Богатырь Көмір: Кәсібіне адалдық

Бүгінгі күні Якоби отбасының даңқты кенші дәстүрін Владимир Вкторовичтің ұлдары жалғастыруда

Богатырь Көмір: Кәсібіне адалдық

Екібастұздың байырғы тұрғыны, ЭКГ- 12 № 1501 экскаваторының машинисі Владимир Викторович Якоби кеншілер оотбасынан шыққан. Әкесі Николай Семенович көптеген жылдар бойы бастапқыда паравозда, кейіннен «Северный» кенішінде электровозда машинист көмекшісі болып жұмыс істеді. Анасы Елизавета Ивановна құмқұрғатқышта жұмысшы болып істеді, оның міндеті паравоздар мен электровоздарды құммен қамтамасыз ету еді. Отбасы әулетін Владимир Викторович жалғастырды, 74 жылы сегізінші сыныпты аяқтаған соң №163 СПТУ-ға «экскаватор машинисі» мамандығына түсті. Оның ізін «Богатырь Көмір» ЖШС-да ЭКГ – 8 И № 403 экскаваторының машинисі болып істейтін кіші інісі Андрей басты. 

Владимир Викторович училище мен мамандықты саналы түрде таңдады, себебі оқушы болған кезден бастап әкесімен бірге кеніште бірнеше рет болды, кеншілердің еңбегі туралы түсінігі бар болатын.

- Әлі есімде сыныппен бірге №163 училищеге (қазіргі Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжі) экскурсияға бардық, мамандандырылған технология кабинетіне кірдім, онда экскаватордың үлгісі, озаттардың суреттері экспозицияға қойылған екен. Солардың кейбіреуі мысалы Михаил Васильевич Воиновпен мен соңынан жұмыс істедім. Сол кездің өзінде мен мамандық таңдауды анықтаған едім. Екі ай құрылыс отрядында еңбек еттім, №5 мектепті салуға қатыстым. Оқуды спортпен айналысумен біріктірдім: жеңіл атлетика, футбол, қыста – хоккей. Училищенің құрамасы үшін шықтым. Екінші курста мені тіпті Ермак дене тәрбиесі техникумына ауысуға үгіттеді, бірақ мен бас тарттым.

Владимир Викторович өндірістік тәжірибені Анатолия Васильевич Зеленковтың қол астында өтті. Оны ол өзінің алғашқы тәлімгері ретінде санайды, ол одан көп нәрсені үйренді, кәсіпті тануды, жеке қасиеттерді қалыптастыруды.

- Сол жылдары училище бітірген соң өндірісте міндетті түрде тәжірибеден өту туралы ереже болды, - деп өз әңгімесін жалғастырды Владимир Викторович. – Содан кейін ғана шұғыл әскери қызметке шақыртылды. Әскери қызметті мен Талдықорған облысында Үшарал шекаралық кентіндегі артиллериялық полкта, тарту бөлімшесінің командирі ретінде өттім. Әскерден соң 80 жылдары «Южный» үйінді жұмыстар учаскесіне оралдым. Бастапқыда көмекші ретінде, соңынан ауыстыратын машинист ретінде. Бригадалық қатар әдісімен 80 жылдың ортасындағы алдыңғы қатарда еңбек еткен біріншілердің қатарында болдым.  Біз барлығын өзіміз атқардық, оның ішінде жолдарды қайта төсеуді жүргіздік. Екі экскаваторлық бригада 16 адам бір ұжымдай жұмыс істеді. 3 миллиондаған тонна аршылым – біздің өндірістік көрсеткішіміз осындай болды. Қиыршық тас карьерінде 15 жыл жұмыс атқарып, осы күні жұмыс істеп жүрген үйінді жұмыстары учаскесіне ауыстым.

Владимир Викторович машинистің жұмысындағы ең бастысы ешқайда асықпау, машинист жұмысы әбігерлікті көтермейді деп санайды. Барлығын ойланып, ақылға салып жасау қажет.

- Ұжымымыз біздің тату және ұйымшыл, барлығы нағыз кәсіпқойлар. Біздің ұжымға 2015 жылы қосылған және экскаваторды монтаждауға тікелей қатысқан жас мамандар Дәурен Құсаинов пен Матвей Запрягаев өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді.  

Владимир Викторович өз бригадасының ұжымы туралы Владимир Семенович Высоцкийдің өлең жолдарымен айтады:

«Ведь коллектив тем и силен, что чувство локтя дарит он.

Воспитывая страсть коллективизма». 

Өзінің 40 жылғы еңбек жолында Владимир Викторович ВДНХ КСРО қола медалімен, «11 және 12 бесжылдықтың екпіндісі» белгісімен марапатталды, «Шахтер Даңқы» белгісінің толық кавалері болып табылады, оның суреті өндірістегі озаттардың арасында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің құрмет тақтасына ілінген, «Компанияның 2016 жылғы үздік жұмыскері».

Бүгінгі күні Якоби отбасының даңқты кенші дәстүрін Владимир Вкторовичтің ұлдары жалғастыруда: үлкен ұлы Евгений «Восточный» кенішінде экскаватор машинисі болып жұмыс істейді, кішісі Александр – «Богатырь» кенішінің қиыршық тас карьеріндегі ұнтақтағыш құрылғының машинисі. 

Қанат АЛДАБАЕВ

2017.04.10
2017.05.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng