Богатырь Көмір: «Богатырь» болашағы сенімді қолда

«Кеншілер даңқы» белгісінің толық коволері Игорь Владимирович Нехорошевтың айтуы бойынша, адамдар мен оқиғалардың ортасында болған ұнайды

Богатырь Көмір: «Богатырь» болашағы сенімді қолда

Новосібір облысының тумасы Игорь Владимирович Нехорошев ата – анасымен  Екібастұз қаласына кеңестік жалпы құрылыс жылдарында келген екен. Әкесі Владимир Андреевич -  теміржолшы, №163 ТКУ (қазіргі К.Пшенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжі) өндірістік оқыту шебері болып қызмет атқарып,  бірнеше теміржолшылар мен кеншілер буынын тәрбиелеген. Анасы Анна Николаевна – еңбек сіңірген медициналық қызметкер. Көп жылдар бойы «Экибастузуголь» өндірістік бірлестікте денсаулық сақтау саласында  «Богатырь», «Северный», «Восточный»  кенішінде  кезекші фельдшер болып қызмет атқарды.  Ұлдары Игорь Владимирович те өз өмірін көмір саласымен байланыстырды. Әкесінің ақыл-кеңесімен Екібастұз тау –кен техникумына «тау-кен электромеханигі» мамандығы бойынша оқуға түсті.  Оқуын тамамдап, жедел әскери қызметінен соң, 1992 жылы «Северный» кенішінің №2 аршу участкесінде  эксковатор машинистінің көмекшісі болып жұмысқа тұрды. Сол күндерді еске ала отырып, Игорь Владимирович өзінің 10 кубты шөмішті, 2526 сериялы нөмірлі ең бірінші эксковаторым   әлі есімде дейді. Өміріндегі ең бір сәтті кез деп өзінің еңбек жолындағы тау – кен мастері Мурата Зейнуллинович Махметов пен эксковатор машинисті  Леонида Владимирович Бельдениновтың қол астында жұмыс істеген алғашқы екі жыл деп санайды.   – Мен үшін Мурат Зейнуллинович пен  Леонид Владимирович барлық жағынан  жұмыста да , адамдармен қарым –қатынас орнатуда да  үлгі болды. Ашық және адал жандар, кез – келген жағдайда сөзбен де,  іспен де көмектесуге әзір болатын.  Кәсіптік тұрғыдан қалыптасу жылдары өмірімде осындай адамдармен кезіктіргеніме тағдырыма ризамын, - деді Игорь Владимирович.

Тәжірбиелі тәлімгерлер және жақсы тәжірбие Игорь Владимировичке 4 жыл өте өндірістік участкені басқаруға мүмкіндік берді.  2009 жылы қиын экономикалық  ахуалға байланысты участке жұмысын  уақытша тоқтатқанша,  осы қызметте ол 13 жыл жұмыс істеді.  Игорь Владимировичке «Богатырь» кенішінің аршу кешені участкесінің кезекші  бастығы қызметін ұсынды. Ол келісті, әрине қазір қабылдаған шешімініе еш өкінбейді.

- «Кеншілер даңқы» белгісінің толық коволері Игорь Владимирович Нехорошевтың айтуы бойынша, адамдар мен оқиғалардың ортасында болған ұнайды.  – Тағы да оперативті кеңістік,  кейде шешімді қас – қағым сәтте қабылдауға тура келеді, бұндай да ең бастысы шешімнің дұрыс болуы.  Бірақ мен жауапкершіліктен ешқашан қорыққан емеспін, бұл қасиетті мен әкемнен алған едім.  Сонда да біздің жұмыста негізгі принціптің бірі ол – адамдармен жұмыс істей білу. Себебі сенің жұмыскерлеріңді жұмысқа деген ынтасын қалай қоясың,  тапсырманы жеткізе алсаң,  соңғы нәтиже соған байланысты ғой.   Осы жерде мен біздің  болашағы жарқын  жастарды айта кеткім келеді. Кейбіреулері менің еңбек жолымды қайталауда. Мысалы Александ Титов кезінде мен еңбек жолымды бастаған  участкеде  - участке бастығы.  Александр бізге 4 жыл бұрын институтты бітіргеннен соң келді. Тау – кен мастері болып еңбек жолын бастады, ал қазір 26 жасында участкені басқарып отыр.   Әрине бұған негіз болған үлкен тәжірбие, участке басшысының орынбасары ретінде адал қызметі. Тек содан кейін ғана Александр №2 аршу жұмыстарының участке бастығы болып тағайындалды.  Мен Александрдың басшы ретінде қалыптасуына қатысқанымды қуанатынымды жасырмаймын. Енді мақтанышпен ол менің оқушым деп айта аламын. Компания басшылығында Александр алдыңғы қатарда.  Басқа да перспективті жастар өте көп. Соның бірі Сергей Кобзенко. Әр кезде ол участке бастығының қызметін атқарып, қазіргі кезде №2 игеру жұмыстары участкесінің участке бастығының орынбасары. Білікті маман және кез – келген уақытта сеніп тапсыра алатын адал адам. «Богатырьда» осындай қадірлеуге тұратын  адамдар өте көп, демек кәсіпорын болашағы сенімді қолда.

Канат АЛДАБАЕВ

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

2017.04.10
2017.05.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng