Еңбек күні Екібастұз 1-МАЭС-нда еңбек ардагерлері мен жас мамандардың кездесуі өтті

1

Қазақстанда дәстүр бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесінде 1-МАЭС-ның басшылығы мен кәсіби комитеті, міне, екінші жыл қатарынан кәсіпорын ардагерлерін станцияға шақырып, жас мамандармен жиған-терген тәжірибелерімен бөлісу үшін қонақ қылып келеді. Бұл дәстүр өз жалғасын тауып келе жатқан себептердің бірі - адагерлер шынымен де қазіргі жас инженерлерге өте қызық болып табылатын орасан зор тәжірибелерімен бөлісетіндігі болар, ал біздің еңбек ардагерлеріміз үшін өздерінің жұмыс істеген кабинеттеріне, цехтарына қайта оралуы және еңбек төккен кәсіпорындарының жетістіктері жайлы білуі, осы нәтижелерге қол жеткізуде бір кездері олардың да қосқан үлестері бар екендігін сезіну, әлбетте, олар үшін қуантарлық жайт. 

2 1

27 қыркүйек, жұма күні Екібастұз 1-МАЭС-на кәсіпорнымыздың 22 ардагері қонаққа келді. «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас директоры Әбішев Мәди Уақасұлы зейнеткерлерді өзі бас болып қарсы алып, өте жылы қол алысып, барлығымен сәлемдесіп болғаннан кейін оларды мәжіліс залына апарып, сол жерде жоспарланған кездесу өтті. Ардагерлер жас мамандарды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріп, өздерінің естеліктерімен бөлісіп, станцияның дамуындағы маңызды кезеңдер туралы айтып өтті. Солай, Семенов Виктор Васильевич 1980 жылы болған Екібастұз 1-МАЭС-ның алғашқы энергоблогын іске қосылуы жайлы оқиғаны өте қызықты қылып және нақтылап айтып берді.

3 1

Негізгі баяндамалардан кейін барлық ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етіліп, оларға станцияның өндірістік тұрғын-жайларына экскурсия жасалды. Мереке күні салтанатты түрде өткен түскі аспен жалғасып, кейін олардың өзара жылу қощтасуларымен аяқталды.

4 1

2019.10.02
2019.10.02

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng