tab
Сайтқа кіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің пікірлеріңіздің біз үшін маңызы зор, оларды жұмыс барысында ескереміз. Ұсыныстарыңызды «Пікірлер мен ұсыныстар» қосымша бетіне өту арқылы қалдыра аласыздар. Бірлесіп жұмыс істеуге қуаныштымыз!
«Самрук-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының үндеуі

tab888
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы А.М. Сәтқалиевтің HSE мәселелері бойынша Қор тобының қызметкерлеріне үндеуі
2022 жылдың басталу қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әрбір қызметкері еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жақсартуға қатысуы мен қосқан жеке үлесі туралы ойлануы, қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс орындарында оқыс оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмауға ықпал ететін белгілі бір мақсаттар қоюы қажет. Өткен жылы HSE көрсеткіштері жақсарды. Абсолютті цифрларды көру арқылы біз 2021 жылмен салыстырғанда олардың 10,7%-ға төмендегенін байқаймыз, яғни жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны - 108 адам.
Алайда Қор тобында олардың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстарға қарамастан, өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың саны әлі де орын алуда. Біз мақсатты көрсеткіштерімізден және өндірістегі әр қызметкердің HSE мәселелеріне деген көзқарасын өзгерту үшін бәріміз де көп күш салуымыз керек.
Сондықтан да мен мақсаттарымызға қол жеткізу үшін 2022 жылды Қордың компаниялар тобында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялау туралы шешім қабылдадым:
- Ауыр жарақаттар мен аурулар, сондай-ақ өлім жағдайларын болдырмау;
- Өндірістегі аса қауіпті зардаптармен аяқталатын оқиғаларды болдырмау және саладағы үздік сенімділік көрсеткіштерімен жұмыс істеу;
- Қоршаған орта үшін маңызды тәуекелдерді бағалау және осындай тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету.
Біздің басты міндетіміз - Қор тобы мен мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің күн сайын үйлеріне аман-есен қайтуы үшін жағдай жасау.
Мен HSE мақсаттарымызға қол жеткізуімізге мүдделімін және Сіздерді маған қосылуға шақырамын. Біз бірлесе отырып, қауіпсіз жұмыс істейміз, қоршаған ортаны қорғаймыз, Қазақстанның экономикалық дамуы мен ілгерілеуі үшін қажет өнімді шығара отырып, сенімді және тиімді жұмыс жасаймыз.
Алмасадам Сәтқалиев
tab
Қоғамның еңбекті қорғау саласындағы қызметі
Еңбекті қорғау - Еңбекті қорғау көптеген нормативтік, құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, санитарлық, емдік, профилактикалық, оңалту және басқа да шаралар мен талаптардан тұратын өндірістік процесс барысында жұмысшылардың өмірлік көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін іс-қимыл бағытын білдіреді.
Қауіпсіздік техникасы - жұмыс берушінің қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы процесінде қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар іс-шаралары.
Қоғамның жоғары басшылығы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру тиімділігін арттыру үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне жеке бейілділігін көрсету арқылы еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшыларының тартылу деңгейін арттыру қажет екенін түсінеді.
Қоғамда Басқарма жанында комитеттер, Директорлар кеңесінің жанындағы Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті құрылды. Комитеттердің мақсаты ұзақ мерзімді перспективада Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу жөніндегі мәселелерді қоса алғанда, Директорлар кеңесінің еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Жүзеге асырылатын іс-шаралар:
- персоналдың зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу (жұмыс орындарын аттестациядан өткізу, өндірістік бақылау жүргізу);
- кәсіпорын қызметкерлерінің жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылау;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша еншілес және тәуелді ұйымдарға әдістемелік және ақпараттық көмекті жүзеге асыру;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды ашық тіркеу жүйесіне мониторинг жүргізу;
- жеке жауапкершілік жүйесіне мониторинг жүргізу (қауіпсіздік талондары);
- қауіпсіздік бойынша көшбасшылық мінез-құлық аудитінің жүргізілуін бақылау;
- қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдердің маңыздылығын бағалау;
- әлеуетті-қауіпті оқиғалар туралы хабарлағаны үшін қызметкерлерді көтермелеу тетіктері әзірленді;
- орын алған оқиғалардың түпкілікті (жүйелі) себептерін анықтау мақсатында жазатайым оқиғаларға ішкі тергеу жүргізуге қатысу;
- жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған ықтимал қауіпті оқиғаларды есепке алу және тергеу;
- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбекті қорғау мәселелерін қадағалайтын бөлімшелердің мамандарымен өндірістік объектілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу;
- IOSH, NEBOSH курстарында бірінші басшылар мен еңбекті қорғау мамандарының оқуын бақылау:
- еңбек қауіпсіздігі және Еңбекті қорғау саласындағы оқыс оқиғалар мен бұзушылықтарды тіркеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесінің тұжырымдамасы әзірленді;
- Алдыңғы қатарлы компаниялармен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша жұмыс жүргізілді;
- Қоғамның компаниялар тобы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында конкурс өткізу;
- қауіпсіздік мәдениетін дамыту арқылы ұйым басшыларын тарту және жарақаттанудың нөлдік деңгейіне ұмтылу мақсатында Қоғамның және ЕТҰ-лардың жоғары басшылығымен «Ұйымдағы денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшының рөлі» тақырыбында инфосессия өткізу.
tab
Қоғам Басқармасының өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті
Комитет өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау саласындағы мәселелерді терең және сапалы пысықтау үшін жұмыс істейді.
Комитет Қоғам Басқармасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады, Қоғам Басқармасының шешімдеріне толық есеп береді және Қоғамның құқықтық актісінің өкілеттіктері шеңберінде әрекет етеді. Комитет әзірлеген барлық ұсыныстар Қоғам Басқармасының қарауына берілетін ұсынымдар болып табылады.
Комитет Комитет төрағасынан, Комитет төрағасының орынбасарынан, Қоғамның басшы қызметкерлерінен, жауапты бөлімше басшысынан және өзге де қызметкерлерінен құралған Комитет мүшелерінен тұрады.
Комитетті құру және оның жұмыс істеу тәртібі, оның шешімдерді қабылдау және ресімдеу тәртібі, сондай-ақ Комитет мүшелерінің өкілеттіктерін, жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттері «Самұрық-Энерго» СЭ-ПЛ-05/01» АҚ басқармасының өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ережемен» айқындалады.
Директорлар кеңесінің өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті
Комитет Қоғамның Директорлар кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Комитет өз қызметінде Қоғамның Директорлар кеңесіне толық есеп береді және өзіне Қоғамның Директорлар кеңесі берген өкілеттіктері шеңберінде әрекет етеді. Комитет әзірлеген барлық ұсыныстар ДК қарауына берілетін ұсынымдар болып табылады. Комитет СЭ-ПЛ-03/01 Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ережеге сәйкес өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.