Елімізде төтенше жағдайды енгізу Республиканың жылу-электр станцияларындағы  жылумен қамтамасыз ету науқанының аяқталуымен және жөндеу жұмыстарының басталуымен тұспа-тұс келді. Энергетиктердің жоғары кәсіби шеберлігі, қажыр-қайраты мен өзара көмекке қабілеті арқасында қалалар мен  елді мекендердегі халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің стратегиялық  нысандарында апатты жағдайлар мен тоқтап қалудың бірден-бір оқиғасына жол берілмеді. Бүгінгі фильм осы жылғы көктемнің елеусіз батырлары – энергетиктерге арналады.

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

_____________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

 

Павлодар облысында Геннадий Головкинді қолдауға эстафета басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz қазақстандық боксшының құрметіне Екібастұзда жүгіру өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы "Богатырь Көмір"ЖШС болды.

По информации начальника управления по социальному развитию компании Владимира Тюлина, предприятие изготовило шильд в деревянной рамочке, на котором лазером выгравирована карта Казахстана. Этот атрибут будет передаваться из региона в регион и в конечном итоге дойдет до GGG.

Компанияның әлеуметтік даму жөніндегі басқарма бастығы Владимир Тюлиннің ақпараты бойынша, кәсіпорын ағаш рамкада Шильд жасап, онда лазермен Қазақстан Картасы түсірілген. Бұл атрибут өңірден аймаққа жіберіледі және сайып келгенде GGG дейін жетеді.

"Біздің компания салауатты өмір салтын қолдайды, сондықтан біз Қазақстан бойынша марафон бастауды шештік. Шильде еліміздің 15 аймағының географиялық шекаралары түзілді. Старт Екібастұзда берілді, әрі қарай шильд Түркістан облысына аттанады. Соңғы кезде Қарағанды болады, онда табличка Геннадий Головкинге беріледі. Марафонның мақсаты-біздің Қазақстан-спорттық ел екенін көрсету"-дейді Владимир Тюлин.

Кеншілер 2,5 км қашықтықта жүгіруден өтті, мыңдаған екібастұздықтар қатысты,олардың ішінде ең жас шамасы 70 жас, кішісі - 10.

Владимир Тюлин атап өткендей, әр аймақ марафонды өзінше өткізеді. Бұл баскетбол, футбол, шахмат болуы мүмкін. Түркістан облысы эстафетаны қабылдады.

Источник: bnews.kz

 

Судан қуат өндіретін кәсіпорын қазір түбегейлі жаңғырту бағдарламасы арқылы жұмыс бастаған. 2020 жылдың наурыз айына дейін 4 су агрегатының барлығы жаңартылады. Олар Кеңес кезеңінен келе жатқан ескі турбиналар. Шамамен жарты ғасырдан бері жұмыс істеп тұр. 4 гидроагрегат іске қосылса, онда сағатына 126 МВт, ал тәулігіне 3 миллион 24 мың кВт сағат ток өндіріледі. Шардара су электр станциясы қазірдің өзінде қолданыстағы 2 су агрегатымен сағатына 50 МВт тоқ өндіруде. Су қоймасында 2 миллиард 807 миллион текше метр су бар. «Қазір тіршілік нәрін қорға жинайтын кезең», – дейді мамандар. Ал су электр станциясында түбегейлі жаңғырту жұмысы қарқын алған. Мұнда төрт су агрегатының біріншісі пайдалануға беріледі. Технологиялық жабдықтың сынағы ойдағыдай аяқталған. Енді негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Бақытбек Жаңабаев, Шардара су электр станциясының басшысы:

- Шардара су электр станциясының жалпы қуаттылығы қазіргі таңда 100 МВт. Ал түбегейлі жаңғырту жұмыстарынан өткен соң, станцияда қуат өндіру 126 МВт ұлғаяды. Мұндағы әр су агрегаты қазір 20 МВт тоқ берсе, жаңғыртудан соң 32-35 МВт қуат өндіре алатын болады. Мақсатымыз – отандық электр энергия саласына өз үлесімізді қосу.

Су электр станциясын жаңғырту жобасына 38 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Гидроагрегаттарды алмастыру ісімен біріккен австриялық-германиялық мердігер мекеме айналысуда. Бірінші су агрегатын іске қосумен бірге мұнда екінші агрегат бойынша құрылыс жұмыстары қатар жүруде. Оны біріншісі іске қосылғаннан кейін орнатады. Сосын үшіншісі орнынан алынады. Бекітілген кестеге сай, бұл кезеңде бірінші және төртінші ескі агрегат жұмыс істеп тұрады. Осы тәсілмен төрт су агрегатының бәрін де жаңарту көзделген.

Сергей Саховский, мердігер компанияның өкілі:

- Жоба аясында біз бірінші агрегатты толығымен қосуға дайындадық. Қазір қорытынды тексеру жұмыстарын жасаудамыз. Ал екінші гидроагрегаттың негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Алдағы бір жарым айда біз екінші агрегат бойынша мәреге жетеміз деп ойлаймын.

Шардара су электр станциясының тарихы тереңде. 1967 жылы пайдалануға берілген. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станцияның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Ал жабдықтың тозуы шамамен 100%-ке жеткен. Алдағы уақытта жаңғыртудан өткен соң электр станцияның қуаты 26 пайызға өсетін болады. Мұнда жыл сайын қосымша 57 миллион кВт/сағат электр энергиясы өндіріледі. Жаңа жабдық су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Источник: 24.kz