«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің тізімдері мен функциялары

Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит комитеті

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит комитеті «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 25 мамырдағы шешімімен бекітілген (№ 05/18 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген  Комитет туралы ережесіне сәйкес әрекет етеді.

Аудит комитеті Қоғам акционерлерінің мүддесін үшін әрекет етеді, оның жұмысы Қоғамның Директорлар кеңесіне мына мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы ықпал етуге бағытталған:

  1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне тиімді бақылау жүйесін орнату (оның ішінде, қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығына);
  2. ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігіне, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуына бақылау жасау;
  3. ішкі және сыртқы аудиттің тәуелсіздігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету процесіне бақылау жасау;
  4. Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен қызметкерлеріне сыйақы беру саясаты мен құрылымы бойынша ұсынымдар беру;
  5. Ішкі аудит қызметінің жетекшісі ұсынған Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен/және Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері лауазымдарына үміткерлер үшін біліктілік талаптарын қарау және әзірлеу;
  6. Ішкі аудит қызметі мен «Комплаенс» қызметінің басшысы және/немесе қызметкерлерінің лауазымына үміткерлер үшін біліктілік талаптарын қарау және әзірлеу;
  7. Ішкі аудит қызметі мен «Комплаенс» қызметінің басшысы мен қызметкерлерінің лауазымына үміткерлер бойынша ұсынымдар беру;
  8. орнықты даму мен комплаенс саласындағы тәуекелдерге, қаржылық емес ақпарат пен есептіліктің сапасына бақылау жасайды;
  9. мәмілелердің, сондай-ақ инвестициялық жобалардың тиімділігі мен мақұлдануын бағалау кезінде тәуекелдерді азайту бойынша шараларды ұсынады;
  10. осы Ереженің талаптарына сәйкес басқа мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Аудит комитеті белгіленген тәртіпте мына:

  1. қаржылық есептілік мәселелері бойынша;
  2. ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша;
  3. сыртқы аудит мәселелері бойынша;
  4. ішкі аудит мәселелері бойынша;
  5. заңнамаларды сақтау мәселелері бойынша функцияларды атқарады.

Қоғамның Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы комитеті

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы комитеті өзінің қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 25 мамырдағы шешімімен бекітілген (№ 05/18 хаттама) Тағайындаулар және сыйақы комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Комитет құзыретіне мына мәселелер жатады:

  1. Тәуелсіз директорлар ретінде, Басқарма құрамына және Корпоративтік хатшы ретінде тартылатын үміткерлер үшін біліктілік талаптарын дайындау;
  2. Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Тәуелсіз директорлар ретінде, Басқарма құрамына және Корпоративтік хатшы ретінде тартылатын үміткерлер мен басқа қызметкерлер үшін ұсынымдар дайындау. Сайлануы (тағайындалуы) акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне ғана жатқызылған лауазымдарға үміткерлерді Қоғамның ішкі құжаттарының тиісті ережелері және/немесе акционерлердің өтініштері (тапсырмалары) негізінде Комитет қарастырады;
  3. Директорлар кеңесі мен Басқарма, Директорлар кеңесі Комитеттерінің мүшелері мен Қоғамның Корпоративтік хатшысының сабақтастығын жоспарлау саясатын әзірлеу;
  4. Директорлар кеңесі бекіткен тізбеге сәйкес, Басқарма құрамына үміткерлер мен өзге де басшы қызметкерлерді бағалау;
  5. Қоғам басшылығының сабақтастығын бағалау мен қамтамасыз ету саясатына қатысты ұсынымдар дайындау;
  6. Қоғам Басқармасы мүшелері, Қоғамның Корпоративтік хатшысы қызметінің ынталандырушы негізгі көрсеткіштерін алдын ала қарау, сондай-ақ оларға қол жеткізу бойынша мониторингті жүзеге асыру;
  7. Қоғамның Басқарма мүшелері мен Корпоративтік хатшысының лауазымдарын бағалау. Директорлар кеңесіне Қоғамның Басқарма мүшелері мен Корпоративтік хатшысының Грейдтерін бекіту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қоғамның Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті өз қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 25 мамырдағы шешімімен бекітілген (№ 05/18 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген  Стратегиялық жоспарлау комитеті туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Комитеттің құзыретіне мына мәселелер кіреді:

  1. Миссияны, пайымдауды, мақсаттар мен міндеттерді қоса алғанда, даму стратегиясын алдын ала қарау, сондай-ақ оларды мерзімділікпен қайта қарау;
  2. Қоғамның қолданыстағы даму стратегиясына өзгерістердің ықпалын анықтау үшін экономикалық және бәсекелес ортадағы өзгерістерге мониторинг жүргізу және осы өзгерістерді есепке ала отырып, даму стратегиясын қайта қарауды/қайта бағалауды қамтамасыз ету;
  3. бірігу, қосылу, бөліну, өзгеру нысанында Қоғамды қайта құрумен байланысты стратегиялық шешімдерді әзірлеу бойынша талдау жасау және ұсынымдар беру;
  4. Қоғамның даму стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын алдын ала қарау;
  5. Қоғам акционерінің үміттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын алдын ала қарау;
  6. орнықты даму саласындағы әдістемелік аспектілерге қатысты стратегиялық шешімдерді әзірлеу бойынша ұсынымдарға талдау жасау және оларды ұсыну, сондай-ақ орнықты даму, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелерді қолдану;
  7. инвестициялық жобаларды алдын ала қарау;
  8. инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, оларға мониторинг жүргізу бойынша талдау жасау және ұсынымдар беру;
  9. Қоғамның даму жоспарын (бизнес-жоспарын), Қоғамның есепті кезеңдегі даму жоспарының (бизнес-жоспарының) орындалуы туралы есепті алдын ала қарау, сондай-ақ даму жоспарында жоспарланған кезеңнің алғашқы күнтізбелік жылына Қоғам бюджетін алдын ала қарау.
  10. Қоғамның Трансформациялау бағдарламасы мен оған қатысты Жол картасының іске асыру тиімділігіне талдау жасау.

Қоғамның Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті өз қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 31 наурыздағы шешімімен бекітілген (№ 03/18 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырады.  

Комитеттің құзыретіне мына мәселелер кіреді:

  1. Қоғамның өндірістік қауіпсіздігіне, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді шешуде ДК тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  2. қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тәуекелдерді сәйкестендіру мен басқару бойынша Қоғам саясаттары мен жүйелерінің тиімділігіне бағалау жүргізу;
  3. Қоғам саясаты мен жүйелерін еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамалық және нормативтік талаптардың сақталуына байланысты талдау;
  4. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өліммен аяқталған барлық жазатайым оқиғаларға қатысты есептеріне, сондай-ақ Қоғам ҚБ-ның өз ішінде орын алатын күрделі оқиғалар мен мұндай жағдайлар мен оқиғалар нәтижесінде қабылданатын іс-шараларға талдау жасау;
  5. дұрыс әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын туғызу, ауыр дене еңбегін болдырмау мақсатында өндіріске неғұрлым жетілген технологияларды, жаңа техниканы, өндірістік процестерді автоматтандыру мен механикаландыруды ендіруге жәрдемдесу;
  6. қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлігінде  орнықты даму мәселелерін қарау.

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng