Богатырь Көмір: Дәстүрге берік отбасы

Бұл менің еңбек жолымда ең қызықты кезең болды. Біз тәулік бойы жұмыста жүретін едік

Богатырь Көмір: Дәстүрге берік отбасы

Бұл менің еңбек  жолымда ең қызықты кезең болды. Біз тәулік бойы жұмыста жүретін едік, сынған техниканы да өзіміз жөндейтінбіз тек тезірек жөндеуден шығып, қалып қойған жүк тасымал көлемін  толықтыру үшін.

Мынбаевтар отбасы «Богатырь Көмір» компаниясының еңбек әулетінде ең танымалдыларының бірі.  Барлық үш ағайын БЖКБ ның темір жол саласында бірнеше онжылдықтан аса қызмет атқарады.

Мынбаевтар еңбек әулетінің  бастаушысы ағайындылардың ең үлкені Касымжан Темірханович.  Күні бүгін еске алса, 75-ші жылы әскери борышын өтеген соң ,  оқыту курстық комбинатында «дизель-электропровоз машинистінің көмекшісін» даярлайтын алты айлық курсты оқып, жұмысқа орналасқан. ОПЭ машинисті болып жұмысқа орналасты, ол кезде бұл өте беделді жұмыс еді.  Осы қызметте 27 жыл жұмыс атқарып, тепловозға ауысып, жолын жастарға берді.  Кәсібін өзгертпей Қасымжан Темірханович осы мамандықта күні бүгінде 40 жылға тарта жұмыс істеуде.  Қазіргі уақытта Богатырь жүк тиеу басқармасы «Степная» жылжымалы құрам депосы.  Айтуы бойынша , іштей осы мамандыққа көңілі ауып, өзінің өмірлік кәсібін тапты.  Алайда басында Касымжан бұл жұмысты уақытша деп қабылдады, институтқа түсу ойы да болды. Тіпті біршама уақыт осы мақсатпен  ЖОО кешкі ауысымында оқыды. Кейін оқуды қалдырып, бар жан-тәнімен жұмысқа беріліп кетті.

Жастық шағын еске алып, былай дейді:

- Бұл менің еңбек  жолымда ең қызықты кезең болды. Біз тәулік бойы жұмыста жүретін едік, сынған техниканы да өзіміз жөндейтінбіз тек тезірек жөндеуден шығып, қалып қойған жүк тасымал көлемін  толықтырғымыз келетін.

Бригадалар арасындағы жарыстардың  рухы  маған ықпал етті. Ол кезде сондай уақыт еді, барлығы бірінші болғысы келді. Ол   өз жұмысында ең жақсы болу дегенді білдіретін.

Қасымжан Темірхановичтің еңбек  жылдарында көптеген маңызды оқиғалар болды. Соның бірі Екібастұз көмірінің 500 миллион тоннасын  жөнелту еді.

Ағайындылардың ортаншысы - Джумакан Темірхановичте мамандық таңдауда үлкен  ағасының жолын қуды.  Сегізінші сыныптан соң, ол бірден тау кен техникумына «Жылжымалы құрам» мамандығы бойынша оқуға түсті.  Оқу орнын тамамдағаннан соң,  Северный ЖКБ-не  электровоз машинисті болып жұмысқа орналасты.  Әскерге шақырту алды, Отан алдындағы борышын адал атқарып келгеннен соң, ағасының кеңесі бойынша Богатырь жүк тиеу көлік басқармасына алдымен  машинсит көмекшісі ретінде, кейін машинист болып қызмет атқарды. Қазір Джумакан Темірханович машинист – нұсқаушы болып жұмыс істейді.  Әсіресе 37 жыл бойы бір жұмыс орнында яғни, Богатырь жүк тиеу басқармасының «Эксплутация» жылжымалы құрам депосында  берік жұмыс атқаруы ерекше құрметке лайық.

Қызықтысы Джумакан да өз ағасы сияқты осы орында көп жұмыс істеуді жоспарламаған. Тіпті ол медициналық ЖОО тамамдауды ойлаған. 

-  Біздің әкеміз менің медициналық білім алып, дәрігер болғанымды қалаған – деп түсіндірді Джумакан Темірханович. – Алайда  мен барлығының осылай болғанына ризамын. Менің жұмысым өзіме ұнайды және осы салада мен маман ретінде қалыптаса алдым.

«Богатырь Көмір» ЖШС  Джумакан Темирхановичтің жолдасы Галия Зейнуллинова да Богатырь жүк тиеу көліктік  басқармасының  №1 энергошаруашылығында жылу пунктінде оператор қызметінде   жұмыс істейді.

Мирасқорлықты сақтай отырып, Мынбаетардың кішісі Нұрлан Темирхановичте теміржолшы мамандығын таңдады. Тау – кен техникумының «Вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген соң, Богатырь жүк тиеу басқармасының   «Богатырская» станциясында поездарды құрастырушы болып жұмыс істейді, ауысым бригадирі.

Жұмыс пен оқуды қатар атқара жүріп Нұрлан Темирханович Қ.Сатпаев атындағы Екібастұз инженер-техникалық интитутында «Вагондар мен вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша  жоғарғы білім алды. 

Мынбаевтар ағайындыларының әрқайсысы еңбек айбыны белгісін алды. Ағайынды Мынбаевтардың арқайсысында еңбегі үшін марапаттаулары бар, әрине ең көбі үлкеніне тиесілі. Қасымжан Темірханович –  «Шахтер даңқы» белгісінің толық каволері, көмір өндірісінің құрметті жұмыскері,  Компанияның Ең Үздік жұмыскері атанып, Құрмет Тақтасына ілінді.

Көп жылғы қажырлы, адал  еңбегі  үшін Джумакан Темірханович үшінші деңгейдегі «Шахтер даңқы» белгісімен марапаталған. 

Екінші  деңгейдегі «Шахтер даңқы» белгісімен биыл Нұрлан Темірханович те  марапаталды.  Үлкен ағаларының  Нұрланға деген сенімі мол, себебі Нұрланның еңбек өтілі 25 жыл, яғни алда әлі де мүмкіндігі мол.

Қазіргі қиын кезеңде  дағдарыс туралы сөздерге қарамастан, ағайынды Мынбаевтардың болашаққа сенімі мол. «Барлығының жақсы боларына сендік, әлі де сенеміз», -  дейді  ағайындылар.

Канат АЛДАБАЕВ.

2017.04.10
2017.05.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng