Нұрлан Құсайынұлы Рахметов

Директор

Нұрлан Құсайынұлы Рахметов

«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директоры. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мүддесін білдіретін өкіл.. 2017 жылы 28 қаңтарда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 03/17 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 24.09.1965 ж.

Білімі:

  • 1987 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
  • Физика-математика ғылымдарының кандидаты.
  • Global Executive MBA (IE Business School, Madrid) дипломдарының иегері

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1990 - 1991 жылдар - ҚазССР ҒА Математика және механика институтының кіші ғылыми қызметкері.
  • 1991 - 1996 жылдар - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің математикалық талдау кафедрасының аға оқытушысы.
  • 1996 - 1998 жылдар - «BUTYA» компаниясының экономисі, жоспарлау-қаржы бөлімінің бастығы, қаржы директоры.
  • 1998 жыл - «Қазақстан Темір жолы» РМК бас директорының орынбасары.
  • 1998 - 2001 жылдар – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі талдау және болжамдау департаментінің директоры.
  • 2001 - 2002 жылдар – ҚР Мемлекеттік кіріс вице-министрі.
  • 2002 - 2003 жылдар – ҚР Қаржы вице-министрі.
  • 2003 - 2004 жылдар - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ және «Intergas Central Asia» ЖАҚ бас директорының орынбасары.
  • 2004 - 2006 жылдар - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор.
  • 2006 - 2008 жылдар – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы.
  • 2008 жылғы қарашадан - «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры.
  • 2011 жылғы мамырдан 2014 жылдың мамырына дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі.
  • 2014 жылғы наурыздан 2016 жылғы қаңтарға дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ қаржы директоры – Басқарма мүшесі.
  • 2016 жылғы қаңтардан – 2018 жылғы қаңтарға дейін ҚР Үкіметімен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор.

Қоса атқару және ДК-ге мүшелік бойынша жұмыс: 2012ж. қазаннан 2016ж. наурызға дейін «Қазмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Қоғамның, жеткізушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етуі: иелік етпейді.

Директорлар кеңесінде жұмыс атқарғаны үшін Директорлар кеңесінің акционердің өкілі болып табылатын мүшелеріне сыйақы төленбейді.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng