Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі жаһандық энергияны дамыту перспективаларын талқылайды

19 маусымда ЭКСПО-2017 аясында Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі жұмысын бастайды

kongress expo

19 маусымда ЭКСПО-2017 аясында Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі жұмысын бастайды. Осы беделді алаңның «Энергетикалық трилемма теңгерімі: қауіпсіздік, қолжетімділік және «Болашақтың энергиясы – Жаһандық энергияны дамыту келешегі» секциясын жүргізеді.

Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі «АСТАНА ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясындағы көптен күткен ғылыми іс-шара болып табылады. Ұйымдастырушылар мыңға тарта қатысушыны күтуде, олардың арасында жетекші ғылыми зертханалардың басшылары, әлемге танылған зерттеушілер мен ғалымдар бар.

Самұрық-Энерго шақырған серіктестер арасында Стэнфорд университетінің әлемге танылған профессорлары, болашақтың энергиясы үшін инновациялық шешімдер әзірлейтін компаниялардың басшылары, АҚШ-тан, Ұлыбритания мен Ресейден әлемдік ауқымдағы сарапшылар бар. Қонақтардың тізімі энергетика саласындағы сарапшылар арасында толыққанды диалог пен пікір алмасу болатынын көрсетіп отыр.

Конгрестің «Болашақтың энергиясы – Жаһандық энергияны дамыту келешегі» секциясына Стэнфорд университеті инженерия мектебінің профессоры, ғалым Фридрих Принца, Стэнфорд университетінің  таза отын технологиялары бағдарламасының негізін салушы, бағдарлама директоры, материалтану профессоры Тургут Гура келеді деп күтілуде.  

         Инновациялық энергетикалық шешімдерді әзірлеушілердің ішінен Праймус Пауэр перспективті калифорниялық старт ап жобаның басшысы Том Стэпиен мен «Энергия және табиғи ресурстар» компания тобының мүшесі Джонатан Коэннің қатысуын атап өтуге болады.

         Ресей ғалымдарының элитасын Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының басшысы Олег Кузнецов, РЖҒА-ның вице-президенті, ЕурАзЭҚ Интеграциялық проблемаларды стратегиялық зерттеулер институтының директоры Анатолий Спицын таныстырады. Өздерінің осы Конгрес жұмысына қатысатынын экономика ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Олег Проценко, сондай-ақ Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының бірінші вице-президенті – Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының бас ғалым хатшысы Лида Иваницкая растады. 

Мұндай іс-шараны өткізу энергетикалық компанияның да, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасын да тиімді индустриялық-инновациялық және ғылыми-технологиялық даму бойынша жүйелі әрі ғылыми тәсіл алу тұрғысынан құнды екенін көрсетеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ барлық мүдделі тараптарды Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі жұмысына белсенді қатысуға шақырады.   

2017.06.15
2017.07.24

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng