Қаншама уақыт өтсе де сұрапыл соғыс тақырыбы өзекті. Ол кешегі тарих. Ал тарихты ұмытпау бүгінгі жастардың басты парызы. Ел басына күн туған шақта етігімен су кешкен ардагерлеріміздің қатары күн санап азайып барады. Өткен күндердің куәсі болған, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ ардагері, арда азамат Қамбар Әмірұлы Сәрсенді компания басшылығы мереке қарсаңында арнайы барып, құттықтап қайтты.

Тоқсанның жетеуіне келсе де тың ақсақал ұлағатты әңгімесін айтып, жастарға өзінің ақ батасын берді. «Үнемі қамқорлық танытып, жыл он екі ай ұмытпай мен үшін барын беруге әзір Мұхит Әбікенұлы бастаған компания ұжымына алғысым шексіз. Ұрпақ сабақтастығы деген осы. Көненің көзі деп әрбір мереке, қала берді күнделікті хабарласып қалімді біліп отырғандарыңыздың өзі көргендіктің белгісі. Еліміз тыныш, ұрпақтарымыз саналы болсын!», -деп ризашылығын білдірді қарт жауынгер.

                                                 

3gres2

ГРЭС-2 станциясының жұмыскерлері үшін Жеңіс күні ерекше мейрам. Көп жылғы дәстүр бойынша, бұл күні еңбек майданының ардагерлері, ҰОС ардагерлерінің отбасы мүшелері, интернационалист-жауынгерлер және Чернобыль апаты салдарын жоюшылар, барлығы 40-тан астам ардагер станцияда өтетін Басқарма Басшысының салтанатты қабылдауына қатысты.

Әкімшілік-тұрмыстық корпустың асханасында соғыс жылдарының әндері орындалды. Кең жайылған дастарқан басында ардагерлер сұрапыл соғыс жайлы естеліктерімен бөлісіп, полктес достарын еске ала отырып, «ең бастысы, соғыс болмаса екен» деп тілек айтты.

1gres2

 «Бұрындары осы асхана адамдарға лық толы болатын. Алайда, уақыт өтіп жатыр, ардагерлеріміздің де саны азаюда. Сіздерге бүгінгі бейбіт күн, балаларымыз бен немерелерімізге бақытты өмір сыйлағандарыңыз үшін ерекше алғыс айтамыз. Сіздерге ең бастысы – денсаулық тілегім келеді», - деп құттықтады қонақтарды «Екібастұз ардагер-энергетиктері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рашит Ғаббасов.

Бұл күн жылы лебіздер мен ұмытылмас сәттерге толы болды. Станция атынан ардагерлерді еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші Мұрат Байтеміров құттықтады: «Осынау айтулы күні баршаларыңызға ерен еңбектеріңіз бен көрсеткен ерліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерді әркез көруге қуаныштымыз, қымбатты біздің ардагерлеріміз».

2gres2

Мерекеге орай, Солнечный кентінде тұратын 47 ардагерге  (оның ішінде еңбек майданына қатысушылар, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апаты салдарын жоюшылар да бар) ақшалай сыйлық берілді.

Станцияның көркемөнерпаздары көпшілік сүйіп тыңдайтын соғыс жылдарының әндерін орындап, мерекенің сәнін келтірсе, ардагерлер вальс биін билеп, оларға қосылып ән шырқады. 

Марал Искакова, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның баспасөз хатшысы

Суреттер автордікі

«Самұрық-Қазына» АҚ «Жеңіс» республикалық қайырымдылық жобасын іске асыруды жалғастыруда

7

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық жобасы аясында энергия холдингінің қызметкерлері бүгін Ұлы Отан соғысына қатысушылармен және олардың отбасы мүшелерімен кездесті. 

2

Майдангер Әубәкір Уәлиев пен оның жұбайы Амантай Бекниязованың отасқандарына 66 жыл болыпты. 1944 жылы оны Қостанай облысының Жангелдин ауданынан әскер қатарына шақырған. Әубәкір Уәлиев 1945 жылы совет-герман соғыс майданының оң қанатында Висла-Одер стратегиялық шабуылдау операциясына қатысып,  Брест, Штеттен, Потсдам қалаларын жаудан азат еткен.

3

Фашистерді жеңгеннен кейін, Әубәкір Уәлиев 1950 жылға дейін Германия аумағында совет әскерлерінің құрамында қызмет еткен. Ардагер Жеңіс мерекесі қарсаңында омырауына тағатын медалдар оның қан майдандағы ерлігін айшықтай түседі.

1

«Соғыс уақытында мерген де, байланысшы да, 76 мм полк зеңбірекшілерінің қатарында көздегіш те болдым – сөйтіп, көп кәсіп үйрендім. Біздің басты мақсатымыз – жауды қайткенде де жеңу болатын,  сол мақсатымызға жеттік. Соғыстан кейін тың игеруге қатыстым, машина-трактор станциясында токарь, тракторшы болып жұмыс істедім», - деп есіне алады ардагер.

8

Оның жұбайы Амантай Бекниязова – тыл еңбеккері, сол кездегі сан мыңдаған әйелдер секілді Жеңіске өз үлесін қосты. Бүгінде Уәлиевтердің әулетінде – жеті бала, 19 немере, 26 шөбере бар. Жеңіс мерекесінің құрметіне орай «Самұрық-Энергоның» өкілдері ардагерлерге ақшалы конверт және 92 жастағы ақсақалға жанға жайлы қол арба тарту етті.

9

Қорғалжын ауданының тұрғыны Орынбасар Әбдірахманова – еңбек ардагері. Мектеп жасында ол өзінің мыңдаған қатарластары секілді егін алқабында жұмыс істеп, жиналған астықты Ақмолаға тасыды. 1950 жылы майдангерге тұрмысқа шықты. Ұзақ жылдар бойы ауруханада жұмыс істеді. Орынбасар әженің 2 баласы, 6 немересі және 3 шөбересі бар. ҰОС ардагерінің артында қалған жұбайына «Самұрық-Энергоның» өкілдері ақшалы конверт табыс етіп, «Жеңіс» қайырымдылық жобасы туралы әңгімелеп берді

13

Жеңіс мерекесі қарсаңында тыл еңбеккері, көп балалы ана Қапен Әйтенқызы Шахуп та құттықтаулар қабылдауда. 91 жасқа келген әже әлі де тың, көңіл-күйі қунақы.

12

Ел басына күн туған кезде ол 15 жасынан бастап қой өсіру фермасында жұмыс істеп, жас қозылардың күтімімен айналысты. 1947 жылы тұрмысқа шығып, күйеуімен 64 жыл отасыпты. «Ана даңқы» орденімен, «Ана» медалімен, ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» белгісімен марапатталған. Бұл күндері Қапен әже Қазақстанның дамуына сіңіріп отырған еңбегі үшін Мемлекет басшысына шексіз ризашылығын білдіріп, ақ батасын беруде.

15

«Самұрык-Энерго» АҚ өкілдері кіріп келе жатқан Жеңіс күнімен 93 жастағы Наушан Аманжолқызы Жөкебаеваны құттықтады. Ол Қарағанды облысының Қарсақпай кентінде дүниеге келген. Тыл еңбеккері.

17

Соғыс жылдарында ол, сабақтан соң, өзінің сыныптастарымен бірге заводта, станок басында тұрып, майданға жіберілетін оқ-дәрі, мина шығарған.  Наушан әже снарядқа әр қыздың өз атын жазғанын еске алды. Бұл кезде оның болашақ жұбайы Забихолла Шахупов майданда болатын. Кезекті шайқас үстінде ол бірнеше жерден жараланып, 1944 жылы елге оралады.  Сол жылы Забихолла мен Наушан тұрмыс құрады.

16

Наушан әженің өмір жолдасы 2011 жылы қайтыс болды. Жас ұлғая келе, көз жанары да нашарлай бастаған. Алайда ол тағдырға мойымай, үлкен қызы 69 жасқа келсе де, үй шаруасын өзі басқарып отыр.

21

Тылдағы еңбегі үшін Наушан Жөкебаева бірқатар наградалармен марапатталған, олардың қатарында «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалы, фашистік Германияны жеңген Жеңіс құрметіне орай мерекелік медал, «ІІ-дәрежелі Ана медалы».

«Жеңіс» қайырымдылық жобасы ҰОС бүгінде көзі тірі қатысушыларына құрмет білдіруге бағытталған. Оны ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар, белсенді жастардан және «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлерінен құралған еріктілер іске асыруда. Жеңіс мерекесінің құрметіне орай бүкіл Қазақстан бойынша ардагерлерге көмек көрсетілуде.

Д.Айдаров.

4

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Кәрімов өзінің әріптестерімен бірге ардагерлердің үйлеріне барып, естелікке сыйлықтарды табыстай отырып, әрқайсысын жеке-жеке мерекемен құттықтады.

5

3

«Өкінішке орай, жылдан-жылға ардагерлеріміздің саны азайып бара жатқанын, ардагерлердің денсаулығы да мәз емес екенін М. Кәрімов атап өтті. – Бүгінде кейбір ардагерлеріміздің сыртқа шығуға жағдайы жоқ болғандықтан, біз оларға барынша көңіл бөліп, әрқайсысын жеке-жеке құттықтап, денсаулық пен береке-бірлік тілеп, алғысымызды білдірдік. Бұл соғыс ардергерлері мен тыл еңбеккерлеріне ғана емес, біз үшін де маңызды болып табылады».

2 

   1 

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің ұжымы барлық ардагерлерді ұлы мерекемен құттықтап, ұзақ ғұмыр мен  барлық жақсылықты тілейді!

Ардагерлерге үздіксіз қамқорлыққа шақыра отыра, жобаны ұйымдастырушылар Қазақстан Респуликасында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (3700 ге жуық адам) атаулы және материалдық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.  Жоба аясында 10 мыңға жуық іс-шаралар ұйымдастырылып, 5 мыңнан астам даңқ ескерткіштері тексерістен өткізіліп, тексеріс қорытындысына сәйкес мемлекеттік мекемелерге жөндеу және жаңарту жұмыстарын жүргізу жайлы ұсыныс жіберіледі.

«Жеңіс»  жобасы аясында 4000 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылдағы еңбеккерлерге ақшалай хатқалта, үй шаруасына көмек, салтанатты түскі ас пен концерттерді ұйымдастыру түрінде атаулы көмек көрсетілді.

«Жеңіс» – қазақстандық қоғамды отаншылдық рухында тәрбиелеуге, иннабаттылық-рухани құндылықтарды насихаттау, тарихқа және ардагерлердің ерліктеріне сыйластық көзкарасты тәрбиелеуге бағытталған қазіргі кезде өмір сүретін Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетуге арналған іс-шаралар жиынтығынан тұратын ауқымды республикалық қайырымдылық жобасы. Аталған жобаны «Жеңісті әр күні есте сақта!» ұранымен ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар,  белсенді жастар мен «Самұрық-Қазына» АҚ» компаниялар Тобының қызметкерлері арасынан шыққан волонтерлермен іске асуда.


«Жеңіс» жобасы жайлы толық мәліметімен www.sk-trust.kz сайтында таныса аласыз.