«Өз кәсібінің үздігі» конкурсы мәреге жетті.

Елордада «Жастар жылы» аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бастамасымен өткен «Өз кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.

img 9813 3

Іс-шара өндіріс нысандарында еңбек етуші жас мамандарды қолдау мақсатында өткізілді. Салтанатты рәсімді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов ашты. Ол жеңімпаздарды құттықтап, оларға дипломдар, бағалы сыйлықтар мен тұрмыстық техника сатып алу үшін ақшалай сертификаттар табыс етті.

"Бүгін бұл залда біздің портфельдік компанияларымызда жұмыс істей жүріп, өздерінің әріптестеріне үлгі болған, оларды жаңа жетістіктерге бастай алатын үздік қызметкерлер жиналған. Сіздер Қордың жұмысына белсене араласып, оның ауқымды жобаларын іске асырып келесіздер. Ерен еңбектеріңіз арқасында сіздер «Өз кәсібінің үздігі» атағына ие болдыңыздар. Бұл конкурс Қор мен оның компанияларының қарыштап дамуына әр қайсыңыздың қосқан жеке үлестеріңізді анықтауға мүмкіндік берді», - деді Ахметжан Есімов.

img 9845 2

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері арасында Максим Санников – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің вагон аудару машинисті өз кәсібінің үздігі болып танылды. Кәсіпорында ол 9 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өзінің жұмысында ол кәсібилік, еңбекқорлық және кішіпейілділік үлкен маңызға ие деп санайды.

«Очень приятно оказаться в списке лучших по профессии в своей сфере. Раньше мне не приходилось принимать участие в таких масштабных конкурсах. Я благодарен всем, кто поддерживал меня и голосовал. Буду стараться подавать пример молодым ребятам, которые будут приходить, учиться, даже тем же составителям поездов, машинистам». - отметил Максим.<

img 9826 2

Конкурсқа сондай-ақ «О.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ-ның ауысым бастығы Бакытжан Ерланов және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ұстасы Айдана Сопақова қатысты. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басшысы Бақытжан Жоламанов оларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті..

«Өз кәсібінің үздігі» конкурсына қатысушылар бұл мамандықты таңдаудың себебі, қол жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы әңгімелеп, өздерінің жұмыс орындарын көрсетулері қажет болатын.

img 9617 2

     За звание лучшего в своей сфере боролись 30 человек из таких портфельных компаний АО "Самрук-Қазына" как - АО "Казахтелеком", "Самрук-Энерго", АО Qazaq Air, АО "НАК "Казатомпром", АО KEGOC,    АО "Казпочта", АО "НГК "Таукен-Самрук", АО "НК "Қазақстан темір жолы", ТОО "Объединенная химическая компания", АО "НК "КазМунайГаз".

img 9680 2

Үш аптаға созылған онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша он жеңімпаз – жарысқа қатысқан әр компаниядан бір-бір адам анықталды.

2019.08.29
2019.08.29

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng