«АлЭС» АҚ тұлғалары: Ибрагим Геккеев, «АлЭС» АҚ Каскад ГЭС өндірістік департаменті бас инженерінің орынбасары

Жеке тәжірибеме негізделіп, мен энергетиканың - қоғам мен мемлекет үшін өмірлік мән - маңызы зор, шешуші сала деп анықтар едім

«АлЭС» АҚ тұлғалары: Ибрагим Геккеев, «АлЭС» АҚ Каскад ГЭС өндірістік департаменті бас инженерінің орынбасары

1966 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1991 жылы Алматы Сәулет – құрылыс институтын инженер-құрылысшы   (ПГС) мамандығы бойынша бітірді. Үйлі – боранды,  ұл мен қыз өсіріп отыр. Өзінің еңбек жолын 1991ж. «Алмата – Энергострой» (бұрыңғы -  «СУ ГРЭС») Ұжымдық кәсіпорнында учаске шебері лауазымынан бастады. «АЭС» ҰК 2-ЖЭО департаментінің аумағында орналасқан болатын, сондықтан көптеген обьектілердің, соның ішінде №8 қазанның құрылысы бас мердігер ретінде осы кәсіпорынмен жүзеге асырылды.

Осындай маңызды әрі өзекті міндеттер шешілетін қайнаған ортада жүріп, Ибрагим Геккеев энергетика кәсібінің қоғамдағы маңызы мен қажеттілігін терең түсінді.

2012ж. ол Каскад ГЭС департаментіне гидротехникалық цехтың  инженері болып ауысты, ал кейіннен  сол цехтың бастығы болып тағайындылды.

Жаңа жұмыспен танысу барысында соғыс және соғыстан кейінгі ауыр жылдары білектің күшімен салынған ғимараттар мен жабдықтардың қуаты мен көлеміне, бүгінге дейін олардың жұмыс қабілетін сақтап, халық игілігіне пайдаланудағы  адамдардың ерен еңбегіне әрдайым тәнті болатынмын. Өйткені Каскад ГЭС обьектілері 25 км созыла орналасқан (Талғар ГЭС есепке алмағанда) және өзара күрделі гидротехникалық құрылыстар жүйесімен байланысты. Ұзындығы шамамен  6 км созылған 1-ГЭС – 2-ГЭС арасындағы таулы тегеурінді тоннельмен алғаш жүріп өткенім әлі есімде.

Каскад ГЭС аға буын өкілдері менің маман ретінде қалыптасуыма зор ықпал етті. Өздерінің кәсіби білімдерімен бөлісе отырып, олар маған барлық, соның ішінде төтенше жағдайды шұғыл бағалауды, кәсіпорынның технологиялық қызметі мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мейлінше оңтайлы шешім  қабылдауды да үйретті.

Каскад ГЭС үйлесімді біріңғай азға ретіндегі функционалды қызметін жан – жақты  түсіне білуге дағдыландырып, гидротехникалық құрылыстарды пайдалану режимдерінің қыр - сырын ашқан гидротехникалық цехтың бұрыңғы бастығы, тәлімгерім С.Ф.Поповқа  ризашылығым шексіз.  

2017ж. мені бас инженердің орынбасары лауазымына тағайындады, шешетін міндеттерімнің аумағы да кеңейе түсті. Жеке тәжірибеме негізделіп, мен энергетиканың  - қоғам мен мемлекет үшін өмірлік  мән - маңызы зор, шешуші сала деп анықтар едім. Энергетик жолын таңдағаныма қуанамын, оның дамып, өркендеуіне сүбелі үлесімді қосудан аянбаймын деймін.

Бос уақытымды футбол ойынына арнаймын, балық аулауды да ұнатамын. Адамдардың бойында адамгершілік, адалдық пен парасаттылықты жоғары тұтамын.

2018.01.29
2018.01.31

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng