«Самұрық-Энерго» АҚ ішкі бақылау жүйесі және тәуекелдерді басқару жүйесі туралы ақпарат

«Қоғам қаржылық тұрақтылық пен беделіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін әлеуетті оқиғаларды уақытылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингілеуге және азайтуға бағытталған корпоративтік басқарудың басты элементі ретінде тәуекелдерді басқару жүйесі мен рәсімдерін дамыту маңыздылығын түсінеді».

Тәуекелге бағдар ұстаған басқаруды, сыртқы және ішкі ортаның өзгеістеріне уақытылы әрекет етуді ұйымдастыру, сондай-ақ тәуекелдерді іске асырған кезде мүмкін болатын шығындарды азайту мақсатында Қоғамда және оның негізгі тәуелді және еншілес ұйымдарда тәуекелдерді басқару жүйесін ендіру және жетілдіру ұйымдастырылады: тәуеклдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер құрылды, тәуекледерді басқарумен байланысты мәселелерді алдын ала қарастыру мен мақұлдау үшін Тәуекелдер бойынша комитеттер қалыптастырылады, тоқсан сайын негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі есептер қалыптастырылады, тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі нормативтік құжаттар өзектендіріледі.

Қоғамның Директорлар кеңесі негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі шоғырландырылған тіркелім, тәуекелдер картасы, негізгі тәуекелдерді сипаттап және талдап, тоқсан сайынғы есептер бекітілді. Тәуекелге бағдар ұстаған тәсілді қолдану мақсатында Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғам қызметінің түрлері (инвестициялық, операциялық және қаржылық) бойынша шектелімдерді (тәуекел-тәбетті) бекітті.

Тәуекелдерді сәйкестендіру кезінде Қоғам әлемдік тәжірибеге, салалалық және халықаралық бенчмарктерге, сарапшылық бағалауға, статистикалық деректерге, болған шығындардың деректер қорына, аудиторлық және өзге де тексерістерге және т.б. сүйенеді. Одан әрі бағалау, басқару және мониторингілеу үшін  сәйкестендірілген тәуекелдер компаниялардың тәуекелдер тіркелімі мен картасы болып қалыптастырылады. Тәуекелдер тіркелімі мен картасына кіретін тәуекледер өзектілігі мен маңыздылық деңгейін анықтау үшін үнемі (жылына кемінде бір рет) қайта қаралады.

Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес Қоғам төмендегі тәуекелдерді белгілейді:

  • • стратегиялық;
  • • операциялық;
  • • қаржылық;
  • • құқықтық.

Қазақстан Республикасы экономикасының өсу қарқынының төмендеуі, ұлттық валюта бағамының әлсіреуі, электр энергетикалық нарығы құрылымының өзгеруі мен тарифті оңтайландыру Компанияның қызмет ету талаптарына негізгі әсерін тигізеді. Бұл ретте, өндірудің құны төмен электр энергетикалық көмірдің үлкен қорларының, тиімді энергетикалық қуаттардың және мемлекет пен Жалғыз акционер тарапынан қолдаудың болуы экспорттық әлеуетінің дамуы мен ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндік береді. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының тәуекелдерін сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметіне тән 33 тәуекел сәйкестендірілді және бағаланды, НҚК-лардың шекті мағыналары жаңартылды, тәуекелдердің иелері тәуекелдер факторлары мен оларды азайту жөніндегі шараларды өзектендірді. 2018 жылы орын алған кейбір іске асырылған оқиғаларға байланысты, сондай-ақ Компанияның Ішкі аудит қызметінің тексеріс нәтижелері бойынша есептер негізінде Тәуекелдер тіркелімінен тәуекелдерге қайта бағалау жүргізілді. Аталған қайта бағалау нәтижелері бойынша 12 тәуекел 2019 жылғы Тәуекелдер картасының негізгі аймағына түсті (2018 жылы – 14 негізгі тәуекел).

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng