«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бірқатар еншілес компаниялардағы басшылардың тағайындалуын бекітті

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Қоғам құрылымына кіретін бірқатар компанияларда басшылар тағайындау туралы мәселелерді қарады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бірқатар еншілес компаниялардағы басшылардың тағайындалуын бекітті

 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның бас директоры болып Мұрат Каримов тағайындалды. Бұған дейін ол «Ereymentau Wind Power» ЖШС бас директорының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары – бас инженер, «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ күрделі құрылыс басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағына ие.

 «Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның бас директоры болып Ернар Момбаев тағайындалды. Электр энергетикасы саласындағы жұмыс өтілі 40 жылдан астам. «Интер РАО Центральная Азия» ЖШС басшысы, Луговской РЭС бастығы, «Киргизэлектросетьстрой» тресінің прорабы болып қызмет атқарған.  

 «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-ның бас директоры болып Марлен Ізбасқанов тағайындалды.  MBA дәрежесі бар, еңбек жолын «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның конструкторлық-технологиялық бөлімінде бастаған. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің энергетика және көмір өнеркәсібі департаментінде, «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация» дивизионының Технологиялық даму департаментінде қызмет атқарған, департамент басқарған. 

«Energy Solution Center» ЖШС-ның бас директоры болып Әнет Абдуллин тағайындалды. Ол әр жылдары «Волковгеология» АҚ-ның бас инженері, метрологы, «НПО «КазЛабМетр» ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарған, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерін басқарған.

2018.04.04
2018.04.09
  • Қаз
  • Рус
  • Eng