АлматыАлматыЭнергоСбыт: Нурлиева Алина Маратқызы

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары

32 жас

Мен энергетика саласында 5 жыл жұмыс істеймін, жалпы еңбек өтілім 11 жыл. Өз еңбек жолымды акционерлік қоғамда бастағанмын (менеджер, Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы), қазіргі таңда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-де бас бухгалтердің орынбасары лауазымында жұмыс істеймін, білімім жоғары (Волгоград мемлекеттік университеті, РФ, Басқару және аймақтық экономика факультеті, «Экономист-менеджер» мамандығы).

Қызметімді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-де активтерді басқару бөлімінде, сонымен бірге ішкі аудит тобында және бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау қызметінде жұмыс істегенмін.

2015 жылдың қыркүйегінен бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасарымын.

Мамандық пен бейімділік бойынша үшінші ұрпақтағы экономистпін, мамандығымды Ресейде оқыдым және әрқашан көп білім алуға ұмтылып, оны тәжірибеде қолдануға тырыстым. Атам мен үшін үлгі тұтар адам болған. Ол өз мансабын есепшіден бастап кейіннен әскери банктің басшысы болып, оны көптеген жылдар бойы басқарды.

Менің отбасым негізінен банк пен қаржылық қызметпен байланысты, ал ҚР-ғы энергетикамен әзірге менің жұмысым ғана байланысты. Экономикалық талдау, бизнес-жоспарлау, қаржылық көрсеткіштер барлығы маған қызық болған. Екі жыл бұрын маған қызмет саласын ауыстыруды ұсынып, өзімді бухгалтерлік есепте көруге мүмкіндік жасады. Қысқа мерзімде барлығына үйренуге тура келді, алайда бұл кәсіптік және тұлғалық жағынан өсуге мүмкіндік берген тамаша жағдай болды. Сонымен бірге әрі қарай оқып үйренуді жалғастырып, болашақта АССА (The Association of  chartered certified accountants) біліктілігін алу ниетім бар.

Алматы және Алматы облысының ауқымындағы энергетика саласында қаржылық талдау мен бухгалтерлік есеп өте қызықты.  Бұл – біз үшін жас мамандарға берілген тамаша тәжірибе. Біздің компаниямыздың ұжымы өте жақсы және оған қоса оның ішінде тәжірибесі мол мамандармен бірге өмірде өзінің мақсаттары бар перспективті тұлғалардан тұратын қызметкерлер бар. Мен болашақта отбасын құрып, өз кәсіби оқуымды жалғастырып, энергетика саласында қызмет атқарып және болашақта мүмкін өз балаларым үшін үлгі болар тұлға болу жоспарымда бар.

2016 жылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Құрмет грамотасымен марапатталғанмын.

Жұмыстан бос уақытымда фотосуретпен айналысамын, кітап оқығанды жақсы көремін және жиі ескі фильмдерді көремін.

Өзімнің әріптестеріме, энергетиктерге және басқа да адамдарға қызметтерінің барлық салаларында табыс, тұрақтылық пен сәттілік тілеймін.   

nurlieva 1nurlieva 1

2017.05.30
2017.05.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng