Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы

1958 жылдың 27 мамырында туған.

1981 жылы Алматы энергетика институтын бітірген, жылу энергетикасы инженері.

2000 жылы Алматы энергеттка институтын ЖЭК кәсіпорындарындағы экономика мен менеджмент мамандығы бойынша бітірді.

  • 1981-1983жж. – ОртаАзЭнергоМонтаж іске қосу мен ретке келтіруді басқару шеберінің көмекшісі.
  • 1983-1984 жж. – Алматы Энергетикалық университетінің еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері.
  • 1984-1998 жж. – АЖЭО-2 турбиналық цехінің турбиналық жабдығы бойынша аралап өтуші машинисті, турбиналық цехінің турбиналық бөлімінің аға машинисті, турбиналық цехінің ауысым басшысы, турбиналық цехінің басшысы, «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ-ның бас инженері, басқарушы директоры.
  • 2007-2010 жж. – «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басқарушы директоры (№ 2 ЖЭО).
  • 2010-2011 жж. - «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
  • 2011-2013 жж. – Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.
  • 2013-2014 жж. – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.
  • 2014 жылғы қаңтар айынан бастап – «Генерация» дивизионының басқарушысы.
  • 2016 жылғы наурыз айынан бастап – Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

“Самұрық-Энерго АҚ” акцияларын иеленбейді

Сонымен қатар мына ЕТҰ-ларда Қоғамның өкілі:  «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «БЖЭС» АҚ – Директорлар кеңесінің төрағасы, «ЕГРЭС-1» ЖШС – Байқаушы кеңестің төрағасы,  «Forum Mauder B.V.» АҚ – Директорлар кеңесінің мүшесі, «ЕГРЭС-2 АҚ – Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Атқаратын қызметтері:

  • Қоғам қызметінің мына бағыттары бойынша бақылау жасайды және жұмысты ұйымдастырады: Қоғам мен ЕТҰ-ның өзі қадағалайтын бағыттары бойынша есептілігін дайындау; ЕТҰ-ның өндірістік-техникалық қызметін басқару және бақылау жасау; ЕТҰ-ның республикалық бюджет қаражатын жұмыс көлемінің сапалы әрі уақытылы орындалуына қатысты мақсатты игерілуін үйлестіру және оған қатысты жұмыстарға бақылау жасау; ЕТҰ қызметін үйлестіру және оған бақылау жасау; жұмыс істеп жатқан өндіріс пен күрделі құрылыс бойынша Техникалық саясат пен Жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасын әзірлеу/өзектендіру, келісу, іске асыру және орындалуын мониторингілеу; ЕТҰ-да тарифтік науқанның уақытылы жүргізілуін бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында заңнама талаптарын орындалуын қамтамасыз ету (соның ішінде энергия аудиттерін жүргізу, энергия менеджменті жүйесін ендіру, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарларын, бағдарламаларды орындау және т.б.);
  • қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның инвестициялық бағдарламасын жасау, талдау және орындалуын бақылау;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Қоғамның Даму стратегиясын әзірлеуге және оны іске асыру қатысу;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Акционердің болжалдарын іске асыру;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша Үкіметтің Қоғам қызметіне байланысты стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша арнайы жобаларды қоса алғанда, Қоғамның трансформациялау бағдарламасын әзірлеуге қатысу және оны іске асыру;
  • Қадағалайтын бағыттары бойынша мыналармен: мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, оның ішінде қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ жеке тұлғалармен; жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды және Қоғам атынан өкілдік етеді;
  • қадағалайтын бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқа да қызметтерді атқарады.

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng