Алматы электр станциялары: Лапылдаған метал сұлулығы

Ақын жанды табиғатына қоса, ер азаматтарға лайықты күрделі кәсіпті меңгерген 6 разрядты дәнекерлеуші Татьяна Михно осындай үйлесімді заңдылық деп санайды.

Алматы электр станциялары: Лапылдаған метал сұлулығы

Татьяна Михно, «Энергожөндеу» өндірістік-жөндеу кәсіпорнының  (ӨЖК) Металдар және дәнекерлеу қызметінің өндірістік оқыту шебері

Ақын жанды болмысына қарамастан, ер азаматтар  атқаратын ауыр да қиын кәсіпті меңгерген 6 разрядты  дәнекерлеуші Татьяна Михно бұндай  үйлесімділікті  заңдылық деп санайды.  Дәнекерлеу кезіндегі ұшқындардың шашырауы  –   бұл оның түсінігіндегі ең әдемі көрініс, оған қоса біртегіс дәнекерленген жік пен сапалы орындалған жұмыс та өнерге тең. 

Татьяна  әзіл – қалжың аралас  өзін «жұмыртқа басатын тауық» деп атайды, өйткені «Энергожөндеу» өндірістік-жөндеу кәсіпорнының  дәнекерлеушісі қызметімен қатар, ол өндірістік оқыту шебері де. Жастар оған тартылады,  одан үйренуге асық.  Өз ісінің майталманы және шебері танылған Татьяна Михно шәкірттеріне дәнекерлеуші кәсібінің қыр-сырын үйретуден жалықпайды. Өзіне тән әзілмен «жұмыртқа басатын тауық» ретінде оған «басып шығару» үшін кейде «қаздың» немесе «үйректің», болмаса,  «қыранның», тіпті  «аққудың» да «жұмыртқалары»  беріледі  деп, күле айтады. Алайда, «жұмыртқадан» шыққан -  сары ауыз балапандардың  кейіннен жоғары білікті кәсіби маман болып қалыптасатыны  мақтанарлық жағдай. Бүгінде аса қажетті мамандықтың бірі болғандықтан, оның шәкірттерінің  -  дәнекерлеушілердің  саны уақыт өте көбеюде.

      …Кәсіпке келуіне ықпал еткен лапылдаған металл мен  жалынды оттың сұлулығы.

– Дәнекерлеу кезіндегі ұшқындардың сұлулығы мені жастайымнан қызықтырды, – деп мойындайды Татьяна Константиновна. – Доғаның жарқырауы... сияқты оттың түрлі спектрі болатыны көпшілікке беймәлім. Ол қолға үйретілген жұлдыздай! Бәрі де өз қолымызда, тіпті жұлдыздар да...      Әрине, бұл поэзия, ал шын мәнінде біздің кәсібімізде тура мағынасында да, кері мағынада да  маңдай тері әбден төгіледі. Дегенмен, романтикаға да орын бар.

Уақыт өте келе кәсіпте ысылған сайын романтика да сейіледі. Алайда, Татьяна қайтпас романтик. Жұмысы туралы, сөз қозғағанда, оның көзінде  нұр төніп, дәнекерлеу кезіндегідей ұшқындар шашырайды. Әсіресе, дәнекерлеуші кәсібіндегі жауапкершілік туралы айтқанда. Құрылыс конструкцияларының төзімді әрі қауіпсіз болуы дәрекерлеушінің орындаған жұмысымен тікелей  байланысты. Дәнекерлеудің арқасында жаңа конструкцияларды немесе бұйымдарды жасауда, не болмаса ескілерді жөндегенде металл  элементтер бір - бірімен берік қосылып, сенімді түрде біріктіріледі. Татьянаның  байқауынша, дәнекерлеушілердің тапшылығына қарамастан,  соңғы жылдары осы кәсіпті игерген  жастар көбейген.

Татьяна Михно сүйікті кәсібіндегі еңбек жолын  1983 жылы 24 жасар бұрымды бойжеткен  болып  «ЮжКаз­Энергоремонт» АҚ  бастаған.  Қауіпсіздікті сақтау мақсатында  ұзын бұрымды қиюға тура келді. 80 жылдары ол ел аралап, жер көрді: «КАТЭК» жастар құрылысына іс сапармен жіберілді, Таганрогтағы «Красный котельщик» зауытында да тәжірибе жинақтады. Дегенмен, өсіп -  өнген, шеберлігі шыңдала түскен, разряды артқан және кәсіби шебер ретінде  танылған жері - негізгі жұмыс орны. Ол соңғы он жылын «АлЭС» АҚ өндірістік жөндеу кәсіпорнының металдар және дәнекерлеу қызметінің   өндірістік оқыту шебері.

- Кәсіпті таңдарда ас пісіруден гөрі, металды көптеп пісіруге тура келетіндігін ойламаппын,  алайда, жұмыста тағдыр қосқан қосағым оған еш ренжімейді, - деп жымияды Татьяна Константиновна.  Ерлер арасында еңбек ететіндіктен, оған өз білігін, кәсібилігін дәлелдеп, көрсетіп отыруға тура келдеі. Қазіргі ұжымына көңілі толады. Ерлер ауыр жұмыстан қорғаштап, әрдайым көмектесіп отырады, құрметтейді.

2017 03 03 dk michno

Зейнет жасы да жақындап қалды, алайда ол демалысқа шығуға асықпайды. Кәсібі шығармашыл болғандықтан,  әлі де өз еңбегінің жемісін көргісі келеді. Ер азаматтар атқаратын мамандық оның мінезін қатайтпады, әйел баласы үшін сүйікті істерден қол үздірмеді. Ол аздаған бос  уақытында аспаздық шеберлігін дамытып, эзотерика сияқты салаға қызығады. Қолынан кітап  түсірмейді, демалыс уақытын пайдаланып, көркем шығармалар болсын, не  техникалық оқу құралдары болсын, оқуға ынталы. Кәсіптегі шеберлік -  тұрақты ізденістен,  танып, білуден  құралады, - дейді ол. Ол шын мәнінде өмір сүйетін жан: жасында жеңіл атлетикамен, тау туризмімен айналысқан.   Сондықтан, жарыса білу, жеңіске жету, қатарының алды болу оның болмысында.

Татьяна пайдалы іспен айналысатындығына сенімді, оның өмірлік ұстанымы – «Сүйікті Алматы қаласына жарық пен жылу берейік!»

2017.03.09
2017.05.25

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng