Энергетиктер Қазақстанның машина жасаушыларын қолдады

f1

Қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдинг – «Самұрық-Энерго» оффтэйк келісім-шарттарының механизмі арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдай бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумында айтылды.

Форумның панелдік сессияларының бірінде, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның сатып алулары аясында машина жасау саласындағы өндірушілерді дамытудың жаңа тәсілдерін талқылау барысында, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Дархан Сағындықов компанияда жұмыс істеп тұрған, импорт алмастыру мәселелері жөніндегі Жергілікті жобалық офис жұмысының қорытындыларымен бөлісті. Офистің мақсаты – жаңа өндіріс орындарын ашуға мүдделі отандық жеткізіп берушілерді тауып, олармен ұзақ мерзімді оффтейк келісім-шарттар жасасу. Бүгінгі таңда Самұрық-Энергода мұндай 2 келісім-шарт жасалды. Келешекте тағы да 3 оффтейк келісім-шарт жасалмақ, соның ішінде «Азия Траффо» ЖШС-мен сомасы 400 млн. теңгеден асатын келісім-шартқа отыру жақындап қалды.

Машина жасау саласының компанияларын қоса отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау – Самұрық-Энергоның елімізде электр энергиясы мен көмір сенімділікпен жеткізілуін қамтамасыз ету жолындағы жұмысының басым бағыттары қатарында. Холдингтің компаниялары тобына қарасты ұйымдардың сатып алулары отандық жеткізіп берушілерді қолдаудың пәрменді құралы болып табылады.

Одним из примеров эффективного партнерства является долгосрочный договор, заключенный АО «Самрук-Энерго» с казахстанским предприятием ТОО «Корпорация Сайман» и связанный с реализацией программы АСКУЭ в АО «Алатау жарык компаниясы». Общая сумма договора - более 3 млрд. тенге. В рамках этой сделки предприятие в структуре Самрук-Энерго модернизирует Автоматизированную систему, обеспечивающую дистанционный сбор информации со специально оборудованных приборов учета.

f1

«Самұрық-Энерго» АҚ-мен қазақстандық кәсіпорын «Корпорация Сайман» ЖШС-нің арасында жасалған, Энергия есептеуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі бағдарламасын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да іске асырумен байланысты ұзақ мерзімді келісім-шарт тиімді серіктестіктің жарқын мысалы болып табылады. Келісім-шарттың жалпы сомасы – 3 млрд. теңгеден астам. Бұл мәміле аясында Самұрық-Энергоның құрамындағы кәсіпорын арнайы жарақтандырылған есептеу құралдарынан ақпаратты қашықтан жинауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйені жаңғыртады

Дархан Сағындықовтың сөзінше, энергия холдингі жергілікті мазмұнның үлесін жыл сайын арттырып келеді. Мәселен, 2017 жылы Самұрық-Энерго сатып алатын тауарлар бойынша жергілікті мазмұнның үлесі 75% құрады, 2018 жылы бұл көрсеткіш 83%-ға дейін өсті. Тұтас алғанда, компанияның өкілі атап өткендей, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір түрлерінің көлемі мен бағасы өсуіне байланысты, бүгінгі таңда 2018 жылмен салыстырғанда сатып алулардың көлемі 8,9%-ға біршама өскені байқалады.

Сонымен қатар, машина жасау саласының кәсіпорындарын қолдау санаттар бойынша сатып алу аясында да іске асырылады. Арнайы техникаға және жылжымалы құрамға қосалқы бөлшектер сатып алу бөлігінде Қазақстанның машина жасаушылары одағына кіретін «МехЛитКом» кәсіпорнынан жалпы сомасы 170 млн. теңгеден асатын тауар сатып алынды.

 

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.    

________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2019.09.17
2019.09.18

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng