«Самрук-Энерго» АҚ журналистер арасында шығармашылық байқау жариялайды

Журналистер арасында шығармашылық байқауы

"Самрук-Энерго" АҚ тәуелсіз Қазақстанның энергетика саласындағы даму мен жаңаруға бағытталған жобаларының жүзеге асуы жайлы  журналистер арасында шығармашылық байқауы өз жалғасын табады.

Байқауға республикалық, аймақтық, шетел ақпарат құралдарының кәсіби журналистері, штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері, оған қоса, интернет журналистері мен блогерлер қатыса алады.

Байқауға 2017 жылдың қаңтар және желтоқсан айының 20-шы жұлдызына дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар қабылданады: мақалалар, репортаждар, арнайы видеошығарылымдар (ұзақтығы 10 минуттан жоғары емес), сұқбат, очерктер, жарияланған материалдарға интернет сілтемелер.  Байқауға жіберілген жұмыстар 10 номинация бойынша келесі талаптарға сай бағаланады: тақырыптың ашылуы, ақпаратты беру тәсілі, ақпарттың құндылығы, ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы. 

Әр номинация бойынша байқау жеңімпаздары марапатталады.

Байқауға қатысу үшін журналистерге БАҚ атынан ұсынылған материал белгіленген өтініш жіберуі тиіс. Оған қоса, жарияланған материалдарды электронды нұсқада немесе қағаз бетіне басылған түрде келесі мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 15А, Q бизнес орталығы, "Самрук-Энерго" АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар кеңсесіне (Журналистер байқауына деген белгімен) немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  почтасына жіберу қажет.

Өтініштер 2017 жылдың 20-шы желтоқсанға дейін қабылданады.

Байқаудың қорытындысы 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін анықталып, жеңімпаздар жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қорытындысы жарияланғаннан кейін бір ай көлемінде болады.

Байланыс телефондары:  (8717-2) 692-365; 553-062

2017.08.22
2017.08.22

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng