«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы ұжыммен кездесуде 2016 жылғы қызмет қорытындыларын таныстырды

Басқарма Төрағасы 2017 жылға арналған жаңа міндеттер мен тәуекелдер туралы айтып өтті. Ең алдымен, бұл жаңа нарықтарға қарай жылжу, пайдалылықты қамтамасыз ету

30 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ-да холдингтің еңбек ұжымының есеп беру жиналысы өтіп, онда 2016 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды, сондай-ақ 2017 жылға арналған міндеттер белгіленді.

Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев инвестициялық бағдарламаны оңтайландыру, операциялық шығындарды азайту түрінде қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар мен электр энергиясын экспорттаудан  түсетін қосымша түсімдер өндірістік және қаржылық нәтижелердің жоғары болуын қамтамасыз еткенін атап өтті. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның шоғырландырылған пайдасы 2016 жылдың қорытындылары бойынша жоспарда 6,5 млрд. теңге болғанда 18 млрд. теңгені құрады, немесе 187%-ға артық орындалды.  

«Самұрық-Энерго» АҚ тобы бойынша электр энергиясын өндіру 22,5 млрд. кВтс-ға артты, бұл 2015 жылға қарағанда 167 млн кВтс-ға артық. Компания қоршаған ортаға тигізетін әсерін бірте-бірте, оның ішінде баламалы энергия көздерінің үлесін ұлғайту арқылы қысқартып келеді. 2016 жылы көмір мен газды жақпай алынған таза электр энергиясының үлесі өндірістің жалпы көлемі бойынша 15,7%-ға жетті. Табиғатты қорғау іс-шараларының кешенді бағдарламасын іске асыруды және ЖЭК пен СЭС объектілерінде электр энергиясын өндіруді ұлғайту есебінен 2015 жылмен салыстырғанда ластаушы заттардың меншікті шығарындылары 3%-ға қысқарды.  Күлдің меншікті шығарындылары 15%-ға азайды.

Электр энергиясын жеткізу көлемі 12,1 млрд. кВтс, электр энергиясын сату  8,4 млрд. кВтс, жылу энергиясын өндіру 6,8 млн. Гкал. құрады.

Көмір өндіру көлемі 2015 жылдың осыған ұқсас кезеңіне қарағанда 2%-ға, 35 млн. тоннаға дейін өсті. Бұл көлемнің 74%-ы Қазақстанның ішкі нарығына шығарылды, көмірді экспорттау  9,2 млн. тоннаны құрады.

2016 жылы Ресей Федерациясына электр энергиясын жеткізуді жаңғырту экспортты 1,8 млрд. кВтс мөлшерде қамтамасыз етті.  Қырғыз Республикасына 133 млн. кВтс электр энергиясы жеткізілді, бұл 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 23%-ға жоғары. Бұл нәтижелер Компанияның трансформациялау бағдарламасы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Сауда үйінің базасында сату мен трейдингті күшейту есебінен қамтамасыз етілді.   

2016 жылы жалпы құны  48,7 млрд. теңгені құрайтын ірі инвестициялық жобалар ойдағыдай іске асырылды. Ақтау қаласында өңірлік диспетчерлік орталық салынды, Ақтөбе ЖЭО-да №3 турбиналық агрегат ауыстырылды, Алматы ЖЭО-2-де №8 қазандық агрегаты іске қосылды, «Екібастұз ГРЭС-1 АТҚ-500 кВ-ны жаңғырту аяқталды.  

Инвестициялық бағдарламалардың орындалуы өндірістік ЕТҰ арасындағы технологиялық бұзушылықтар бойынша көрсеткіштердің азаюын қамтамасыз етті. 2016 жылы І дәрежелі істен шығу мен авариялар болған жоқ.

Есеп беруге арналған кездесуге еншілес компаниялардың топ-менеджерлері қатысты. Екібастұз ГРЭС-1, АлЭС, Богатырь-Көмір және басқа компаниялардың басшылары қызмет көрсеткіштерінің қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.   

Басқарма Төрағасы 2017 жылға арналған жаңа міндеттер мен тәуекелдер туралы айтып өтті. Ең алдымен, бұл жаңа нарықтарға қарай жылжу, пайдалылықты қамтамасыз ету, өндірістік және инвестициялық бағдарламаларды орындау, компанияның қызмет тиімділігін арттыру. Аталған міндеттерді шешу мемлекеттің мүдделері мен жалғыз акционердің болжалдарын, сондай-ақ компания мен әр қызметкердің дамуын қамтамасыз етуге қажетті негіз құрайды.  

2017.04.01
2017.04.04

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng