«Болашақтың энергиясы – Жаһандық энергияны дамыту келешегі» секция жұмысы туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ Астанада 19 маусымда инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресі аясында «Болашақтың энергиясы – Жаһандық энергияны дамыту келешегі» секциясын өткізді

«Болашақтың энергиясы – Жаһандық энергияны дамыту келешегі» секция жұмысы туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ 19 маусымда  инженерлер мен ғалымдардың  Дүниежүзілік конгресі аясында «Энергетикалық трилемманың теңгерімі: қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық» тақырыптық блогының «Болашақтың энергиясы – Жаһандық энергияны дамыту келешегі» секциясын өткізді.

 «Самұрық-Энерго» АҚ мен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңестерінің мүшесі, тәуелсіз директор Лука Сутера мен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев секция модераторлары болды. 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның шақыруы бойынша Астанаға WSEC-2017 жұмысына қатысу үшін Стэндфорд университетінің әлемге белгілі әрі танылған профессорлары, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Ресейден старт-ап компаниялардың басшылары мен энергетика саласындағы әлемдік ауқымдағы сарапшылар келді.  

Стэндфорд университеті инженерия мектебінің профессоры Фридрих Принц, Стэндфорд университеті таза отын технологиялары бағдарламасының негізін салушы және директоры, материалтану профессоры Тургут Гюр болашақтың энергиясы туралы пайымдарын ортаға салды.

ЖЭК-ті дамыту мүмкіндіктері туралы пікірлерін Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының басшысы Олег Кузнецов, АЖҒА вице-президенті, ЕурАзЭС Интергациялық проблемаларды стратегиялық зерттеулер институтының директоры, профессор, Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Олег Проценко пікірлерімен бөлісті. 

Энергияға көшу тәжірибесі, оның келешегі мен ерекшеліктері туралы тақырыптық баяндамаларды «Қытай Халықаралық Су Шаруашылығы және Энергетика Корпорациясы» мемлекеттік кәсіпорнының вице-президенті Сергей Катышев, WEC (Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес) комитеті Қазақстандық тарапының хатшысы, HMS Bergbau AG құрылтайшысы және акционері, Халықаралық энергетикалық экономика (IAEE) қауымдастығының мүшесі Ларс Шерникау жасады. Пекин университетінің профессоры Уильям Хаппер, көміртек пен климаттың өзгерісін зерттеу саласының маманы ретінде адамзаттың әлі де ұзақ уақыт бойы энергия алу үшін көмірді және отынның қазба түрлерін технологияларды жетілдірудің арқасында қоршаған ортаға зиянын бұрынғыдан аз тигізе отырып, пайдалана беретінін атап өтті.  

Энергияны сақтау жүйесін әзірлеу мен оны енгізудің практикалық тәжірибесі, нарықтың өсу перспективалары туралы  Праймус Пауэр басшысы Том Стэпиен, сондай-ақ Eversheds Sutherland компаниясының өкілі Джонатан Коэн баяндама жасады.

«Самұрық-Энерго» АҚ секцияға қатысушылардың барлығына WSEC-2017 беделді алаңында белсенді жұмыс жасағаны үшін алғысын білдірді.

Бүкіл дүние жүзінің жетекші ғалымдарының қатысуымен айтулы іс-шараны өткізу Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясы (ҚазҰЖҒА) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) бастамаларының арқасында мүмкін болды.

Инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресінің жұмысы туралы wsec.kz сайтынан толығырақ оқи аласыздар.      

2017.06.20
2017.07.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng