«Самұрық-Энерго» АҚ-да электр станциялардың қуаттарын тиімді пайдалану жөніндегі жоба басталды

Жоба «KEGOC» АҚ-мен бірлесіп Сандық трансформация бағдарламасы аясында іске асырылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік орталығында «Қазақстанның Бірыңғай электр желінің жиілігін (ҚР БЭЖ) және белсенді қуаттың ауысымдарын автоматты реттеу» жобасын іске асыру бойынша бағдарлы кеңес өткізілді. Оның периметріне «Мойнақ СЭС» АҚ мен «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС енді. Электр станцияларда Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесінде қуат ауысымдары мен оны үйлестіруді реттеуге мүмкіндік беретін арнаулы жабдықты орнату жоспарланады. ЖҚАР ендіргенге дейін бұл жұмыс шекаралық энергия жүйелері есебінен жүргізілді.

«Мемлекет экономиканың дамуы үшін жағдай жасайтын сенімді электр энергетикалық инфрақұрылымды алады. Біз бұл жобаны Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ендіреміз», - деп атап өтті Жоба демеушісі – «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев.

ЖҚАР жобасы «KEGOС» АҚ-мен бірлесіп іске асырылады және синергетикалық әсерге ие. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Электр энергетикасы» дирекциясының аға менеджері Александр Репин бағдарлы кеңес барысында жобаның Әл-ауқат қоры үшін стратегиялық маңыздылығын атап кетті.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2019-2020жж. Оны іске асыру барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-да 2021-2025жж. аралығында Жүйелік операторға қызмет көрсету есебінен 4,3 млрд. теңге мөлшерінде қаржылық пайда болжалады.  

2019.10.30
2019.10.30

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng