«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ үздік шебері

Энергетика саласында 24 жыл. Қазіргі уақытта – Ұйғыр электр тораптары ауданының «Сүмбе» аумағының шебері

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ үздік шебері

Энергетика саласында 24 жыл. Қазіргі уақытта – Ұйғыр электр тораптары ауданының «Сүмбе» аумағының шебері.

Мен Абдрахманов Мәлік Үсенұлы, 1962 жылы 8 наурызда дүниеге келдім, ұлтым ұйғыр, 3 балам және 6 немерем бар. Білімім – жоғары. Қазақ ауылшаруашылық институтын түлегімін.

Қазіргі уақытта – Ұйғыр электр тораптар ауданының «Сүмбе» аумағының шеберімін. Энергетика саласында 24 жыл қызмет атқарып келемін.

Шеберлік қызметтің негізгі мақсаты – жүктелген міндеттерді сапалы және нәтижелі орындау. Өзімнің лауазымдық міндеттерімді жоғары кәсіби деңгейде, жауапкершілікпен орындап келемін. Жұмыстағы жетістіктерім үшін бөлімше басшылығының және «АЖК» АҚ Басқарма Төрағасының алғыс хатымен марапатталдым. Өз саламдағы барлық тапсырмаларды тиянақты, уақытылы және сапалы орындауға әрдайым тырысып келемін.

Әріптестеріммен іскерлік қарым-қатынастамын, қарамағымдағыларға талапшыл болсам да, әрқашан көмек көрсетуге дайынмын. Энергетика саласында еңбек ету оңай емес. Сол себепті, мен компанияның өркендеуін және осы салада атқарған еңбегім үшін лайықты зейнетке шығуды армандаймын.

Құрметті әріптестер! Біз сіздермен бірге қалыптасу мен өсу жолында қиын сәттерді бастан өткердік. Ендігі жұмысқа тек сәттілік және әрбір жұмысшының еңбегі бағаланып, мәселелер дереу шешімін тапсын деп тілеймін.

1992 жылдан бастап «Сүмбі» аумағының шебері М.Абдрахмановтың алғашқы ұстазы және тәлімгері бас инженер - Б.Әбдіғұлов болды. Ол өзінің тәжірибесісмен бөлісіп қана қоймай, энергетика кәсібіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін бойына сіңдірді.

Жұмыстан бос уақытта Мәлік Үсенұлы аңшылықпен және балық аулаумен әуестенеді. Сонымен қатар немерелерінің тәрбиесімен айналысады.

2017.04.19
2017.05.17

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng