Бұрын хабарлағанымыздай, осы уақытта Алматыда қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр, мұнда қала тұрғындарымен Алматы ЖЭО-2 нысанын жаңғырту жобасын іске асыру кезіндегі қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелері талқылануда.

Общественные слушания

Төменде жобаны іске асыруға және станцияны газға ауыстыруға байланысты негізгі аспектілер туралы тезис берілген:

- ЖЭО-2 газға ауыстырылғаннан кейін атмосфераға шығатын зиянды заттар қаншалықты төмендемек? Қазіргі уақытта ЖЭО-2 түтін құбырларынан тарайтын зиянды шығарындылар есептік деректер бойынша жылына 36,7 мың тоннаны құрайды екен, жаңғыртудан кейін олар жылына 2,3 мың тонна болмақ. Яғни, қала атмосферасындағы ЖЭО-2 шығарындылары 15 еседен астам шамаға қысқаратын болады.

- ЖЭО-2 алаңында жаңа электр станциясын салу үшін қолданыстағы өнеркәсіптік алаңының 17,5 га (жалпы ауданы - 91 га) пайдаланылатын болады.

Отын ретінде табиғи газды пайдаланған жағдайда  ЖЭО-ның көмір қоймасы, отын беру және көмірді түсіру жүйесі сияқты көп аумақты алатын құрылыс жайлары қажетсіз болып қалмақ.

Бұған қоса, сумен жабдықтау, жылу мен электр энергиясын тарату үшін қолданыстағы инфрақұрылым пайдаланылатын болады, әсіресе мегаполистің қазіргі тығыз қалыптасқан құрылымын ескерген жағдайда ЖЭО-2-нің өз алаңында электр станциясын салу өте маңызды шешім деуге болады.

-ТЭН құжаттарының негізгі техникалық шешімдеріне сәйкес жобаны іске асырғаннан кейін ЖЭО-2-нің қолданыстағы құрғақ күл үйіндісін қайта қажетке жаратуға болады. Егер тұтынушы болса, күлді қолдануға болады.  Ескі станция жабдықтары да сақталады.

Жария тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес ұйымдастырылды, шара жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) Тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ, ТЭН құжатын әзірлеуші – «ҚазЭнергоӨнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ қатысуымен және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы өкілінің төрағалығымен өтуде.

Қазіргі уақытта Алматыда ЖЭО-2 нысанын жаңғырту жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелері қоғамдық тыңдауда қала тұрғындарымен бірге талқылануда.

Общественные слушания

Жария тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес ұйымдастырылып отыр, шара жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) Тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ, ТЭН құжатын әзірлеуші – «ҚазЭнергоӨнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ қатысуымен және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы өкілінің төрағалығымен өтуде.

Төменде жобаны іске асыруға және станцияны газға ауыстыруға байланысты негізгі аспектілер тезис ретінде беріліп отыр:

- 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кестеге сәйкес ескі ЖЭО-2 алаңында жаңа станция құрылысын бастау жоспарлануда. Станцияның бірінші блогын көгілдір отынға қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН құжаттары кешендік ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Қорытынды шешім шартта көрсетілген мерзімге сәйкес 2021 жылғы желтоқсан айының соңында берілмек.

- Жаңа станция жобасы белгіленген электр қуатының 600 МВт дейінгі мөлшерде болуын, ал жылу қуатының  957 Гкал/сағ. болуын көздейді. Электр станциясы когенерация қағидатын пайдалана отырып, яғни жылу мен электр энергиясын бірлесіп өндіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бу-газ технологиялары негізінде салынған экологиялық таза отынмен - табиғи газбен жұмыс істейтін болады. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, мұнда дәстүрлі бу турбиналық цикл технологиясына қарағанда табиғи газды тиімдірек жағуға мүмкіндік беретін ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану көзделіп отыр.

- ТЭН әзірлеу барысында газ турбиналық жабдықтарды дайындаушы зауыттардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары қаралды. Мұқият талдаудан кейін түпкілікті таңдау әлемнің жетекші 3 өндірушісін саралады: General Electric, Siemens, Mitsui, олардың жабдықтарының қолданыстағы жағдайларға сәйкес келетіндігі ескерілді. Аталған өндірушілердің ұсынысы ТЭН-де қаралды.

Станцияның әрқайсысы 200 МВт-тық блогының пайдалануға берілуіне қарай жаңа жабдық қолданыстағыларды консервациялауға шығаруды кезең-кезеңімен алмастыратын болады. Электр энергиясы мен жылу өндіру тоқтатылмайды.

- Негізгі технологиялық жабдықтар: газ турбиналары, бу турбинасы және қажетті қазандықтар Қазақстанда өндірілмейтін болғандықтан сырттан (импорт) әкелінеді. Басқа жабдықтар (трансформаторлар, кабель өнімдері, сорғылар және т.б.) жергілікті өндіріс өнімдері. Отандық өндірісті қамтудың мәні шамамен 64%-ды құрап отыр.

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жөндеу жұмыстары аяқталды                        

Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы жөндеу науқаны, №7 энергия блогын желіге қосу  және оны кешенді сынақтардан өткізу жұмыстары сәтті аяқталды. 

Қазіргі уақытта Қазақстандағы аталған ең ірі жылу электр станциясы 7 блоктық режимде жұмыс істеуде. Белгіленген қуаты 3 500 МВт және қолда бар қуаты 3 447 МВт-ты құрайтын Екібастұз ГРЭС-1 тәулігіне 3 400 - 3 450 МВт мөлшеріндегі орташа жүктемені көтеріп келеді.

 Станция электр энергиясын өндіру көлемі бойынша жылдық жоспарды орындады. 15.11.2021 ж. күнгі мәлімет бойынша электр қуатының жоспарланған мөлшері 19,2 млрд. кВт/сағ болса, қазір  ГРЭС-1  19,4 млрд. кВт/сағ. өндіріп отыр. Өндірістің болжамды көлемі жыл қорытындысы бойынша шамамен 22 млрд.кВтс құрауы мүмкін.

Екібастұз ГРЭС-2-де қазіргі уақыттағы ақпарат бойынша өндірілген электр энергиясының көлемі 5,7 млрд.кВтс немесе 2021 жылға арналған жоспардағы мөлшердің 98% құрап отыр.  Бүгінгі таңда ГРЭС-2 460 МВт болатын ағымдағы жүктемемен бір блокты режимде жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг ретінде ел энергетикасындағы маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруда. Олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-1 нысанындағы номиналды қуаты 540 МВт болатын №1 энергия блогын қалпына келтіру және Екібастұз ГРЭС-2-де қуаты 636 МВт құрайтын жаңа үшінші энергия блогын салу жұмыстары бар. Жоспар бойынша Самұрық-Энерго жобалары Екібастұз ГРЭС станцияларының қуатын 1176 МВт-қа арттырмақ.

    Компания сарапшылары Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну өсімінің қалыптасқан жоғары қарқыны жағдайында аталған жобаларды сәтті іске асыру – электр қуатының резервін құрып, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін едәуір арттыратын болады деп есептейді.  

«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – Қазақстандағы белгіленген қуаты 4000 МВт және қолдағы бар қуаты 3500 МВт құрайтын ірі конденсациялық электр станциясы.  Ол әрқайсысы 500 МВт болатын 8 энергоблокпен жабдықталған.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ - белгіленген қуаты 1000 МВт болатын жылу электр станциясы, құрамында 500 МВт-тық екі энергия блогы бар.

         «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.  

Ремонт энергоблока на Экибастузской ГРЭС 1

Энергоблок Экибастузской ГРЭС 2

«Самұрық-Энерго» АҚ Жасыл қаржы орталығының көмегімен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қор биржасының - Astana International Exchange сауда жүйесінде жылдық 11,4% купондық мөлшерлемесімен 6,5 жыл мерзіміндегі жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруға шығарды.

Орналастырудан түскен қаражат Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) жасыл облигациялар қағидаттарына (GBP) сәйкес тиімді жасыл жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.

Компанияның жасыл облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі Лид-менеджері болып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  еншілес ұйымы  - «Halyk Finance» АҚ белгіленді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов Компанияның жаңа даму стратегиясында көзделген жасыл энергияға қатысты жоспарларды іске асыруда жасыл энергетикаға инвестициялаудың зор маңызын алға тартады.

«Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдаланудың 4-ші энергетикалық көшу кезеңіне аяқ басты, табиғи қуат көздері уақыт өте келе қазбалы отын түрлерін — мұнай мен көмірді ығыстырып шығарады. Осыған байланысты «жасыл экономикаға» көшудің жаһандық трендтері, стейкхолдерлердің ESG-талаптары Самұрық-Энерго үшін жаңа сын-тегеуріндерге айналып отыр. Осындай кезеңде Компания өзінің Даму стратегиясында «жасыл» экономикаға көшу бағытын белгілеп, оған қол жеткізуде нық қадамдар жасауда. Біз Жасыл қаржы орталығына, «Halyk Finance» және АХҚО қор биржасына үйлесімді жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сұңғат Есімханов.

Жасыл облигациялардың дебюттік шығарылымы Жасыл қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр, орталық қажетті консультациялық қолдау көрсетіп, Екінші пікір форматында (Second Party Opinion) тәуелсіз қорытынды берді.

«Біз «Самұрық-Энерго» АҚ сынды ел экономикасы үшін маңызы зор ірі компаниялардың  «жасыл рельстер» жолына түсуіне өте қуаныштымыз, жүргізіліп жатқан осындай игі шаралар біздің жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізумен айналысатын даму институты ретіндегі жұмысымыздың басты көрсеткіші болып табылады», – деп атап өтті Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев.

Қоғам облигациялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы Эмитент болған және АХҚО биржасының жасыл қағидаттарына сәйкес шығарылған алғашқы бағалы қағаздар болды. Қоғам үшін экологиялық және әлеуметтік пайдасы бар инвестициялық жобаларды қолдау АХҚО-ны дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ірі электр энергетикалық холдингтің АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруы Қазақстандағы ESG инвестициялаудың дамуына, сондай-ақ экономиканың «қоңыр» секторларындағы компанияларды іске қосуға жаңа серпін беретін маңызды оқиға болып табылады.

СЭС Капшагай

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.  

АХҚО. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО  міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта қалыптастыру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

«AIFC Green Finance Centre Ltd.» жеке компаниясы» - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы бойынша құрылған компания, Қазақстанда және Орталық Азияда «жасыл» қаржы құралдарын енгізу, АХҚО-ны «жасыл» қаржы орталығы ретінде дамыту, сондай-ақ Қазақстанға жасыл инвестициялар тарту мақсатында құрылған. Компания туралы толық ақпарат ұйымның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған www.gfc.aifc.kz.

«Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» жобасы бойынша іс-шаралар аяқталу үстінде. Қазіргі  таңда «КазНИПИЭнергопром»» АҚ жобалау институты аталған жобаның техникалық экономикалық негіздемесін (ары қарай – ТЭН) нақтылау жұмысын аяқтап, 2021 жылдың соңына дейін «Мемсараптама» РМК-дан оған қатысты оң қорытынды алуды көздеп отыр.

Бүгінде, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жасаған Жолдауындағы тапсырмаларын орындау аясында, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары Алматы қаласында және Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруда.

Одан өзге, «Самұрық-Энерго» компаниялары «Бу-газ қондырғысы (ары қарай – БГҚ ) негізінде станция қуатын 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту» жобасын жүргізіп жатыр.  Сонымен қатар Алматы ЖЭО-3 бойынша газға ауыстырудан басқа, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынудың ең жоғары жүктемесін жабу мақсатында маневрлік режимдегі станция жұмысын қолға алу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ала отырып, жобаның ТЭН-ін әзірлеу жұмыстарын 2022 жылдың 3-ші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Алматы қаласын жылумен және электр қуатымен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы энергокешенін газдандыру аясында,  «Қуаты 200-250 МВт-тық БГҚ салу арқылы ЖЭО-1-ді кеңейту» жобасы қарастырылғанын хабарлаймыз. Бұл жоба ТЭН-ін әзірлеу жұмыстарын 2022 жылғы 3 тоқсанның соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, Алматы ЖЭО-1 энергокешені 2017 жылдан бері газдың негізінде жұмыс істейді.  

Жоғарыда көрсетілген жобаларды жүзеге асыру - «АлЭС» АҚ энергия көздерінен шығатын зиянды заттарды жылына 50,4 мың тоннадан 6,7 мың тоннаға дейін төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес компаниясы Алматы энергокешені құрамындағы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен бірлесе Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабельдік желілер мен қосалқы станцияларды қайта жаңарту жобасын қолға алуда. «АЖК» АҚ 2022-2030 жылдар кезеңіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаудың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, атқарылатын жұмыстардың нақты көлемін алдын ала анықтады.

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабель желілерін қайта жаңарту жобасын іске асыруға кабель желілерінің физикалық тозуы негіз болып отыр. Тозудың жыл сайынғы өсуі желілерді қайта жаңарту және жаңа салу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды талап етуде.

2020 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на қарасты 10-6-0,4 кВ кабель желілерінің жалпы ұзындығы 5 177,7 км құрайды, оның ішінде Алматы қаласы бойынша - 4 709,6 км және Алматы облысы бойынша - 468,2 км.

Алматы қаласы бойынша шамамен 2500 км құрайтын кабель желілерінің қызмет ету мерзімі нормативтен тыс кезеңге өтіп, техникалық талаптарға сай келмей қалған, тіпті 948 км кабель желісі 50 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді.

Желілердің тозуы жыл сайынғы авариялар санының көбейіп, электрмен жабдықтау процесіндегі жиі үзілістерге әкелуде, бұл электр қуатының жетіспеуіне, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын қосымша шығындарға әкеліп отыр. Желідегі зақымданудың негізгі себептері: оқшаулаудың тозуы, тығыздықтың бұзылуы, кабель қабығының коррозиялық тозуы.

Ішкі категориялар