photo13 Bogatyr komir

Жобаның мақсаты: Жоба «Богатырь» кесігін көмірді конвейерлік көлікпен жер үсті біркелкілендіру қоймаларына жеткізудің ағындық технологиясына кезең-кезеңмен көшіруді, содан кейін оны жер үсті тиеу кешендеріне тиеуді көздейді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру. Тозған негізгі құралдарды көмірді тиеуге, ұсақтауға және тасымалдауға ауыстыру.

 

Іске асыру кезеңі: 2013-2022 жж.

 

Күтілетін әсер:

  • «Богатырь» кесігінің өндірістік қуатын жылына 32 млн. тоннадан 40 млн. тоннаға дейін ұлғайту;
  • Еңбек өнімділігін 25%-ға арттыру;
  • 1 тонна көмірдің өзіндік құнын 12%-ға төмендету
  • Вагондар айналымының уақытын 2,5 есеге (14,3 сағаттан 5,4 сағатқа дейін) азайту және теміржол құрамдарын ағытпай көмірді нақты тиеу процесін енгізу.

Жобаның ағымдағы жағдайы:

ThyssenKrupp жабдығын жеткізу 100% - ға жүзеге асырылды, қазіргі уақытта электр жабдығының ҚМЖ және ІҚЖ (Стакер, Уатқыш ауыстырып тиеу пункттері, Таспалы көтергіш конвейері, Барабанды реклаймер) жүргізілуде. Желге қарсы қоршауды орнату, сондай-ақ іске қосу үшін конвейер таспасын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Металл құрылымдарын монтаждау, барлық жабдықтарды ірілендіріп жинау - 90% - ға жүзеге асырылды.

Бетон, іргетас жұмыстарының дайындығы - 92%.

Жоба бойынша жоспарланатын іс-шаралар:

  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау –2022 ж. III тоқсаны.
  • Іске қосу-жөндеу жұмыстары және пайдалануға беру –2022 ж. IV тоқсаны.

 photo12 AJK podstanc

Жобаны іске асыру мақсаты:

Электр желілерінің тозу деңгейін төмендету.

Трансформаторлық қуатты ұлғайту, жаңа және жұмыс істеп тұрған тұтынушылар үшін қуат тапшылығын жабу мақсатында қайта жаңарту, жаңғырту және жаңа құрылыс салу.

Электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және технологиялық бұзушылықтарды азайту мақсатында жаңа тұтынушыларды қосуды талап етпейтін артық жүктелген және нормативтік мерзімі өткен кабельдік желілерді ауыстыра отырып, электр желілерін реконструкциялау.

Жобаның сипаттамасы:

Алматы қаласы бойынша 10-6-0,4 кВ кабель желілерінің жалпы саны 4 424 км құрайды, МЕМСТ-ға сәйкес күштік кабельдердің қызмет ету мерзімі 30 жылды құрайды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша 10-6-0,4 кВ 2 478,76 км кабельдік желі немесе кабельдік желілердің барлық көлемінің 56%-ының пайдалану мерзімі 30 жылдан асады.

Жалпы Алматы қаласы бойынша 948 шақырым кабель желісінің пайдалану мерзімі 50 жылдан асады.

Желілердің тозуы жыл сайынғы апаттылықтың өсуіне және электрмен жабдықтаудағы жиі үзілістерге әкеледі, бұл электр энергиясының жетіспеуіне, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша шығындарға әкеледі. Зақымданудың негізгі себептері: оқшаулаудың ескіруі, тығыздықтың бұзылуы, кабель қабығының коррозиялық тозуы.

Осы жобаны іске асыру шеңберінде жалпы көлемі шамамен 933 км желіні реконструкциялау бойынша ҚҚС-ны есептемегенде жалпы сомасы 91 600 000 мың теңгеге 10-6-0,4 кВ кабельдік желілерді реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды орындау жоспарлануда.

Ағымдағы жағдайы:

Жыл басында ЖСҚ құжаттары негізінде 3 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның 7 нысаны бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде. 3 нысан бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Іске асыру мерзімі: 2022-2030 жж.

Жоспарланған іс-шаралар:

Кезең-кезеңмен жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары 2023-2030 жж.

Пайдалану: 2024-2030 жж.

photo10 Shelekjpg

Жобаның атауы: «Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт, болашақта 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салу».

Жобаны іске асыру мақсаты: Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік міндеттерінің бірі - парниктік газдар шығарындыларын азайту арқылы қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайтуды көздейді. Осындай жобаларды іске асыру мәселесі Қазақстан Республикасы 1997 жылдан бастап қатысушысы болып табылатын БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үшін басым міндеттердің қатарына кіреді. Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ-ның миссиясы мен мынадай стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді:

Жобаның сипаттамасы: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы кентінің жанындағы таңдалған алаң ЖЭС салуға лайық, өйткені онда орташа жылдамдығы 8,1 м/с болатын жақсы жел әлеуеті бар. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына шамамен 226 млн.кВтс электр энергиясын өндіру болжанып отыр.

Іске асыру мерзімі: 2011-2022 жж.

Ағымдағы жағдайыҚазіргі уақытта жоба бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жоба бойынша кешенді сынақтар жүргізілуде.

Жоспарланатын іс-шаралар:

Іске қосу-жөндеу жұмыстары;

Станцияны пайдалануға беру.

Пайдалануға беру – 2022ж. 3 тоқсан.

photo11 Erementau VES 

Жобаның атауы: «Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының маңында қуаты 45 МВт жұмыс істеп тұрған «Ерейментау-1» ЖЭС-ін әрқайсысының қуаты 2,5 МВт екі жел энергетикалық қондырғысына кеңейту».

Жоба іске асыру мақсаты: Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік міндеттерінің бірі - парниктік газдар шығарындыларын азайту арқылы қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайтуды көздейді.

Осындай жобаларды іске асыру мәселесі Қазақстан Республикасы 1997 жылдан бастап қатысушысы болып табылатын БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үшін басым міндеттердің қатарына кіреді. Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ-ның миссиясы мен негізгі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді.

Іске асыру мерзімі: 2019-2023 жж.

Жобаның сипаттамасы: Ерейментау қаласының маңындағы таңдалған алаң ЖЭС салу үшін жарамды, өйткені орташа жылдамдығы 8,5 м/с болатын жоғары жел әлеуеті бар. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына шамамен 19,7 млн.кВтс электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жағдайы:

- ЕҚО-мен аукциондық баға бойынша сатып алу шартына қол қойылды.

- жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарланған іс-шаралар:

- Қаржыландыру көздерін анықтау

- ЖЭҚ орнату бойынша техникалық шешімдерді анықтау (бір ЖЭҚ 5 МВт немесе 2,5 МВт 2 ЖЭҚ)

- ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алу.

- ҚМЖ.

- ЖЭҚ-ты жеткізу және монтаждау.

- Пайдалануға беру - 2023жылдың 4-тоқсаны.

photo9 EWP

Жобаның атауы: «Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу».

Жобаны іске асыру мақсаты: Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ өндірістік міндеттерінің бірі - парниктік газдар шығарындыларын азайту арқылы қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша азайтуды көздейді. Осындай жобаларды іске асыру мәселесі Қазақстан Республикасы 1997 жылдан бастап қатысушысы болып табылатын БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үшін басым міндеттемелердің қатарына кіреді. Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ-ның миссиясы мен негізгі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді.

Жобаның сипаттамасы: Ерейментау қаласының маңындағы таңдалған алаң ЖЭС салуға лайық, өйткені онда орташа жылдамдығы 8,5 м/с болатын жоғары жел әлеуеті бар. ЖЭС қуатын беру үшін электр желілеріне қосылу мүмкіндігі келісілген. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жылына шамамен 215 млн.кВтс электр энергиясын өндіру болжанып отыр.

Іске асыру мерзімі: 2014-2022 жж.

Ағымдағы жағдайы: Қазіргі уақытта жобаның ЖСҚ құжаттарын түзету бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Жоспарланатын іс-шаралар:

- Жоба бойынша «Мемлекеттік сараптама» РМК-дан жобаның ЖСҚ құжаттарын түзетуге қатысты қорытынды алу жоспарланып отыр;

- іске қосу-жөндеу/баптау жұмыстары;

- ЖЭС-ті пайдалануға беру.