Самұрық-Энерго ұжымына жаңа басшы таныстырылды

2018 жылғы 25 мамырда Директорлар кеңесінің шешімімен Бақытжан Жоламанов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Самұрық-Энерго ұжымына жаңа басшы таныстырылды

Жаңа басшыны ұжымға Директорлар кеңесінің төрағасы Алик Айдарбаев таныстырды. Ол Алмасадам Майданұлының компания басшысы лауазымында жұмыс істеген кездегі сіңірген еңбегі мен жетістіктерін атап өтіп, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің атынан алғыс білдірді.   

Алмасадам Майданұлы Басқарма Төрағасы болып қызмет атқарған кезең ішінде «Самұрық-Энерго» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының электр энергиясы саласының көшбасшысына айналды.

Компанияның электр энергиясын өндіру нарығындағы үлесі шамамен 30%, көмір нарығындағы үлесі – 38% құрайды. Өндіру секторында «Самұрық-Энерго» АҚ-ға ҚР БЭЖ электр станцияларының белгіленген жиынтық қуатының  31% тиесілі.

Аталған кезең ішінде объектілерді жаңғырту мен құрудың ауқымды бағдарламасы іске асырылып, соның арқасында электр станцияларының  қолда бар қуат көздері 1 500 МВт-тан асты.

Екібастұз ГРЭС-1-де әрқайсысы 500 МВт болатын №8 және №2 блоктар қалпына келтірілді. Бүгінде қуаты 500 МВт №1 энергия блогі қалпына келтірілуде.

Қуаты 300 МВт жоғары қысымды бірегей Мойнақ су электрстанциясының құрылысы аяқталды. 

Қуатын 16 МВт-қа ұлғайта отырып, Ақтөбе ЖЭО қайта жөнделді.

Ерейментау қаласында қуаты 45 МВт Қазақстандағы өнеркәсіптік ауқымдағы алғашқы жел электр станциясы салынды.

Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт Қазақстандағы өнеркәсіптік ауқымдағы алғашқы күн электр станциясының құрылысы іске асырылды. 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндіру құрылымында баламалы энергетиканың үлесі үш еседен астам – 3,8%-дан 12%-ға дейін өсті.

Электр станцияларының жұмыс істеп тұрған барлық блоктарында заманауи электр сүзгілері орнатылды. Нәтижесінде, ластаушы заттардың ауаға шығарылуы 20%-ға, соның ішінде күлдің ауаға шығарылуы – 57%-ға немесе 45 мың тоннаға қысқартылды.

Еңбек өнімділігін арттыру және операциялық тиімділікті жоғарылату мақсатында,  «Богатырь Көмір» ЖШС-ның «Богатырь» кенішінде көмір өндірудің циклдық-ағымдық технологиясына көшу жобасы іске асырыла бастады.

Инновациялық шешімдердің іске асырылуын қолдау мақсатында, Қапшағай қаласындағы күн электр станциясында электр энергиясын сақтаудың жүйелері сынақтан өтті.

Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Назарбаев Университетімен және Стэнфорд Университетімен ғылыми-зерттеу лабораторияларын құру жөніндегі ынтымақтастық жолға қойылды.

Ресей Федерациясына электр энергиясын экспорттау қайта қолға алынды. Мәселен, 2017 жылы экспорт 4,7 млрд. кВтс құрады.

Алматы қаласының энергия кешенін дамыту мен жаңғыртуға үлкен үлес қосылды. Алматы ЖЭО-2-де №8 қазандық агрегат пен бойлер салынып, ол коммуналдық-тұрмыстық секторды және Универсиада объектілерін жылу энергиясымен қамтамасыз етті.

Жалпы трансформаторлық қуаты 1120 МВА болатын кіші станция салынуы арқасында 220кВ-тық айналма жасалып, сол арқылы Алматы энергия кешені мығымдала түсті. Алматы ЖЭО-2-де күл мен шлакты алып тастау жүйесі қайта жөнделді.

«Самұрық-Энерго» АҚ дамуының оң динамикасын компанияның қаржылық нәтижелері де сипаттайды. Компанияның активтері 3 есеге жуық – 322-ден 950 млрд. теңгеге дейін өсті.

Өзіндік капиталы 1,5 еседен астамға – 291,9-дан 479,5 млрд. теңгеге дейін өсті.  Компанияның операциялық табысы 3 есе – 10,2-ден 32,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Операциялық жұмыстың пайда түсімділігі екі есеге жуық – 19,1%-дан 35,2%-ға дейін өсті. Еңбек өнімділігі де екі есеге жуық – 10,2-ден 19,4 млн. теңге/адамға дейін өсті.  

2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Президенттік «Парыз» сыйлығының Гран-При жүлдесіне ие болды.

2016 жылы Екібастұз ГРЭС-1 «Парыз» сыйлығының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясындағы күміс жүлдені иеленді.

2014 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының күшімен дайындалып, Үкімет қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін 2030 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасы әлемдік энергетика дамуының соңғы тенденциялары мен әлемнің озық тәжірибесін ескере отырып, мұнай-газ, көмір, атом және электр энергетикасы салаларының дамуын біртұтас жүйеге салды.   

2018.05.25
2018.05.25

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng