Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

2018 жылы 24 қырқүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 27/18 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1966 жылғы 23 желтоқсанда туған, 1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «экономист» мамандығы бойынша, Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы «Геосистема» ҒӨК ӨҚБ экономист, басшы болып бастаған. 1991-1993 жылдары – «Галакси» брокерлік фирмасының бас бухгалтері.  1993-1998 жылдары –«Асетан» АК директордың орынбасары, директор.

1998-2003 жылдары – «Golden Grain» Агроөндірістік корпорациясы» ЖШС президенті, «Golden Grain Group» ЖАҚ президенті.  

2003-2004 жж. – Астана қаласы тұрғын-үй департаменті бастығының міндетін атқарушы, департамент бастығы.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі. 

2005-2007 жылдары – «Алматы жер» МКК директоры.

2007 жылдан бастап – «Қазақстанның Эксимбанкі» АҚ Басқарушы директоры.

2007-2009 жылдары – «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

2009-2011 жылдары – Павлодар қаласының әкімі, 2011- 2016 жылдардағы кезеңде – Алматы қаласы туризм басқармасының бастығы.

2016- 2018 жж. – «Астық корпорациясы» ҰҚ» Басқарма Төрағасы.

2018 жылғы 25 мамырдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма бастығының міндетін атқарушы. 

2018 жылғы 27 шілдеден бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы.

2001 жылы «Құрмет» орденімен наградталған.

  • Қаз
  • Рус
  • Eng