Алматы электр станциялары: Энергетикалық бауырластыққа 30 жыл

«Алматы электр станциялары» АҚ 2-ЖЭО Басқарушы директоры Фазоил Салимов

«АлЭС» АҚ 2-ЖЭО Басқарушы директоры Фазоил Салимов 30 жыл қатарынан станцияда жұмыс істеп келеді. Ұлты әзірбайжан, 49 жастағы Фазоил бүгінде төрт баланың әкесі атанып отыр. Энергетикадағы жолын багерлі сорғының моторшысы лауазымынан бастаған. Алғашқы тәлімгері сол кезде қазандық цехының ауысым бастығы лауазымын атқарған, өз ісінің шебері , қазіргі уақытта «Ақтөбе ЖЭО» Басқарма Төрағасы Рахым Лұқпанов Мұхамедғалиұлы болған.

«Кеңес Одағы құлаған кезде зардап пен қиыншылыққа толы күндер туды: жалақы қаншама айлар бойы берілмеді, өндірістік апаттар болды, станцияда қосалқы бөлшектер болмаған жағдайда станцияның басшылығы мен қызметкерлерінің кәсібилігіне сүйеніп шығуға тура келді. Елімізге қол ұшын беріп, экономикалық қиыншылықтан аман-есен шығу үшін өз ісін адал орындап, дағдарысқа төтеп беретіндей күш-қуат керек еді. Алға қойылған тапсырмаларды орындау үшін азғантай ғана мерзім берілетін. Біз жұмыста жолдастарымызбен етене жақын болдық: түскі астарды бөлісіп ішіп, жетістіктерімізге бірге қуанып, өндірістік мәселелерді әрқайсымыз өз деңгейімізге қарай біріге шешуге тырыстық, бірақ ең бастысы, біз бәрін жұмыла жасадық!», -деп Фазоил Салимов өткен кезең жайында сөз етті.  

Өз ісіне жауаптылығы, алға қойған мақсатына ұмтылуы сияқты Фазоил Салимовтың ерекше қасиеттері елеусіз қалмады, ел энергетикасының жандануына қосқан үлесіне бірнеше мәрте марапаттар берілді. 2012 жылы «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген энергетигі» атағы берілді. 2016 жылы жеке басшылығымен 2-ЖЭОда №8 қазан агрегаты іске қосылды, осы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай медальмен марапатталды. 

Фазоил Салимовтың адами қасиеттері жайында сөз қозғамау мүмкін емес. Ол жас мамандармен жұмыс істегенді ұнатады, әрдайым бастамаларын қолдап, әлеуеттерін аша отырып, идеяларын жүзеге асыруға көмегін көрсетіп отырады. Қазіргі уақытта қаламыздың өзге де станцияларында бүл кісіден тәлім-тәрбие алып, дұрыс жолға бағытталған мамандар аз емес. 

Бос уақытында Фазоил Салимов бала тәрбиесімен айналысады. Жұмыста қандайда бір жетістіктерге қол жеткізу үшін саған күш беретін, сені рухтандыратын ол «отбасын» деген пікірді ұстанады. «Қазіргі еліміздің аяғына нық тұрған, керек білімін алу үшін жастарда барлық мүмкіншіліктің бар кезеңінде, еңбектің қолайлы жағдайында жаңа толқындағы ұрпағымыз елі мақтанышпен айта алатындай еңбек етсе, Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылса», -деп Фазоил Салимов өзінің жылы лебізін білдірді. Кез-келген жағдайдан шығатын жолдың барына ол берік сенімді, ең бастысы – алға қойылған мақсатқа ұмтылу! Яғни, біздің мақсатымыз әрбір отбасын жарық және жылумен қамтамасыз ету, -деп ойын қорытындылады.  

2017.04.12
2017.05.25

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng