«Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері «Ынтымақ» жобасына қатысты

Ақпан айында басталған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Ынтымақ» жобасы еліміздің батысында жалғасын тапты. Жоба Қордың еңбек ұжымдарын бірыңғай оператор компаниялар тобының атынан жүзеге асыратын қайырымдылық қызметімен біртіндеп таныстыруға бағытталған.
Өткен айда энергетика кешені кәсіпорындарының жас мамандары Алматы қаласындағы балалардың аутизм орталығына барған болатын. Осы аптада құрамында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы атап айтсақ, «Екібастұз ГРЭС-2», «Алатау Жарық Компанясы» АҚ, «АлЭС» энергетикалық ұйымдарының бірнеше белсенді жастары қатысатын топ Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік нысандарды аралап, Жаңаөзен қаласындағы балалар спорт алаңдарының ашылуына қатысады.
«Ынтымақ» жобасы компаниялар тобының әрбір қызметкеріне ортақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке тікелей қатыстылығын сезінуге, сондай-ақ бенефициарларымызға өз демеушілерін жеке тануға мүмкіндік береді. Бұл олардың жерлестері, таныстары, тіпті көршілері болып шығуы мүмкін және олар өз еңбектерімен аймақтық әлеуметтік нысандардың дамуына үлкен үлес қосады. Мұндай кездесулер барлық портфельдік компанияның қызметкерлері үшін әзірленген іс-шаралар жоспары шеңберінде ай сайын өткізілетін болады», - деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.
Атырауда Қордың портфельдік компаниялары мен өңірдің еншілес ұйымдарының жас экологтары «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығына барып, оның жұмысына қанығып қана қоймай, қызметкерлерімен әңгімелесіп, жас тәрбиеленушілермен сабақтардың қалай өтіп жатқанын білді. Қор қолдауының арқасында 2022 жылы орталыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, оңалтуға бағытталған құрал-жабдықтармен, жиһаздармен қамтамасыз етілді. Бұдан тыс, ерекше қажеттілігі бар 50 балаға арналған 120 тегін курс ұйымдастырылды.
2017 жылдан 2022 жылға дейін Атырау облысында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 21-ден астам жоба іске асырылды және олар қазіргі уақытта өз жұмысын жалғастыруда. «Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындары орналасқан өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып, жергілікті ҮЕҰ әлеуметтік белсенділігін, портфельдік компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарының жерлестерінің өміріне жан-жақты атсалысуын қолдайды. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры компаниялар тобының кәсіпорындары қызметкерлерін Қордың қайырымдылық бағыты жөнінде ақпараттандыру және жобалармен етене таныстыру мақсатында «Ынтымақ» жобасы іске асырылуда.
«Самұрық-Қазына» қоры тобындағы компанияларда жарақаттану деңгейі 16 пайызға қысқарды

2023 жылдың 10-наурызында «Самұрық-Қазынада» Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті ашық отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы – Қор компаниялары тобындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі.
Жиынға қазақстандық қоғам белсенділері, саясаткерлер мен сарапшылар қатысып жатыр. Олардың сұрақтарына «Самұрық-Қазына» қорының Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов жауап берді. Отырысқа БАҚ назары бірден ауды.
Қызметкерлердің денсаулығы – басшылықтың жеке жауапкершілігінде
Ауғановтың айтуынша, былтыр «Самұрық-Қазына» тобында өндіріс қауіпсіздігі бойынша алғашқы мамандандырылған форум өтті. Жиында қор өзіне қарасты 13 ірі компания басшыларына қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығына жеке өздері жауапты екенін ескертті. Жыл бойы мұндай еңбекті қорғауға қатысты іс-шаралар «Қазақтелеком», KEGOC, QazaqGaz және SK Ondeu компанияларында да алғаш рет өткізілді. Онда еншілес ұйымдардың, филиалдардың және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алды. 2022 жылы жүргізілген жұмыстың арқасында Қор тобы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің жалпы саны 2021 жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмендеді.
Өндіріс қауіпсіздігіне жауапты «Самұрық-Қазына» компанияларының 1-деңгейдегі бас директорлары өндіріс орындарын кемінде 2 айда бір рет тексеруге міндетті. 2022 жылы олар 43 тексеру жүргізген.
2022 жылы атқарылған жұмыстардың арқасында Қор тобы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккендердің жалпы саны 2021 жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмендеді. LTIF мүгедектік жарақаттарының жиілік коэффициенті 0,16 болса, өлім деңгейі 11 пайызға төмендеді.
Үздік халықаралық стандарт бойынша оқыту
«Самұрық-Қазына» тобында өндіріс қауіпсіздігін жақсарту мақсатында оқыту тренингтері, семинарлар тұрақты түрді өткізіліп тұрады. Оның мақсаты – қызметкерлер мен жетекшілер қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарап, мәселеге бей-жай қарамайтынын көрсетіп, үлгі болу. Оқыту Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау, өндіріс және өрт қауіпсіздігі туралы заңнамасымен шектеліп қалмай, сонымен қатар заманауи халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
98 қызметкер Ұлыбританиядағы Еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық емтихан кеңесінің (NEBOSH) курсынан өтіп келді. Британиялық Қауіпсіздік және еңбекті қорғау институтының (IOSH) курсын 286 қызметкер оқып келді. Тағы 2430 қызметкер ұқыпты жүргізу курсын аяқтады.
Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» корпоративтік оқыту курсын әзірледі, оған британиялық IOSH оң бағасын берді. Қор өндірісте жұмыс істейтін барлық қызметкерді аталған курс бойынша оқытуды жоспарлап отыр.
Оған қоса еңбекті қорғау саласындағы тәжірибе алмасу қор тобындағы компаниялармен шектелмей, Қазақстанның басқа да жетекші компанияларымен тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Жақында «Самұрық-Қазына» қорының өндіріс қауіпсіздігі қызметінің мамандары «Теңізшевройл», North Caspian Operating Company, Karachaganak Petroleum Operating компанияларындағы әріптестеріне барып қайтты. Тәжірибе алмасу аясында «Қазпошта» қызметкерлері «Сауда-көлік компаниясында» болды. АлЭС қызметкерлері «СКЗ-U» ЖШС энергетика кешенінде электр қауіпсіздігімен танысты.
Сондай-ақ Қор компаниялары тобында жарақаттануды азайтуға және өнеркәсіптегі апаттарды болдырмауға бағытталған цифрлық шешімдер мен автоматтандырылған жүйелер белсенді енгізіліп жатыр. Болуы мүмкін төтенше жағдайды жою үшін портфель компаниялар оқу дабылдары мен апатқа қарсы жаттығулар өткізіп жүр.
Сарапшылар пікірі
Еңбек қауіпсіздігі тақырыбы мамандар мен қоғам белсенділерінің қызығушылығын тудырды. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің басшысы Төлеген Оспанқұлов көптеген өндірушінің жұмысы денсаулыққа қауіп төндіретінін атап өтті. Ғибрат Ауғанов «Самұрық-Қазына» Қор тобының әрбір компаниясында жазатайым жағдайдан сақтандырудың тиімді жүйесі болуын бақылайтынын жеткізді.
Bureau Veritas компаниясының қызметкері Асқар Аманбай «Самұрық-Қазына» тобының еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтығы қандай деңгейде екенін сұрады. Ғибрат Ауғанов холдинг компанияларының әрқайсы шетелдік серіктестермен ұдайы тәжірибе алмасып отыратынын білдірді. Мысалы, ҚТЖ Халықаралық теміржолдар одағымен, мұнай-газ компаниялары және бизнестегі шетелдік серіктестермен байланыста екенін атап өтті.
ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Әлімжан Бекмағамбетов «Самұрық-Қазынаға» еңбекті қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені ғана емес, қазақстандық мамандардың еңбектерін де пайдалануды ұсынды. Ғибрат Ауғанов Қордың жаңа ұсыныстарға ашық екенін және отандық сарапшылармен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Болат Жәмішев оларға Қор тобының еңбекті қорғау саласындағы іс-шараларына тәуелсіз сараптама жүргізуді ұсынды.
«Еңбекті қорғау мәселесіне көп көңіл бөлу керек. Бір орында тоқтап қалуға болмайды. Қауіпсіздік шараларын күнделікті ескеру маңызды. Бұл «Самұрық-Қазына» қоры жұмыс істейтін ESG қағидаттарына сәйкес келеді. Біз еңбек қауіпсіздігіне қатысты инвестициялардың деңгейі мен бағыттары туралы нақты шешім қабылдайық. Мәселен, жаңа техникалық жабдықты сатып алу жолдары. Біздің тәжірибеде осындай инновациялық шешімдердің сәтті шыққандары аз емес. Бұл ретте біздің кәсіпорындарда ғана емес, мердігер ұйымдарда да еңбекті қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет», - деп түйіндеді Қоғамдық кеңес төрағасы, «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев.
Samruk-Green Energy «ECOJER» қауымдастығының базасында

«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымындағы компания «Samruk-Green Energy» ЖШС өзінің күн электр станциясын I-REC жасыл электр энергиясы сертификаттарын алу үшін «ECOJER» қауымдастығының базасында тіркеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымындағы компания «Samruk-Green Energy» ЖШС өзінің күн электр станциясын I-REC жасыл электр энергиясы сертификаттарын алу үшін «ECOJER» қауымдастығының базасында тіркеді.
«Samruk-Green Energy» ЖШС жасыл энергетика саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорын бола отырып, ел экономикасына, қоршаған ортаға және қоғамға әсер етудің маңыздылығын түсінеді.
Осы мақсатпен Samruk-Green Energy-де мүдделі тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтауға, басқаруда тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануға ықпал етуге мүмкіндік беретін орнықты даму қағидаттарын үздіксіз ұстану жүйесі енгізілді. Бұл ұйымға ұзақ мерзімді перспективада құнның тұрақты өсуіне және бәсекеге қабілеттіліктің артуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
ESG (Environmental, Social, Governance) қағидаттарын қолдау шеңберінде Samruk-Green Energy I-REC жасыл электр энергиясы сертификаттарын алу үшін «ECOJER» қауымдастығының базасында төрт станцияны тіркеді.
I-REC сертификаттары жаңартылатын көзден электр энергиясын өндіру фактісі туралы ақпаратты растайды және сертификат сатып алушылар үшін де, электр генераторлары үшін де пайдалы болуы мүмкін.
I-REC сертификаттарын сатып алатын компаниялар электр энергиясын өндіруге байланысты парниктік газдар шығарындыларын азайтуды мәлімдей алады. Өз кезегінде, жасыл электр энергиясын өндіретін ұйымдар қаржылық қолдаудың жаңа нарықтық механизмін алады.
I-REC сертификаттары The International RAC Foundation әзірлеген халықаралық стандарт негізінде шығарылады және оны GHGP, CDP, RE100, ISO және т. б. таниды.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары HR-мамандарының бейресми кездесуі

Алматы қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниялары («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы Электр Станциялары» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Шардара ГЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Samruk Green Energy» ЖШС) HR-мамандарының бейресми кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қордың HR-басшылығы атынан Э.Р. Каримова Қордың жаңа Кадрлық саясатын ұсынды. Еншілес компаниялардың HR-мамандары кадр саясатының жаңа бағыттарымен және негізгі міндеттерімен, сондай-ақ Қордың жаңа корпоративтік құндылықтарымен (HIT) танысты. Қор өкілдері кездесуге қатысушылардың ПЖКР-дың жұмысқа орналасуы, жалақыны көтеру, мораторий белгілеуге қатысты және т. б. сұрақтарына жауап берді.
Осы кездесуге қатысушылар «Samruk Business Academy» ЖМ директоры Ш.К.Жұмағазиева ұсынған жаңа өнімдерге: HR School, IR School, PR School және т.б. қызығушылықтарын білдірді.
Жаңа үрдістермен және үздік HR-тәжірибелермен танысу мақсатында біздің еншілес компанияларымызға жыл сайынғы HR конференциясына қатысу мүмкіндігі берілді, сондай-ақ «Samruk Business Academy» ЖМ-мен жемісті ынтымақтастықта болу ұсынылды.
Тығыз ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл үшін Қор бастамасы бойынша ЕТҰ қызметкерлері мен Қордың HR басшылығы қатарынан ортақ чат құру туралы шешім қабылданды. «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ HR мамандарымен және Қордың HR басшылығының қатысуымен өткізілген бейресми кездесу барысында Қордың жаңа Кадрлық саясаты ұсынылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы компанияның Екібастұз энергия кешенінде

«Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз энергия кешені Қазақстанның энергетика саласының үш маңызды кәсіпорнын – «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ны, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС-ны қамтиды.
Осы күндері «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Түйтебаев жұмыс сапарымен осы компаниялардың өндірістік алаңдарын аралады.
Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдингтің басшысы кәсіпорындардың ағымдағы қызметімен, электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйімен танысты. Энергетик мамандар 2022/2023 жж күзгі-қысқы жылыту кезеңінен өту жағдайындағы станциялардың жұмысын, сондай – ақ инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын арнайы тақырып етіп талқылады. Өздеріңіз білетіндей, «Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз ГРЭС-1-дің 8 энергия блогының соңғысын қалпына келтіруде және Екібастұз ГРЭС-2-де жаңа энергия блоктарын салу бойынша жобалау алдындағы жұмыстарды жүргізуде.
Маңызды жобалардың қатарында осы жылдың жазында «Богатырь Көмір» ЖШС-ның «Богатырь» кесігінде көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясының іске қосылуы да бар. Жаңа технология кәсіпорынның жобалық қуатын жылына 50 млн тоннаға дейін арттырады. Сонымен қатар, ол өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, теміржол вагондарына көмір тиеудің салмақтық дәлдігін қамтамасыз етеді және көмір тиеу кезінде вагондардың айналым уақытын үш есеге қысқартады.