tab
Біздің ұстаным
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның орнықты даму саласындағы саясаты мүдделі тараптар мен Компанияның стратегиялық міндеттері арасындағы онтайлы теңгерімді сақтай отырып, Компания қызмет көрсететін өңірлердің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өндіріс, экологиялық бастамалар, еңбек қауіпсіздігі салаларына және әлеуметтік салаға озық тәжірибелерді ендіру арқылы орнықты даму аспектілерін кеңінен қолданылуынан көрініс табады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның орнықты даму қағидаттарының ендірілуін қамтамасыз етудегі негізгі құжаттары Орнықты даму саласындағы нұсқаулық, Корпоративтік басқару кодексі, Экологиялық саясат, Қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясат, Кадрлық саясат және басқа да ішкі нормативтік құжаттар болып табылады.
Орнықты дамуды ұстанушылық «Самұрық-Энерго» АҚ қызметі қағидаттарының бірі болып табылады, бұл ретте Компания өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының үйлесімділігін қамтамасыз етуге тырысады.
Экономикалық құрамдас Компанияның қызметін ұзақ мерзімді құнының өсуіне, акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз етуге, процестердің тиімділігін арттыруға, барынша жетілген технологияларды құру мен дамытуға арналған инвестициялардың өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға бағыттайды.
Экологиялық құрамдас қызмет нәтижесінің биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсерін мейлінше азайтылуын, органикалық ресурстардың оңтайлы пайдаланылуын, экологиялық, энергия және материал үнемдеуші технологиялардың қолданылуын, эколгиялық лайықты өнімнің құрылуын, қалдықтардың мейлінше азайтылуын, қайта өңделуін және жойылуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік құрамдас әлеуметтік жауапкершілік қағидатттарына бағытталған, бұл қағидалар мыналарды қамтиды: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын қорғау, қызметкерлерге әділ сыйлықақы беру және құқықтарын құрметтеу, персоналдың жеке қабілетін дамыту, персонал үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, демеушілік және қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын өткізу.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес біз орнықты даму саласында төмендегі қағидаттарды сақтаймыз:
- Ашықтық
- Есеп берушілік
- Айқындық
- Этикалық мінез-құлық
- Мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу
- Заңдылық
- Адам құқықтарын сақтау
- Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
- Мүдделер қақтығысына жол бермеушілік
- Жеке басының үлгісі
tab
Орнықты даму мақсаттары
«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын шоғырландыра отырып, Орнықты дамудың 17 мақсатын "Самұрық-Энерго" АҚ өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын біріктіре отырып, Орнықты дамудың 17 мақсатын (бұдан әрі - ОДМ) ұстанады. Компания әрбір ОДМ-ның көрінісі болып табылатын экологиялық және әлеуметтік проблемалар өзекті болып табылатынын және кез келген ұйымға ықпал ететінін түсінеді.
Компанияда қолданылатын ОДМ-ның толығырақ сипаттамасы компанияның Акционерлер мен инвестотрға бөлімінің Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша жылдық есептіліктер бөлімшесінде келтіріледі
tab1
«Самұрық-Энерго» АҚ орнықты даму қағидаттарына берік ең ірі көп бейінді энергетикалық холдинг ретінде өзі қызмет атақаратын өңірлерде экологиялық жағдайдың маңыздылығын және өзінің еншілес ұйымдарының өндірістік қызметінің қоршаған ортаға жағымсыз әсері үшін келешек ұрпақ алдында жауапкершілігін сезінеді.
Компания қолданыстағы заңнаманы, орнықты даму тұжырымдамасын, сондай-ақ озық әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, өзі үшін экологиялық саясатты анықтады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Экологиялық саясатында мәлімделген мақсаттар мен міндеттер Компанияның Ұзақ мерзімді даму стратегиясында ескерілді.
Компанияның Стратегиясына және Экологиялық саясатына сәйкес табиғатты қорғау саласында дамудың төмендегідей басым бағыттары белгіленді:
- көзделетін кез келген шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау;
- жаңа технологияларды ендіру және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жолымен өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін кезең-кезеңімен қысқарту;
- экологиялық менеджменттің халықаралық нормаларын ендіру;
- экологиялық ақпараттың ашық және қол жетімді болуы, барлық мүдделі тараптарға орын алған авариялар, олардың экологиялық салдарлары мен оларды жою шаралары туралы дереу хабарлау;
- персоналды экологиялық түсінушілік және хабардар болуы бағдарламасына оқыту;
- жоғары экологиялық тәуекелдерді сақтандыру;
- қалдықтарды және химиялық заттарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
- экологиялық таза және энергетикалық тиімді технологияларды пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ энергетика объекітлерінің экологияға және климаттың өзгеруіне әсері бойынша зерттеулерге жәрдемдесу.
Көп жылғы жұмыс ішінде Компания мен оның еншілес ұйымдарында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты көзқарас қалыптасты. Өндірістік процестердің тиімділігін экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялардың, зиянды өндірістік факторлардың, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге ресурстарды тұтынудың нақты көлемінің өзгерістер мен есептеулері негізінде өндірістік экологиялық бақылау аясында жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаға өндірістік мониторинг техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген тәуелсіз лабораторияларды тарту жолымен жүргізіледі. Өндірістік мониторингтің объектілері атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ болып табылады.
Экологиялық көрсеткіштер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты Компания қызметінің қорытындылары туралы біріктірілген жылдық есептерден білуге болады.
Экологиялық аспектіні басқару үшін Компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды, ол корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ-да ЭМЖ тәуелсіз халықаралық консультанттарды тарта отырып озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес үнемі бағалауға ұшырайды және бірте-бірте жетілдіріледі.
Өндірістік қызметті жүзеге асыратын Компанияның барлық ЕТҰ-ларында ISO 14001 «Экологиялық менеджмент» стандарты ендірілді.
"Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобы бойынша қоршаған ортаны қорғауға арналған жалпы шығыстар мен инвестициялар 2019 жылы шамамен 4,6 млрд.теңгені құрады. 2019 жылы экологиялық залал келтірген апаттық жағдайлар тіркелген жоқ.
tab2

Әлемдік қоғамдастық атмосферада парниктік газдар шоғырлануының өсуінен туындаған климаттың өзгеруін негізгі жаһандық қауіптердің бірі деп танып отыр. Экономиканы декорбондаудың тиімді стратегиясын әзірлеу мәселелері жлпы Қазақстан Республикасы үшін де, оның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ үшін де жүйелі міндет болып табылады.
Компания праниктік газдар шығарындыларын ұлттық квоталау жүйесінің қатысушы болып табылады, ЖЭК салу бойынша жобаларды іске асырады, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу жөніндегі шараларды орындайды, ПГ эмиссиясын қысқартуға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды ендіреді (іске асырылған және жоспарланатын ЖЭК жобалары туралы толығырақ жобалар бөлімінен біле аласыз).
tab3
Біздің қызметіміз, сондай-ақ жобаларымыз жергілікті биологиялық әртүрлілікке және тәуелсіз қоғамдастықтарға әсер етуі мүмкін. Біз өндірістік қызметіміздің әсіресе аса маңызды табиғи кешендерде – биологиялық әртүрлілікпен немесе айрықша сезімтал экожүйелермен ерекшеленетін облыстарда биосфераға қандай да бір әсерін қысқартуға тырысамыз.
Осылайша, 2009-2018жж. аралығында құстардың электр тоғымен зақымдануды алдын алу мақсатымен оқшауланған сымдармен (ӨКОС) жабдықтай отырып, «АЖК» АҚ-ның 1346,47 км электр желілерге қайта құру жүргізілді.
«Мойнақ СЭС» АҚ Шарын ұлттық паркі аумағында Шарын өзенінің төменгі ағысында орналасқан реликтілік шаған тоғанын сақтау жобасы бойынша Қазақстандағы БҰҰДБ-ның сарапшыларымен ынтымақтасады.
"Самұрық-Энерго "АҚ "Биоалуантүрлілік " аспектісін СЭС, ЖЭС және ӨЭК-ке қатысты маңызды деп бағалайды. Қалған кәсіпорындар жабайы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тікелей әсер етпейді, өйткені олар елді мекендер шегінде немесе өнеркәсіптік аумақтарда орналасқан.
Осындай ретпен, "Самұрық-Энерго" АҚ еншілес компанияларының қызметі орнитофаунаға, ихтиофаунаға және басқа да тұщы су экожүйелеріне, сондай-ақ жағалау аймақтарының флорасы мен фаунасына теріс әсер етуі мүмкін.
Осындай әсерді азайту мақсатында өндірістік қызметті жоспарлау кезеңінде қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тиер әсерге бағалау жүргізіледі. ҚОӘБ рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Кәсіпорындарды одан әрі пайдалану процесінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер ету мониторингі де регламенттелген.
Жобалау сатысында да жел электр қондырғыларының қоршаған ортаға әсерін азайту қарастырылған - жарықтың ластануы тірі тіршілік иелерінің биоритмдерінің бұзылуына әкелетінін ескере отырып, түнде АЭҚ ауа жарықтандыруы тек жалпы шамдарды қолдануға дейін азаяды.
Электр тогының соғуынан ӘЖ-де құстардың өлу жағдайларын барынша азайту үшін оқшауланған сымдармен (ССП) жарақтандыра отырып, электр беру желілерін қайта жаңарту жүргізіледі.
Су және жерүсті (жағалаудағы) экожүйелерге әсерді төмендету үшін су электр станцияларының жұмыс режимдері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетімен, әкімдіктермен, сондай-ақ ЕҚТА басшылығымен (мысалы, Мойнақ ГЭС жағдайында) келісіледі. Уәкілетті органдармен су жіберуді үйлестіру ауылшаруашылық жер пайдаланушыларының мүдделері үшін де жүзеге асырылады, өйткені ГЭС-тердің пайдаланылуы тек энергетика ғана емес, сонымен бірге суару, су тасқынына қарсы күрес және сумен жабдықтау бағыттарын қамтиды. Бұл шара климаттың өзгеруінің алдын алуға және оның кейінгі салдарларына бейімделуге бағытталған. Барлық ГЭС балық қорғау құрылғыларымен жабдықталған. Сондай-ақ, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсынымы бойынша, балықты қорғау шарасы ретінде турбиналық су таратқыштар алдындағы су жинағышқа жақын жерде тәуліктің қараңғы уақытында су бетін прожекторлармен жарықтандыру жүзеге асырылады, осылайша жарық дақтары балықты үркітеді. Балықтардың қозғалысы су төгуге арналған бос канализация арқылы жүреді (СТК).
ЖЭС және ЖЭС-те өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер етуді мониторингілеу үшін визуалды далалық бақылау жүйелері енгізілді.
2019 жылы" Самұрық-Энерго " АҚ қандай да бір арнайы санитарлық немесе экологиялық режимі немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесі бар аумақтарда өз өндірістік қызметін жүргізген жоқ.

tab4
«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа технологияларға баса назар аударады:
«Самұрық-Энерго» АҚ тапсырысы бойынша «Назарбаев Универститеті» АБҰ негізінде «Таза көмір технологиялары» ғылыми лабораториясы құрылды;
Ұлттық және халықаралық жобаларға/бастамаларға/қауымдастықтарға қатысу
1) Компания «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.
2) Компания «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.
tab5
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Компания ішкі корпоративтік стандарттарды әзірледі және орындауға қабылдады:
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясат;
- жазатайым оқиғалар туындаған кезде ақпаратты ұсыну қағидалары;
- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдары OHSAS 18001талаптарына сәйкес сертификатталды.
«Самұрық-Энерго» АҚ денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында көшбасшылыққа ұмтылады.
Компанияның басшылығы негізгі ресурс Адамдар тобып табылатынын түсінеді. Еңбек талаптарын жақсарту, жаңа озық технологияларды ендіру, қызметкерлерді сапалы оқыту бөліктерінде Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатты тиімді іске асыру Қоғамның ғана емес, Республика табысының да басты кепілі болып табылады.
Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарына, сондай-ақ денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге міндеттенеді.
tab6
Тансформациялау бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап SKE.06 «Кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі жаңа моделін ендіру» жобасы табысты ендірілуде.
Жобаның мақсаттары:
- қауіпсіздік мәдениетін арттыру/персоналдың еңбекті қорғау мәселесіне қатысуы;
- жобаны енгізгеннен кейін 5 жыл ішінде жарақаттану көрсеткіштерін (LTIFR, LDR) 30 %-ға төмендету;
- Еңбектің қорғалуын басқару жүйесі тиімділігін бағалауды арттыру.
Жоба аясында төмендегідей стандарттар әзірленді:
- «Жұмыс қауіпсіздігін талдау / рұқсат нарядын берген кезде тәуекелдерді бағалау»;
- «Персоналды қауіпсіз іс-әрекетке ынталандыру»;
- «Басшылық тарапынан еңбек қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін бағалау»;
- «Қауіпсіздіктің алтын қағидалары»;
- «ӨҚ, ЕҚ, РҚ, ҚО тәуекелдерін бағалау»;
- «Лидерлік мінез-құлықтың қауіпсіздік аудитін жүргізу»;
- «Оқиғаларды есепке алу және тексеру».
Жобаның негізгі шараларының бірі «Қауіпсіздіктің алтын қағидалары» әзірленген стандартын ендіру болып табылады. Жоба аясында ендірілген стандарттарды және әдістерді қолдану жазатайым оқиғаларды уақытылы алдын алу және анықтау көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді.
tab7
Қоғамның жоғарғы басшылығы қолданыстағы саясаттың мақсаттары мен міндеттерінің тиімділігін арттыру үшін еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау мәселелеріне жекелей қатыстырылуын көрсету арқылы еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшыларының қатысу деңгейін арттыру қажеттігін түсінеді.
Қоғамда, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдарда Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ьасқарма жанындағы комитеттер мен Директорлар кеңесі құрылды. Комитеттердің мақсаты Директорлар кеңесінің ұзақ мерзімді перспективада Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін шараларды әзірлеу мәселелерін қамти отырып, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Төмендегі іс-шаралар ендірілді:
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды ашық тіркеу жүйесі;
- жеке жауапкершілік жүйесі (қауіпсіздік талондары);
- лидерлік мінез-құлықтың қауіпсіздік аудиттері;
- қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдердің маңыздылығын бағалау;
- қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Басқарма жанындағы комитеттер мен Директорлар кеңесі құрылды;
- әлеуетті-қауіпті оқиғалар туралы хабарлағаны үшін қызметкерлерді көтермелеу тетіктері әзірленді;
- 2019 жылы орын алған жазатайым оқиғалар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуға Мораторий енгізілді («Қазмұнайгаз» ҰК АҚ тәжірибесі);
- орын алған жағдайлардың негізгі себептерін анықтау мақсатында жазатайым оқиғаларға ішкі тексеру жүргізу;
- жазатайым оқиғаларға әлі әкеп соқтыра қоймаған әлеуетті қауіпті оқиғаларды есепке алу және тексеру;
- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлеріне корпоративтік стандарттар бойынша тренингтер/семинарлар, оқу курстарын жүргізу;
- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбекті қорғау мәселелерін қадағалайтын бөлімшелердің мамандарымен өндірістік объектілерде еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау мәселелері бойынша көшпелі семинарлар-кеңестер өткізу;
- еңбекті қорғау саласының бірінші басшылары мен мамандарын IOSH, NEBOSH курстарында оқыту
tab8
Қоғам озық әлемдік тәжірибелерді ендірумен қатар алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру қазіргі уақытта өндірістегі орын алған/тіркелген жазатайым оқиғалар бөлігіндегі аралық нәтижелерді көрсетеді. 2010 жылдан бастап 2020 жылдың 9 айына дейінгі аралықта орын алған жарақаттанушылық статистикасы графиктік сурет ретінде көрсетілген.
tab9
«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасы аясында жарақаттануды азайтуға және қауіпсіз еңбек мәдениетін арттыруға бағытталған бизнес-процестерді өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді.
Пәрменді құрал ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарына «Қауіпсіз өндіріс» пилоттық форматтағы жобасын енгізеді. Ол 2017 жылы Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығы қабылдаған Vision Zero - «жарақаттану нөлдік деңгейде» тұжырымдамасының қағидаларына негізделген.
«Қауіпсіз өндіріс» жобасы - басшылардың ашық мәліметтерді алуына және тез шешім қабылдауына мүмкіндік беретін өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша технологиялық және басқарушылық процестерді цифрландыру.
Бұл жобаны іске асыру, ең алдымен, тәуекелдерді басқаруға, тексерулерді жоспарлауға, оқиғалар бойынша тергеулер жүргізуге және біртұтас ақпараттық жүйеде кәсіпорындағы бұзушылықтардың жойылуын қадағалауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні «eCapital» ЖШС компаниясының өкілдері ағымдағы жылдың 22 қазанында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС негізгі қызметкерлерін жүйеде жұмыс істеуге үйрету курсын аяқтап, оны тестілік режимде пайдалануды бастады. Осындай оқу «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ-да өткізіледі.
tab9
Барлық ЕТҰ-да:
1. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты жедел әрекет ету штабы құрылды.
2. «Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленді.
3. «Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша іс-қимыл алгоритмі» әзірленді.
4. ЕТҰ қызметкерлеріне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирустық инфекциядан қорғану жөніндегі ұсынымдарын тарату қамтамасыз етілді.
5. Дезинфекциялау құралдарының көмегімен орын-жайларды, есік тұтқаларын, үстелдерді және өзге де жиһазды үнемі дезинфекциялау, жұмыс орын-жайларын, оның ішінде тасымалдау құралдарын желдету жүргізіледі.
6. Қызметкерлер үнемі қорғаныс маскаларын қолданады.
7. Кәсіпорындарға келушілер саны шектеулді.
8. Барлық персоналды жұмысқа жіберу байланыссыз тепловизорды қолдану арқылы жүргізіледі.
9. Тыныс алу аурулары симптомдары бар жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.
10. Барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды.
11. Кәсіпорын кеңселерінде қолды антисептикпен өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған.
12. Қызметкерлердің қызметтік іссапарлары тоқтатылды.
13. Персонал ішінара қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.
14. Кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы профилактикалық әңгіме, сондай-ақ карантин талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
15. Жұқтырған адамдардың байланыс тобын анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдармен тұрақты байланыс жүргізіледі (қажет болған жағдайда).
tab10
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мамандандырылған аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, Қоғамның Мемлекеттік энергетикалық тізілімінің субъектілері болып табылатын барлық тәуелді ұйымдарында энергия аудиттері жүргізіледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2015-2025 жылдарға арналған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы әзірленді.
Бұл Бағдарламаның мақсаты - отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану бойынша шаралар әзірлеу. Бағдарламадан күтілетін нәтиже - еншілес және тәуелді ұйымдардың жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығын 2025 жылы 2014 ж. базалық көрсеткішпен салыстырғанда 10,5% -ға төмендету.
Өткен жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған 78 іс-шара қабылданды, бұл «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы бойынша 296 мың тонна шартты отынлы үнемдеуге мүмкіндік берді.
2019 жылдың қорытындысында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығы 29,3 т. ш.т. / млн теңгені құрады және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды орындау есебінен өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,3% -ға төмендеді.
Компанияның жылу электр станцияларында күлі көп көмірді жаққан кезде техникалық-экономикалық көрсеткіштерді арттыру мақсатында қазандық қондырғыларын мазутсыз жағу жүйесі (плазмалық-отындық жүйе) технологиясын енгізу жоспарлануда.
Жобаны іске асыру мыналарға: жүктемелерді азайтқан кезде көмір тозаңды жалынның жану процесін тұрақтандыруға; күлі көп көмірді жалындатып жаққан кезде мазут шығынын болдырмауға, сол арқылы отын-энергетикалық ресурстардың жұмсалуын азайтуға мүмкіндік береді.
tab11
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасаудың «Самұрық-Энерго» АҚ қызметі үшін маңызы зор. Өзара іс-қимыл жасау мақсаты Компанияның қызметін жетілдіруге, сондай-ақ бәрі - Компания да, оның мүдделі тараптары да, қоғам да пайда табатын орнықты дамудың мұндай деңгейіне қол жеткізуге жәрдемдесу арқылы Компанияның стратегиялық дамуын дұрыс таңдауды білдіреді.
Компанияның стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары:
- мүдделі тараптардың мүдделерін, пікірлері мен артықшылықтарын құрметтеу және есепке алу;
- мүдделі тараптарды уақытылы және жүйелі хабардар ету;
- қабылдаған міндеттемелерді жауапты орындау.
tab166
Шағымдар мен ұсыныстар механизмі
Мүдделі тараптардың қажеттіліктерін, үміттерін, ұсыныстары мен пікірлерін ескеру Компанияның орнықты дамуын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тиімділігін үнемі жақсартуға тырысады.
Өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында біз Кері байланыс мониторингін ендірдік, бұл бізге «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобындағы барлық мүдделі тараптардың шағымдары мен ұсыныстарына жауап қайтаруға мүмкіндік береді.
Ол үшін біз экономикалық, экологиялық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша мынадай байланыс арналарын ұйымдастырдық:
- Жедел желі – https://www.samruk-energy.kz/ru/hotline;
- Кері байланыс – https://www.samruk-energy.kz/ru/feedback-all ;
- Сайтта көрсетілген байланыстар - https://www.samruk-energy.kz/ru/company/contact.
Бұл өтініштер қозғалатын аспектілерді, ең көп өтініш түскен аймақтарды, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына жүгінген адамдардың санаттарын, өтініштер тақырыбы бойынша статистиканы және шағымдарды талдау бойынша талданды. Әр шағымға санат берілді.
Түскен сұрақтарды талдау нәтижелері Директорлар кеңесінің қарауына беріледі. Шағымдар мен ұсыныстарға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметін жақсарту бойынша шаралар әзірленуде.
tab177
САУАЛНАМА
Құрметті оқырман!
Егер Сіз компанияның 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есеппен таныссаңыз және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның келесі жылғы есебінде Сізді қызықтыратын тақырыптардың толық ашылуы үшін ұсынылып отырған сауалнамаға жауап бергеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Ваше мнение очень важно для нас!
Сауалнамаға сілтеме
tab12
2011 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы өзінің стратегиясы мен күнделікті қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын ұстанатынын және БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі болып табылатынын мәлімдеді.
Компания мынадай қағидаттарды орындауды өз міндетіне алады:
БҰҰ Жаһандық шартына қосылу аясында, Компания https://www.unglobalcompact.org/ сайтында және https://www.samruk-energy.kz/ru/sustainability/soobshchenie-o-dostignutom progresse-v-2018-godu-ao-samruk-energo Компанияның корпоративтік сайтында орналастырылатын, қол жеткізілген прогресс туралы хабарламаны жыл сайын жариялайды.
tab14
2019 жылы 8 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатына қолдау көрсету туралы мәлімдемеге қол қойды.
Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі, сондай-ақ әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер ұсынатын компаниялар неғұрлым табысты болатынына әрі жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенімділік ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстанатынын айқындайды. Қойылған мақсатқа жету үшін Компанияда іс-шаралар жоспары іске асырылады.
БҰҰ-әйелдер және БҰҰ Жаһандық шарты серіктестігінің бастамасы бойынша әзірленген құжат әйелдердің жұмыс орындарындағы, бизнес пен қоғамдағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін мынадай жеті қағидатты айқындайды:
Қазіргі кезде Қазақстанның аса ірі электр энергетикалық холдингінің компаниялар тобында 4700-ге жуық қыз-келіншектер жұмыс істейді. Олардың 630-дан астамы басшылық қызметтерде.
Қызметкерлер санаты |
Есепті кезеңнің соңындағы әйелдердің тізімдік саны |
Барлық қызметкерлерден %-ы |
Топ-менеджмент |
7 |
11% |
Басшылар |
636 |
24% |
Мамандар |
1 469 |
54% |
Қызметшілер |
399 |
89% |
Жұмыскерлер |
2 114 |
18% |
Барлығы |
4 625 |
26% |
tab15
Біз қоғамдық дамуға қосатын үлесімізді сезінетіндіктен, әлеуметтік жауапкершілік «Самұрық-Энерго» АҚ Даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жобалары қауіпсіз және жайлы еңбек шарттарын қамтамасыз етуге бағытталады.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында келесі мақсаттар айқындалды:
- Персоналдың қатыстырушылығын арттыру және Қоғамның орнықты дамуы;
- Білікті мамандарды ұстау және жаңа мамандарды тарту;
- Персоналды ынталандыруды арттыру.
Қоғам өзіне төмендегідей міндеттемелер алады:
- Әлеуметтік серіктестік және ұжымдық-шарттық реттеу қағидаттарын нығайту және дамыту;
- білікті қызметкерлерді ұстап қалу, тарту және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның персоналы үшін ынталандыру жағдайларын тудыру мақсатында әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру.
Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жобалары қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, кәсіптік дамуға, тұрғын үй проблемаларын шешуге және қызметкерлер мен олардың отбасыларының өмір сапасын жақсартуға, ардагерлер мен зейнеткерлерді материалдық қолдауға, әлеуметтік қоғамдастықтарды қолдауға бағытталған.
Қызметкерлердің бейілділігі мен сенімділігін, персоналдың әлеуметтік әл-ауқаты мен қатыстырушылығын арттыру, еңбек шарттарын және персоналдың еңбек қызметімен байланысты процестерін жақсарту, коммуникациялар және кез келген өзгерістер туралы ақпараттандыру бойынша уақтылы шаралар қабылдау үшін Компанияда жыл сайын персоналдың әлеуметтік тұрақтылық пен қатыстырушылық көрсеткіштері өлшенеді.
Әлеуметтік көрсеткіштерді зерттеу мен қызметкерлерге жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша 2019 жылғы әлеуметтік тұрақтылық индексі 65 %-ды құрайды. Алдыңғы жылғы қорытындыларымен салыстырғанда көрсеткіш 1 %-ға ұлғайды.
Сонымен қатар, зерттеудің нәтижелеріне сәйкес 2019 жылғы Қатыстырушылық индексі алдыңғы жылмен салыстырғанда 15%-ға ұлғайды және 68%-ды құрады.
tab16

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының ірі жұмыс берушілердің қатарына кіреді. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы персоналының тізімдік саны 17 699 адамды құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің өндірістік ерекшелігіне байланысты өндірістің негізгі учаскелерінде ер адамдар жұмыс істейді, олардың 2019 жылы персоналдың жалпы санындағы үлесі 74% құрады.
Қызметкерлер санаты |
Есепті кезеңнің соңындағы әйелдердің тізімдік саны |
Барлық қызметкерлерден %-ы |
Топ-менеджмент |
7 |
11% |
Басшылар |
636 |
24% |
Мамандар |
1 469 |
54% |
Қызметшілер |
399 |
89% |
Жұмыскерлер |
2 114 |
18% |
Барлығы |
4 625 |
26% |
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бәсекеге қабілетті әлеуметтік топтаманы ұсынады, оның болуы сыртқы нарықтың жоғары білікті үміткерлерін тартуға мүмкіндік береді. Өтемақылар мен жеңілдіктер қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға арналған. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне жасасқан ұжымдық шарттарға сәйкес ұсынылатын әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерің қатарына мыналар кіреді:
- еңбек демалысына қосымша сауықтыруға, баланың тууына байланысты материалдық көмек;
- (қызметкерді және оның жақын туыстарын) жерлеуге, зейнеткерлерді емдеуге, төтенше жағдайларға және т.б. байланысты материалдық көмек;
- табысты жоғалтуына байланысты материалдық көмек (жүктілікке және босануға байланысты демалыс немесе нәрестені (ұл/қыз) асырап алуға байланысты демалыс);
- ерікті медициналық сақтандыру;
- қызметкерлер мен балалардың шипажай-курорт жағдайында емделуі;
- қызметкерлердің мерейтойларына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу;
- мерекелік, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығыстар;
- қарыздарды төлеу;
- асыраушысының жарымжан боп қалғаны немесе одан айрылғаны үшін берілетін жәрдемақы;
- балаларға жаңа жылдық сыйлықтар және т. б.
Сауықтыру және қызметкерлердің демалысын ұйымдастыру мақсатында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:
- еңбек сіңірген жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша күндер беру;
- спорттық инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру арқылы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізу және бұқаралық спорт түрлерін дамыту;
- корпоративтік ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын жүйелі насихаттау;
- мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға, Энергетиктер күніне орай бағалы сыйлықтар сатып алуға жыл сайын қаржы бөлу;
- Қазақстан Республикасының шипажайлары мен профилакторийлерінде жазғы демалыс кезеңінде мектеп жасындағы балалардың демалуы үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
- «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің мүгедек-балалары мен жетім-балаларға шипажайға және балаларды сауықтыру орталықтарына берілетін жолдамалардың құнын ішінара өтеу.
Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында құрамы жұмыс беруші мен кәсіподақ қызметкерлерінің өкілдерінен тұратын Келісім комиссиялары құрылып, өз қызметін жүзеге асыруда, оның негізгі функциясы еңбек ұжымының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен арыздарды қарау рәсімдері болып табылады.
tab17
2015 жылғы 28 қарашада "қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес "Самұрық – Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (бұдан әрі-Қор) мен оның ЕТҰ қайырымдылық бағдарламасын Қордың Директорлар кеңесі әзірлеген және бекіткен кезде іске асыруға болады. Қордың Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №126 шешімімен Қордың қайырымдылық саясаты және Қордың қайырымдылық бағдарламасы бекітілді.
2015 жылғы қарашада Қор ЕТҰ-дағы дербес демеушілік және қайырымдылық қызметке мораторий жариялады. Жаңа модельге сәйкес Топтың барлық қайырымдылық және демеушілік қызметін бірыңғай Оператор - "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, оның ішінде еңбек және ұлтаралық қатынастарды, сондай-ақ тұрақты дамуға инвестицияларды нығайту шеңберінде конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, баспа қызметін ұйымдастыру, өткізу және қаржылық қолдау бойынша іс-шаралар жүзеге асырады.
Демеушілік көмек көрсетуге қатысты барлық сұрақтар бойынша "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорына хабарласуға болады:
- Астана қ., Қонаев к-сі, 8, "Изумрудный квартал" Бизнес орталығы, Б блогы, 32 қабат, 3257 кеңсе, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., +7 (7172) 57 68 98.
Бөлімге құжаттар: