Богатырь Көмір: Ғұмырының борышы

Танзиля Салаватовна Мурзагалиева «Богатырь» көмір кенішінде 35 жыл тұрақты түрде жүк пен жолжүгін қабылдап-өткізуші болып еңбек етуде

Богатырь Көмір: Ғұмырының борышы

Танзиля Салаватовна Мурзагалиева «Богатырь» көмір кенішінде 35 жыл тұрақты түрде жүк пен жолжүгін қабылдап-өткізуші болып еңбек етуде. Көмір шығарушы кәсіпорынның атауы мен ұйымдық құрылымы, жүк қызметінің техникалық жарақтануы да өзгеріп отырды, бірақ тұтынушыларға көмірді үздіксіз және сапалы жеткізуді қамтамасыз ету міндеті ғана өзгеріссіз қалды. Бүгінгі күні Танзиля Салаватовна «Богатырь Көмір» ЖШС көмір нарығы және оны өткізу дирекциясы жүк қызметінің «Богатырская» станциясында жұмыс атқарып жүр.

murzagalieva foto 1

Теміржол өмірінің ырғағы оған бала кезден таныс. Өзі туған жері ресейдің шағын қаласы Татарскіде тораптық теміржол станциясы болды. Ондаған жүк құрамы күн сайын олардың станциясы арқылы өтетін.

— Енді кейде туған өлкеме барған сайын мен станциялардың қанша жүк поездарын қабылдай алатындығын, олар вагондардың қандай түрлерін пайдаланатындығын, теміржол жұмысшыларының қалай жұмыс атқаратындықтарын тәріжибелі кәсіби көзқараспен бағалай аламын. Мен ылғи да жаңаны аңғарып жүремін.Бір сөзбен айтқанда менің мамандығым мені жібермейді және қызықты болып қалады – деп жауап берді Танзиля Салаватовна.

Танзиля Салаватовна өзінің өндірістік жұмыс күндері туралы айта келе келесіге ерекше көңіл бөлді:

— Көмірді жоғалтып алуды болдырмас үшін менің міндеттеріме көмір артылған соң құрамды байқау және вагондардың коммерциялық техникалық жағдайын тексеру кіреді. Біз вагондардың түрлері мен саны, олардың сериялық нөмірлері мен жүк көтергіштігі туралы ақпаратты алған соң оларды деректер базасына енгіземіз, сосын көмірдің сапалы сипаттамасын негізге ала отырып құрамның қандай бағыт бойынша жіберілетінін нақты айта аламыз. Біздің жұмыста қате жібермеу маңызды, сондықтан өте мұқият болған жөн.  Мен жастарға жұмыстан қорықпауды, егер бірнәрсе түсініксіз болса ұялмай сұрауды  үнемі айтып отырамын.  

Танзиля Салаватовнаның кәсіби жолы да ерекше болды. Сегізінші сыныпты аяқтаған соң Куйбышев медучилищесіне «фельдшер» мамандығына түсуге барды.

— Адамдарға көмектескім келді,- деп түсіндіреді өз таңдауын Танзиля Салаватовна.- Сол кезде маған тек осы салада ғана мен адамдарға көбірек пайдалы болатынымдай көрінетін. Оқудан рақат алдым. Егер мектептегі жылдары қоғамдық өмірден тыс жүрсем училищеде топ старостасы бола отырып бірінші рөлге шықтым. Екі курсты аяқтаған соң Екібастұзға ауыстым. Бұнда анамның әпкесі тұратын еді. Сол маған жаңадан ашылған жергілікті медучилищеге ауысуды ұсынды. Екібастұз қаласында мен өзімнің болашақ жарымды кездестірдім, тұрмыс құрдым, қыз тудым. 1982 жылы оқуды аяқтап, диплом алдым. Бірақ мамандығым бойынша жұмыс істемедім. «Экибастузуголь» бірлестігінде істейтін жолдасымның немере қарындасы өздеріне жұмысқа тұруды ұсынды. «Трудовая» станциясына адамдарды қабылдау аяқталыпты, сондықтан мені «Богатырская» станциясына жіберді. Сол кезде Екібастұз жүк тиеу-көліктік басқармасы жүк қызметі учаскесінің бастығы Валентина Николаевна Пивненко еді. Бізге ол анамыздай болды. Валентина Николаевна әрқайсымызды жақсы білетін, қалай өмір сүріп жатқандығымызды, отбасындағы жағдайды. Кез-келген жағдайда ақылды кеңес беретін, оған үнемі көмек сұрап жүгінуге болатын. Ол адамға көмек көрсетсең оның қайтымы міндетті түрде болатынын жақсы түсінетін. Өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындайтын. Қазір ол зейнеткерлік демалыста, бірақ біз араласып тұрамыз. Бастапқы кезде маған өте қиын болды, жұмыс көп еді. Менің тәлімгерім Надежда Фридрих болды. Оның қол астында екі ай сынау мерзімінен өттім. Ол кезде көбін қолмен істейтінмін. Мысалы, жүк құжаттардың бүтіндей бумасына мөртабан соғу немесе натурлық парақтарды көшірме арқылы толтыру. «Көз қорқақ, ал қол батыр» деп тегін айтпаған ғой. Уақыт өте келе бұл қарапайым ғылымды да меңгердім және өндірістік үдеріске іліктім. Ұжымымыз тату. Шайзамал Ингебаевна Тайгибаева сияқтылармен еңбек жолымды бірге бастағам. Бізден бұрын өндіріске Галина Васильевна Лысак, Елена Ивановна Корнейчик келген. Бүгін Танзиля Салаватовна жас жұмыскерлерге өзі тәлімгер болып жүр, оның жүздеген оқушысы бар. Ол «Еңбек даңқы» белгісінің толық кавалері, алғыс хаттары бар.

— Маған «Богатырь Көмір» сияқты ірі компанияда жұмыс істеген ұнайды – дейді  Танзиля Салаватовна. – Кез-келген кәсіпорын жұмысшыларға арналған әлеуметтік кепілдіктер пакетімен мақтана алмайды. Ал қарапайым жұмыскерлер үшін бұл өте маңызды, өмірлік жоспарлар құруға және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

2017.04.10
2017.05.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng