Самұрық-Энерго мен Датан қытай корпорациясы Ақмола облысында жел паркінің әлеуетін дамытуға ниетті

Датан Қытай корпорациясы электр энергиясын 107 млрд. АҚШ долларын капиталдандыра отырып, электр энергиясын өндіретін бес аса ірі мемлекеттік топтардың бірі болып табылады

Самұрық-Энерго мен Датан қытай корпорациясы Ақмола облысында жел паркінің әлеуетін дамытуға ниетті

Астана қаласында өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі барысында «Самұрық-Энерго» АҚ мен Датан (China Datang Corporation) Қытай корпорациясы арасында Ерейментау қаласы ауданында  45-тен 300 МВт-ға дейін ұлғайта отырып  жел паркін бірлесіп кеңейту мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Датан Қытай корпорациясы электр энергиясын 107 млрд.  АҚШ долларын капиталдандыра отырып, электр энергиясын өндіретін бес аса ірі  мемлекеттік топтардың бірі болып табылады. Жалпы белгіленген қуаты 120 ГВт-дан асады.  2010 жылдан бастап корпорация Fortune Global 500 тізіміне кіреді.

2015 жылдан бері Ерейментау ЖЭС-тің таза энергия өндіру көлемі 320 млн. кВтс-ға артты, ол атмосфераға 300 тонна көмір қышқыл газын шығарудың алдын алды. 2016 жылы көмір мен газды жақпай алған таза электр энергиясының үлесі компания тобының жалпы өндіру көлемі бойынша 15,7%-ға немесе 3,6 млрд. кВтс. жетті.  

2017.06.08
2017.06.09

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng