«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы 2017 жылғы жұмыс қорытындысын ұсынды

14 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ еңбек ұжымының есепті жиналысы өтіп, онда 2017 жылдың жұмысы қорытындыланды және 2018 жылға міндеттер белгіленді.

«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы 2017 жылғы жұмыс қорытындысын ұсынды
«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы 2017 жылғы жұмыс қорытындысын ұсынды
«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы 2017 жылғы жұмыс қорытындысын ұсынды
«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы 2017 жылғы жұмыс қорытындысын ұсынды

 «Самұрық-Энерго» АҚ жұмысының қаржылық нәтижелері 2017 жылы жақсарды. Табыс 21%-ға немесе 38,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 220 млрд. теңгеге жетті.  Операциялық пайда 11%-ға ұлғайды және 32,4 млрд. теңгені құрады. Көрсеткіштердің өсуі электрді пайдаланудың оң динамикасымен, электр энергиясын сатуды ұлғайтумен және РФ-ға экспорттаумен байланысты. Былтыр Екібастұз ГРЭС-1-ден Ресейге электр энергиясын жеткізу рекордтық көлемге жетті, ол 4,7 млрд. кВтс. құрады.

 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жекешелендіру жоспары аясында «ШҚ АЭК» АҚ, «МЭБК» АҚ және «Ақтөбе ЖЭО» АҚ акциялары пакетін сату жөніндегі келісімдер қосымша түсімдерді қамтамасыз етті.  

 Көмір өндіру 2016 жылға қарай 14%-ға ұлғайып, 41 млн тоннаға жетті. Соның ішінде ҚР тұтынушыларына 30,7 млн. тонна көмір тиелді, РФ-ға экспорттау 10,2 млн. тоннаны құрады. Қазақстанда энергетикалық көмірді жалпы өндіруде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жыл қорытындысы бойынша үлесі 36-дан 38%-ға ұлғайды.

 Өндіру секторында компанияның Қазақстан нарығындағы үлесі 28,6 млрд кВтс-ны құрай отырып, 24-тен 28 %-ға артты. Электр энергиясын өндіру көлемі 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда  27%-ға өсті.  

 Энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар арқасында, 2017 жылдың қорытындысы бойынша сомасы 684,5 млн. теңге болатын 35,7 мың тонна шартты отын көлеміндегі ресурс үнемделді. 

 Электр станцияларының оңтайлы режимде жүктелуі орнатылған қуатты пайдалану коэффициентінің (ОҚПК) 37,6 %-дан 48,1%-ға өсуіне септігін тигізді.  Табиғатты қорғаудың кешенді бағдарламасын іске асырумен қатар, ауаға шығарылған ластаушы заттардың өндірілген өнім бірлігіне келетін үлесі 5%-ға азайды. 2010-2018 жылдардағы кезең ішінде «Самұрық-Энерго» тобы бойынша қоса алғанда күлдің атмосфераға жалпы шығарылуы 4,75 есе азайды (163,6-дан 34,4 мың тоннаға дейін).

 - «Қоршаған ортаға тигізетін әсерді төмендету және ауаға шығаруды азайту жұмыстары – тұрақты дамудың жаһандық басымдықтарын ескерсек, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ұжымның алдында сөз сөйлеуі барысында.

 «Самұрық-Энерго» АҚ 17,5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған Қазақстандағы аса ірі электр-энергетикалық холдинг болып табылады. Топқа қарасты электр станцияларының белгіленген қуаты  6,8 гигаватты немесе ҚР БЭЖ жалпы қуатының  31%-ын  құрайды.

2018.03.15
2018.03.19

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng