«АлЭС» АҚ тұлғалары: Драничникова Елена, «Алматы электр станциялары» АҚ 3-ЖЭО Өндірістік - техникалық бөлім бастығы

«АлЭС» АҚ тұлғалары: Драничникова Елена, «Алматы электр станциялары» АҚ 3-ЖЭО Өндірістік - техникалық бөлім бастығы

 Чернобыль апатына қарамастан, Елена Драничникова энергетик болу арманынан бас тартқан жоқ. Айтқан оқиға Еленаның арманына сәл  ғана түзету енгізді: ол энергетик –атомшы болғысы келетін, бірақ дәстүрлі энергетика бағытымен кетті.  Мамандығындағы  «екпін» туралы көп ойланатын, қазіргі уақытта техникалық және экологиялық қауіпсіздік, тиімділік және энергия үнемдеу мәселелерімен айналысады.

 Бүгінгі күні Елена Борисовна Драничникова - «Алматы электр станциялары» АҚ-ның 3-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы.  Бұл негізінен зор жауапкершілікті жүктеп, еш жеңілдіксіз атқаратын  ерлерге арналған  ауыр міндет.

 - Елена Борисовна, сіздің мамандығыңыз бен лауазымыңыз ерлердікі. Оған тағайындалған кезде өзіңіз  және әріптестеріңіз таң қалған болар?
 -  Мен - жоқ, мен таң қалмадым, себебі менің ұстанған бағытым  осы болатын. Ұжымым сабырмен қабылдады. Бізде үздіксіз өндіріс – эмоцияға беріле алмаймыз.

foto7

 .. Ол мамандық балалық шақта анықталды деп санайды. Көрнекі мысал - әкесі Борис Евдокимович Кашицин. Ол көп жылдар бойы КСРО-ның түрлі республикаларындағы  өнеркәсіпте жұмыс істеді,  сол кездері уран, стронций, күкірт  өндіру бойынша «Түркменминерал» кен байыту зауытында бас энергетик болған.

 - 1984 жылы мектепті бітіріп, әрі қарай оқу керектігі туралы мәселе қозғалғанда,  маған ықпал еткен әкем болды, - деп еске алады Елена Борисовна. - Сол кезде біз шалғайда Түрікменстанның оңтүстігінде, Ауғанстанмен шекаралас елді мекенде тұрдық. Менің әкем Орталық Азиядағы энергетикалық  энергия жүйесін қамтамасыз еткен энергетикалық пойызда (жылжымалы электр станциялар тресті)  жұмыс істеді.   Кейінірек ауылда орналасқан кешкі техникумда өнеркәсіптік жылу энергетикасы деген жаңа мамандық ашылды. Соған түсіп, оны  қызыл дипломмен бітірдім. Энергетика саласына осылай келдім.

foto1

 Сол ауылдағы техникалық мектепте оқып жүріп, зауытта - инженер- құрастырушы  ретінде жұмыс істей бастады. Оның алғашқы сапарларының бірі Киевке жоспарланған. 1986 жыл болатын  ...

 - Билеттер алдын ала 28 сәуірге сатып алынды, - дейді Елена Драничникова өз өміріндегі шешуші оқиға туралы. - Сапарға екі күн қалғанда, Чернобыль АЭС-да болған апат туралы ақпарат бүкіл әлемде таралды. Анам, әрине, баруға рұқсат бергісі келмеді. Алайда, қайткенде де бару ниетім күшейе түсті. Сол кезде атомшы инженер болу, атом электр станциясында жұмыс істеу туралы арманым пайда болды. Бұл  кейінгі салдарын ойламайтын жастарға тән таңдау болар.  

 Сөйтіп, ол Чернобыль АЭС апатынан радиоактивті бұлт төнген Киевке аттанды. Елена Борисовна сол кездегі  қаладағы үрей мен дүрлігуді,  барлық сапаршылардың дозиметрлермен жабдықталғандығын, үнемі радиациялық өлшемдер жасағандықтарын еске алады. Үйге қайтып келіп, жұмысын жалғастырды. Көп ұзамай ол сол мамандық бойынша Алматы энергетикалық институтына оқуға  түсті.

 - Рахымжан Нихатович  Календарев, Валерий Дмитриевич Огай, Эрнест Акимович Сериков, Кибарин Андрей Анатольевич сияқты тамаша ұстаздардан  дәріс алу бақытына  ие болдым, - деп Елена Борисовна ұстаздарына  өз алғысын білдіреді.   Мен өз мамандығым бойынша  әкем мен күйеуімнен бастап барлық мұғалімдеріме, басшыларыма және қазіргі командама  дейін әрдайым мамандардың қолдауын таптым. Бұл маған кәсіби өсуге көмектесті.

 Елена бала тәрбиесімен  айналысқан кезең болды. Мамандығына  2002 жылы оралды, 3-ЖЭО келді. Үш жылдың ішінде бірнеше сатыдан өтті, өзінің қазіргі бөлімінде ӨТБ есептеулер жөніндегі инженер болды, ал 2005 жылдан бастап осы аталған бөлімді басқарады. Оның осы лауазымға тағайындалуына сол кезде бас инженер, ал қазір  компания басшысы Нұрлан Тауфикұлы Мұхамед-Рахимов қолдау көрсетті. Бөлім ұжымы көбінесе ерлер болғанымен, әрдайым олардың қолдауын сезіндім дейді. Бұл аса  жауапты бөлім, жауапкершілік те жалпы ұжымға ортақ.

foto5

 -  Өндірістік  - техникалық бөлім - жалпыланған бөлім. Оның құрамында экологтар, метрологтар, режимдерді құрумен айналысатын мамандар тобы да бар, - дейді Елена Драничникова. - Экологтар ауаға шығарылатын  шығарындылар нормасын бақылауда ұстайды. Олар арнайы өндіріс орындарында үнемі өлшеулер жүргізеді. Статистика, мониторинг, станцияның барлық процестерін  бақылау біздің жауапкершілігіміздің аясында. Станцияның барлық көрсеткіштері де  бізде.

 - Біз барлық көрсеткіштерді  өңдейміз, есептеп, содан кейін ғана ұсынамыз. Атмосфераға шығарылатын шығарындыларға әсер ететін отын сапасы - біздің құзіреттілігімізде. Біз энергия үнемдеу, оған септігін тигізетін   ресурстарды пайдалану мәселелерін бақылап отырамыз. Жабдықтар жұмысының   режимін бақылауда ұстау да біздің мәселе. Метрологтар құрал-аспаптар көрсеткіштерінің дәлдігін, тексерулерді, сондай-ақ оларды жаңарту қажеттілігін бақылайды. Өндірістегі инновация біздің  өзекті тақырыбымыз. Бұл тұрғыдан  біздің қызметіміз жалпы  өндірістік процеске, оның қауіпсіздігіне тікелей ықпал етуге міндетті.

foto2

 Елена Борисовнаның қарамағында  12  қызметкер еңбек етеді. Олардың  ішінде өзі сияқты өмірін ерлер атқаратын  мамандықпен байланыстарған  бірнеше әйел бар. Айтар болсақ,  есепке алу инженерлері - Татьяна мен Бахытгуль, есептеу жөніндегі инженер - Әйгерім, метролог - инженер -Ельмира, мұрағатшы - Ольга. Кіммен, әйелдер неме ерлер қауымымен   жұмыс істегенің емес, олардың тұлға, кәсіпқой, өз ісінің майталманы болғаны және бүкіл ұжымның бір ортақ  толқынға бейімделіп  жұмыс істейтіні  маңызды.

foto3

 Елена өз  бөлімі туралы әңгімелей отырып, өз ұжымының жауапкершілігі мен  бүкіл станциясының жұмысы  арасында жіктеу қоймайды, ӨТБ жалпы Жылу электр орталығы (ЖЭО) сияқты үлкен механизмнің құрамдас бөлігі ғана екендігін нақтылайды.  Сондықтан, ол өзі туралы емес, станция дамуының маңызды кезеңдері туралы айтады.

 - Салқындатқыш мұнараларды, күлді тұтқыштарды, қазан агрегаттарындағы  жанарғы қондырғыларды қайта құру, кері осмосты және төрт халықаралық стандарттарды өндіріске енгізу кезеңдерін өткердік -  ЖЭО-да өткізілген өндірісті жаңарту  жұмыстарын зор мақтанышпен айтады. - Осының бәрі біздің қаламызды және Өтеген батыр атындағы  ауылды  қуат және  жылытумен үзіліссіз және қажетті  мөлшерде қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.

 3-ЖЭО өндірістік департаментінде  15 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Елена өз жұмысына әлі де таңқаларлық ...  романтикалық көзқарасты сақтаған.

 - Станцияны аралап жүріп  -  қуат аласың! - дейді ол. - Шешім қабылдауға, қиындықтарды жеңуге, жаңа нәрселерді үйренуге ынтаң оянады. Станция -  басқа әлем, басқа өмір. Мұнда  бәрі  сағаттағыдай: әр механизмнің өз мәні, жұмысы бар, олардың өзара үйлесімді қозғалысы, яғни жұмысының  нәтижесінде - электр және жылу энергиясы беріледі. Мұнда ерекше адамдар жұмыс істейді. Олар мейірімді және жанашыр, білімдерімен, тәжірибесімен  бөлісуге дайын тұрады, әрдайым көмекке асық.  Олардың барлығы  «Алматы электр станциялары» АҚ -дағы менің әріптестерім. Балалық шағымнан бастап бойымда қиындықтарды еңсеру қабілетін  тәрбиелеуге тырыстым. Мақсатыма  жеткенде, өзімді кезекті шыңды баңғындырған  альпинистей  сезінемін!

foto6

 Оның жұмысы елеусіз қалған емес, бірнеше рет мадақтау, марапаттау алды, алғыс жарияланды. 2017 жылы оған «КЭА Құрметті энергетигі» атағы берілді.  Бұл энергетиктер үшін аса құрметті  марапат. Өзіне сенімді және өміршең  әйел баласына  қарап, оның  әлі де талай кәсіби Эвересттерді  бағындыратындығына  сенімді боласың.

 Елена, әйелдердің көпшілігі сияқты, 8 наурыз мерекесін  жақсы көреді және  әйел баласына  тән әлсіздігін жақсы хош иісті ұнататындығын мойындайды.  Жеке өмірінде ол оптимист. Ол әкесінің ісін, яғни  энергетиктер әулетін жалғастырды. Оның күйеуі де энергетик болған, балалары да осы мамандыққа жақын. Үш жасар  немересі Давидтің  болашақта  энергетиктер дәстүрін жалғастырады деп үміттенеді.

2018.03.30
2018.04.02

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng