Кәсіпкерлерге facebook арқылы көмектеседі

Тікелей трансляцияларға «Самұрық -Қазына Контракт» ЖШС Алдын ала біліктілік іріктеу департаментінің барлық қатысушылары қатысатынын және сұрақтардың барлық спектрі талқыланатынын айта кету қажет

Кәсіпкерлерге facebook арқылы көмектеседі

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қызметкерлері ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жыл сайын алдын ала біліктілік іріктеуден өту және Қордың компаниялары үшін тексерілген жеткізушілер «пулына» кіргізу сұрақтары бойынша facebook әлеуметтік желісінде кәсіпкерлер үшін видеотрансляциялар өткізеді.

Видеотрансляциялар онлайн режимінде өткізіледі. Басында сарапшы әлеуетті жеткізушілерді қызықтыратын тақырып бойынша ақпаратты айтады. Сосын алдын ала біліктілік іріктеуге қатысатын кәсіпкерлер кез келген сұрақты қойып, бірден жауап ала алады.

Тікелей трансляцияларға «Самұрық -Қазына Контракт»  ЖШС Алдын ала біліктілік іріктеу департаментінің  барлық қатысушылары қатысатынын және сұрақтардың барлық спектрі талқыланатынын айта кету қажет: ақпараттық жүйеде тіркеуден бастап және одан өткеннен кейін деректерді өзектендіру тәртібімен аяқтап.

Тікелей эфирлер аясында компания өкілдері сондай-ақ күнделікті аудит жүргізу кезінде сауалнама толтыруға қойылатын талаптарды да түсіндіреді. Жеткізушілердің жүгінулеріне сәйкес, күнделікті аудиттің біліктілік критерийлерінің әрбір талабын егжей- тегжейлі іріктеуге негізгі көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда видео қарауларының саны Facebook әлеуметтік желісінде 5000- нан артықты және Youtube- та 8500- нан артықты құраған, тұрақты жазылушылары саны 400- ден асады (өсім бір айда 100%- дан артық). Нәтижесінде – өтініштерді қарастыру уақыты 30%-ға азайған, Біліктілік орган қызметкерлерімен әлеуетті жеткізушінің тікелей қатынасу арнасы құрылған.

 - Біз бұл механизмді Трансформация шеңберінде енгіземіз. Елбасының тапсырмасына сәйкес біз сатып алу өткізуге тәсілдерімізді түбегейлі өткіземіз. Алдын ала біліктілік шынымен құзыретті жеткізушілерді қолдауға мүмкіндік береді. Жүйе толықтай ашық, онымен барлық хат жазысу сақталады, процесс толықтай айқын. Біз әрбір кәсіпкерге бұл іріктеуден өтуге дайынбыз, біздің барлық консультацияларымыз тегін, - деді «Самұрық -Қазына Контракт»  ЖШС Алдын ала біліктілік іріктеу департаментінің  директоры  Эльдар Доскенов.

«Самұрық -Қазына Контракт»  ЖШС әлеуетті жеткізушілердің алдын ала біліктілік іріктеуден өтуін жеңілдету бойынша тағы да бірқатар шараларды іске асыратынын айта кеткен жөн:

  • Колл – орталығы ұйымдастырылды. Қаңтардың өзінде әлеуетті жеткізушілерден 3000- нан артық қоңырау қабылданды;
  • Әрбір жеткізушіге оның өтінішін қарастыратын сарапшының байланыстары ұсынылады;
  • Қиындықтар туындаған жағдайда сарапшылардың өздері байланысқа шығып, әлеуетті жеткізушілерге алдын ала біліктілік іріктеу тәртібін түсіндіреді;
  • «Атамекен» ҰКП бірлесіп алдын ала біліктілік іріктеуге қатысатын отандық тауар өндірушілер үшін семинарлар өткізіледі; Youtube порталында үйретуші видео және тікелей трансляция жазбалары орналастырылған;
  • «Атамекен» ҰКП баспасөз- қызметінің жәрдемдесуімен тікелей трансляциялар бизнеске арналған мамандандырылған алаңдарда орналасады.

Келешекте мұндай видеотрансляциялар өндірістің әртүрлі салаларындағы сарапшылардың қатысуымен өткізілетін болады.

Еске сала кетейік, «Самұрық -Қазына» АҚ компаниялары үшін әлеуетті жеткізушілердің алдын ала біліктілік рәсімі 2016 жылдың шілдесінде басталғанын еске салайық. Бұл механизм іске асырылып, «Атамекен» ҰКП сарапшыларымен бірлесіп «Самұрық -Қазына Контракт»  ЖШС іске асырылады. Оны енгізу сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жосықсыз кәсіпкерлердің, «жалған өндірушілердің» және «бір күндік- компаниялардың» сатып алуларға қатысуын жоққа шығарады. Жақында «Самұрық –Қазына» АҚ барлық компанияларының сатып алуларының бір бөлігі өз біліктілігін растағандардың арасында ғана өткізілетін болады.

 «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС баспасөз- қызметі

2017.02.27
2017.03.01

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng