«Комплаенс» қызметі басшысының парақшасына қош келдіңіздер!

Дәурен Ақшалов

«Комплаенс» қызметі

 

 

Арнайы сертификатталған Int.Dip. (GRC), Prof.PgDip.(GRC), MICA

халықаралық деңгейіндегі комплаенс маманы

 

 

 

1982 жылы 23 маусымда Жамбыл қаласында (Тараз) туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

 

 

 

Дәурен Ақшалов қаржы секторындағы комплаенс тәуекелдері саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман. Еңбек жолын ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінде мемлекеттік қызмет атқарудан бастады, кейін «Хоум Кредит Банк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ сияқты екінші деңгейлі ірі банктерде комплаенс қызметін дамыту және ендіру, қаржылық мониторинг және корпоративтік басқару саласындағы жобаларды басқарды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ға жұмысқа орналасқанға дейін «Еуразиялық банк» АҚ-да Комплаенс және ішкі бақылау қызметін басқарды.

Білімі, мамандығы, (біліктілігі), лицензиялары:

  • ҚР ІІМ Академиясының Заң институты, үздік «Заңгер» мамандығы
  • Халықаралық бизнес университеті (UIB) Менеджмент бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА)
  • Int.Dip.(GRC) – ICA International Diploma in Governance, Risk & Compliance  International Compliance Association (Ұлыбритания)
  • Prof.PgDip.(GRC) – ICA Professional Postgraduate Diploma in Governance, Risk & Compliance от International Compliance Association (Ұлыбритания)
  • International Compliance Association мүшесі (MICA)

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметінің басшысы болып тағайындалды.

«Комплаенс» (англ. compliance - сәйкестік) – бұл қағидаларды, заңдарды, саясаттарды және стандарттарды сақтау. Бірінші кезекте бұл әлемнің озық тәжірибеге негізделген  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен байланысты.

«Комплаенс» қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ портфельді компанияларында қолданылатын комплаенс функциясының референстік моделіне және «Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметі туралы ережеге сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесіне ұйымдық және қызметтік тұрғыдан есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қызметтің негізгі мақсаты Комплаенс бағдарламасын ендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясатты айқындау, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді компанияларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шаралардың іске асырылуына бақылау жасау болып табылады.  

Қызметтің негізгі мақсаты Комплаенс бағдарламасын ендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі саясатты айқындау, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.

Неверный ввод
Представьтесь, пожалуйста.
Укажите верный e-mail.
Укажите тему сообщения.
Введите сообщение.

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng