Екібастұз ГРЭС-2 станциясында Басқарма Басшысы Олег Новиковтың еңбек ұжымымен есеп беру кездесулері өтті

Есептік кездесулер өндіріс құрылымдық бөлімше жұмысшыларының, кәсіпшілер одағы комитеті және «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы өкілдерінің қатысуымен бірнеше кезеңмен өтті

Есептік кездесулер өндіріс құрылымдық бөлімше жұмысшыларының, кәсіпшілер одағы комитеті және «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы өкілдерінің қатысуымен бірнеше кезеңмен өтті.

Кездесудің басты тақырыбы 2016 жылы орындалған жұмыстардың өндірістік және қаржы-шаруашылық есептері болды. Бұдан басқа, Олег Новиков өткен жылдың негізгі шаралары жөнінде ақпарат беріп, еңбек ұжымымен бірнеше өзекті сұрақтарды талқыға салды.

Жалпы, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның 2016 жылғы жұмысына оң баға беріледі.

- Бүгін біз Қоғам алдына қойылған өндірістік міндеттемелерді орындай алды деп сенімді түрде айта аламыз. Өткен жылдың наурыз айынан бастап Станция екіблоктық жұмыс жүйесіне шықты және Ресей Федерациясына электр қуатын тасымалдауды жаңғыртты. Өткен жылы ГРЭС 4,976 млрд кВ/сағ электр қуатын өндірді. Бұл жоспарлы көлемнен 0,6 пайызға, ал 2015 жылмен салыстырғанда 55 %-ға артық, - деп айтып ескертті Олег Новиков.

Сонымен қатар, станцияның тұрақты жұмысы тек өндірістік қана емес, сонымен қатар қаржылық және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, білікті кадрларды сақтап қалу мақсатында алғаш рет қызмет өткерген жылдар үшін бір реттік төлем төленді. 158 жұмысшы мемлекеттік, ведомстволық және корпоративтік еңбектегі озаттық белгісіне ұсынылып марапатталды. 1169 адам жалпы сомасы 17 млн теңгеге білім алды. Өткен жылы Екібастұз ГРЭС-2 станциясы кәсіпорынның сапа белгісі үшін алғаш рет жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау бойынша үш жылдық мерзімі бар Сертификат алды.

Сондай-ақ, 2016 жылы жұмыс беруші мен жұмысшылар өкілдерінің арасында еңбек және әлеуметтік қарым-қатынасты реттеу мақсатында келісу комиссиясы құрылған болатын.
Есеп беру барысында Басқарма Басшысы №3 энергоблокқа қарасты Инвестбағдарламаның орындалуын тілге тиек етті:

- Бүгінде қаржыландырудың аздығынан, акционерлердің шешімімен Қоғам 3-ші энергоблоктың құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатуға мәжбүр. Жеткізушілер дайындаған жабдықтарды жеткізу және қабылдау мәселелері қарастырылып жатыр. Сонымен қатар құрылыс объектілерін сақтау және консервациялау жөнінде жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Кездесу аясында Басқарма Басшысы жұмысшыларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, тиесілі тапсырмалар берді.

2017.04.05
2017.04.06

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng