ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

«Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Арнайы аяқ киім» санаты бойынша  Қор деңгейінде пилоттық сатып алу санаттық стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) іске асыру аясында Холдинг тобына кіретін еншілес ұйымдардың 2020 жылғы қажеттіліктеріне орай аталған санат бойынша әлеуетті жеткізушілерді анықтау мақсатында стратегиялық серіктестердің қатысуымен бәсекелес келіссөздер жүргізу жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Алда болатын бәсекелес келіссөздерге рұқсат алу мақсатында өнім берушілер Қоғамға құжаттарды Стратегияда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленген іріктеу критерийлеріне сай жолдауы қажет. Бәсекелес келіссөздерге қатысу үшін Өтінімдер берудің соңғы күні: 2020 жылғы «10» наурыз,  Нұр-Сұлтан қ. жергілікті уақыты бойынша сағ. 10:00-ге дейін.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіссөз тобы жоғарыда аталған талаптарға сәйкес конверттерді ашу рәсімін жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттаманы қарау нәтижелері бойынша бәсекелес келіссөздерге рұқсат беру хаттамасына қол қойылып, аталған ақпарат әлеуетті өнім берушілерге жолданады. 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласу қажет: +7 7172 69 23 89.

2020.02.26
2020.02.26

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng