Алматы электр станциялары: Алексей Ким — Энергетик мамандығын таңдағанымды мақтаныш санаймын

Алматы электр станциялары: Алексей Ким — Энергетик мамандығын таңдағанымды мақтаныш санаймын

Мен 1960 жылы туылдым, отбасым, балаларым бар. Ұлым мен  қызымның дүниеге келуі  өмірімдегі аса бақытты сәттерім. Қолым босағанда бильярд ойнаймын, балық аулағанды өте ұнатамын.  Өмірлік ұстанымым  – кәсібилік және парасаттылық. Білімім жоғары - инженер-жылу энергетигімін. Мамандық таңдаған кезде энергетиканың кез келген мемлекеттің дамуының маңызды элементі ретінде тартымды болатыны қызықтырды.

image002Өз еңбек жолымды Алматы 1-ЖЭО –сында 1982 жылы қазан жабдығын жөндеуші слесір лауазымынан бастадым. Бұл маған жабдықтардың жұмысын, станция схемасының  прициптерін   іштен танып білуіме, ұғынуыма және техникалық тұрғыдан сауатты маман болуыма үлкен септігін тигізді.  1990 жылы цех басшысының орынбасары, 1994 жылы  қазан цехының бастығы; 1998 жылы 1-ЖЭО бас инженерінің орынбасары, 2006 жылы  бас инженер  лауазымына тағайындалдым. Содан бері 11 жылдай уақыт өтті.  Менің жоғары білікті маман ретінде қалыптасуыма ұжымдағы «Тәлімгер» қозғалысының айтарлықтай ықпалы болды. Л.Н.Сильвестров, К.Х.Хасенов сынды аға буын кәсіби энергетиктері бай тәжірибесімен бөлісуде, шығармашылық ізденістерге ынталандыруда, азаматтық қасиеттердің үлгісін көрсетуде аянған жоқ. Соның нәтижесінде жұмыс барысында озық және экономикалық ұтымды тәсілдерді пайдалана білетін, білікті әрі қабілетті жетекші болуды үйрендім. Сонымен қатар өндірістің  маңызды учаскелеріне аса мән беру, станция жабдығы жұмысының экономикалық көрсеткіштерін арттыруға бағытталған  бірқатар өнертапқыштық ұсыныстар  мен  техникалық шешімдерді қабылдау  жауапкершілігін игердім. Осы ұсыныстардың есебінен өндірісте айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткіздік.

image003

image004

Жеке тәжірибемнен ерекше сала -  энергетиканың жоғары техникалық білікті мамандарды қажет ететіндігін түсіндім. Сондықтан мен де станцияның қоғамдық және өндірістік өміріне  белсенді қатысып, жанымдағы жастарға тәлімгер болып, бірқатар мамандар даярладым, шәкірттерімнің қатарында А.К.Хасенов, Д.А.Кулипбаев, С.Л.Аметов, Д.Е.Жакупова  және тағы басқалар бар. 1-ЖЭО – менің екінші үйім. Өндірістік процесс барысында қызықты оқиғалар да болып тұрады. Сондай оқиғаның бірі станцияны аралау барысында орын алғанды. Турбина цехына қоңырау шалынды да, ар жақтағы дауыс:  «Аким сіздің цехта ма?» деп сұрап, ол цех аралап, жүр деп хабарлады. Онда алдынан шығып, қарсы алайық деген оймен, цехты аралап кеттік. Кейіннен түсіндік, мен өзімді өзім іздеппін.  «А.Ким сіздің цехта ма?» деп мені  сұраған екен....

image005

Көшелердің жарық болуы, зауыттар мен кәсіпорындардың үздіксіз жұмысы, миллиондаған адамның тіршілігіне қолайлы жағдай туғызу –  осының барлығы ресурстың айтарлықтай шығынымен қатар, энергетиктердің кәсіби, табанды және күн- түн демейтін адал еңбегін  қажет етеді.

Энергетика саласын таңдағаныма және оның дамуы үшін барынша үлес  қосып келетініме мақтанам. Еңбегім де бағаланып, еленіп келеді.  Қазақстанға еңбек сіңірген энергетигімін.

image006

Екінші үйім санайтын станцияда жоғары білікті мамандардың  және  талабы зор жалынды жастардың жұмыс істейтініне қуанамын.  Ұлым жолымды жалғастырушы, энергетика саласын таңдады.  Барлық энергетиктерге табыс және отбасылық бақыт тілеймін.

Алексей Ким, «Алматы электр станциялары» АҚ Алматы   1-ЖЭО  Бас  инженері  

2017.03.17
2017.05.25

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng