардың жылдық есептері өзінің мазмұны жағынан ең үздіктер тізіміне енді. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында 28 ақпанда өтті.

2020.03.06
2020.03.06

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng