Алматы электр станциялары: Қазандар — ауылдағы пеш емес

Болатбек Суанбеков, «Алматы электр станциялары» АҚ 2-ЖЭО энергожабдығын жөндеу жөніндегі қазан тазарту учаскесінің аға шебері

Алматы электр станциялары: Қазандар — ауылдағы пеш емес

Болатбек Суанбеков 2-ЖЭО станциясына 1981 жылы станция құрылысы жүріп жатқан кезеңде келді.

–  Мен алғашқыда, құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда монтажшы болып орналастым, кейіннен  2-ЖЭО  іске қосылғанда  осында қаламын деп шештім. Қазан тазалаудан бастадым. Екінші қазаннан бастап  жетінші қазанға дейінгі барлығын  іске қосуға қатыстым, - деп  есіне түсіреді энергетикадағы алғашқы жылдарын Болатбек Ахметжанұлы,  «Алматы электр станциялары» АҚ 2-ЖЭО  энергожабдығын жөндеу  жөніндегі  қазан тазарту учаскесінің аға шебері.    

Болатбектен осындай, ауыр, қара  жұмыс  өзіңізге ұнай ма деп сұрағанда, ол жұмысының ауыр екендігін мойындайды.  - Қазандарымыз да ауылдағы  пеш емес, олар ерекше: биіктігі  45 метр, ені 24 метр.  Осындай жұмысты да біреу орындауы, сапалы орындауы  керек қой, - деп қайырады Болатбек.  Ол сонымен қатар,  арнайы құрал – жабдықтар болмаған, қазандарды түйіп оралған шлангпен тазартқан алғашқы жылдарды есіне түсіреді. Қазір, біршама жеңілдеу, себебі шлангтағы су қысымын реттейтін арнайы құрылғылар бар. Алайда жұмыс мұнымен жеңілденген жоқ. 

Болатбек Ахметжанұлы энергетика дағдарысқа ұшыраған, ауыр 90 жылдары да кәсібінен айныған жоқ. Адамдар коммерцияға кетіп жатқан тұрақсыз кезеңде, ол керісінше, бірінен соң бірін алты бауырын, жиенін осында әкелді. Қазірде Болатбек 2-ЖЭО  энергожабдығын жөніндегі қазан тазарту учаскесінің аға шебері, оның учаскесінің өзінде Суанбековтер әулетінің 12 өкілі жұмыс істейді.

Қазан тазартушының  жұмысы көзге түсерлік болмаса да, станция үшін аса маңызды,  станцияның бүкіл  жұмысы  осы қазандардың таза болуына байлынысты.  Слесірлер торапқа жетіп, құбырды дәнекерлеулері үшін қазан тазартушылар биіктігі  3 метр күл қабатын сумен шаймалап, оны мұқият   тазартулары  керек.  Тазарту барысында қазандағы аптапты  айтсаңыздаршы.

- Күлден  толық тазартпайынша, ешкім  құбырға жете алмайды, - деп түсіндіреді ол.

Болатбек ұжымда үлкен құрметке ие. 2014  жылы оның еңбегі еленді, "Самұрық – Энерго» АҚ алғыс хатымен марапатталды. Қазіргі кезде станцияда Суанбековтер әулетінен 16 маман жұмыс істейді. Соның ішінде қазандық және шаң дайындау цехтары жабдығын жөндеу жөніндегі слесірлер, бугазтурбиналық  жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесірлер және  қазан тазартушылары бар.

Үлкен отбасы – өте тату. Олар бірлесіп барлық мәселелерді шешеді. Мысалы, туыстар бірігіп  үй соқты, достар асарға келді. Болатбектің пікірінше, сондай сәттерде бір –біріне көмек беру, иық тіресіп, шаруаны бірлесіп атқаруда  отбасылық татулық керек. Алайда, жұмыс барысында туыстармен бір-бірімен  тек жұмыстық қарым –қатынас сақтайды, жұмыс  талабы  да  қатаң. 

2017.04.19
2017.05.25

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng