САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ЕКІБАСТҰЗ ЖЭС-2 АКЦИЯЛАРЫНЫҢ 100% ИЕСІ БОЛАДЫ

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Интер РАО» ААҚ-нан «Екібастұз ЖЭС-2 станциясы» АҚ-ның 50% үлесін сатып алу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қор Екібастұз ЖЭС станциясы акцияларының 100% иесі болады. Жобаның Жол картасына сәйкес мәмілені 2019 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Айта кеткен жөн, Интер РАО» өзінің Екібастұз ЖЭС-2 станциясындағы акцияларын нарықтық шарттарда сатып жатыр, дегенмен мәміленің бағасы келісім аяқталғанға дейін жария етілмейді. Сондай-ақ, бұған дейін Қорда бұл станцияның 50% акциясы болғандықтан, бұл активтерді иемденуі қисынды болып саналады.

Мәміленің жабылуы белгілі шарттардың орындалуына, оның ішінде тараптардың басқару органдарының бұл мәмілені мақұлдауына, несие беруші банктердің ЕЖЭСС-2 станциясының акционерін ауыстыруға келісімін алуына және т.б. органдарға байланысты. 

Сонымен қатар, Интер РАО компаниясы ЕЖЭСС-2  құрамынан шығу туралы шешімі оның негізгі нарығы– Ресейде жұмыс істеуге шоғырлануға деген ниетімен байланысты болғанын хабарлады.  Екібастұз ЖЭС-2 үлесін сату жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін, «Интер РАО» ААҚ-да  Қазақстан Республикасында активтері болмайды. Жақын арада Ресейде өндіруші қондырғыларды модернизациялау іске қосылады, оған Интер РАО белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр.

 

Анықтама:

 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

 «Интер РАО» ААҚ — Ресейдегі, сондай-ақ Еуропамен ТМД елдеріндегі активтерді басқаратын ресейлік энергетикалық компания. Интер РАО электр және жылу энергиясын өндіру және сату, халықаралық энергетикалық сауда, инженерлік, энергетикалық объектілерді жобалау және қүру үшін жауап береді.

2019.07.24
2019.08.15

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng