«САМҰРЫҚ – ҚАЗЫНА» БІРЫҢҒАЙ ЖҰМЫС БОЙЫНША БОС ОРЫНДАР ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ барлық компаниялар тобы үшін Samruk Qyzmet атты бірыңғай жұмыс бойынша бос орындар алаңын іске қосқаны жайлы хабарлайды. Бұл сайт Қордың қоржындық компанияларында бос жұмыс орындарын табуға мүмкіндік беретін жұмыспен қамтудың цифрлық алаңы.

 

Ресми веб-сайттың мекен-жайы -  https:/qsamruk.kz. Айта кеткен жөн, аталмыш платформа бос жұмыс орнына өтініш беру барысын бақылау мен «нақты уақытта» кері байланыс жүргізу арқылы жұмыс процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, платформа Қордың компаниялар тобының әкімшілік және өндірістік лауазымдарының барлық бос орындарына бірыңғай қол жетімділікке, сонымен қатар, үміткерлерді таңдау уақытын қысқарту арқылы рекрутердің жұмыс процесін оңтайландырады.

Атап өткен жөн, Қордың өткен жылы қабылдаған жаңа кадрлық саясаты аясында Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов үміткерлерді ашық түрде таңдауды қамтамасыз ететін бірыңғай конкурстық іріктеуді енгізу қажеттігін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар

 жөніндегі департаменті

Анықтама:

 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

2019.08.20
2019.08.20

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng